Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы от 16.07.2007 г. № 128 (Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы)
1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар белгіленсін (қосымшаға сәйкес).
2. Ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдары орналастырылатын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Күршім ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 04 - сәуірдегі № 24 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы»
қаулысының күші жойылды деп танылсын (Күршім ауданының Әділет басқармасында 2007 жылы 7-сәуірінде тіркелген. Тіркеу № 5-14-47, «Рауан» газетінің 14-нөмірінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
5. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Күршім аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
А. А.Рахман
Күршім ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 16 шілдедегі
№128 қаулысымен бекітілген
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Аппарат басшысы
Қ.Әзімбаев