Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/315
- Қабылданған күні
- 09.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2016 · қолданыстағы 34491_90312.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KL000033
- ЭКБ идентификаторы
- 34491
- Редакция идентификаторы
- 34491_90312
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:23
0 Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзгеде инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Жаңаарқа аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Аудан әкімдігіне төмендегідей ұсыныс берілсін:
тиісті мемлекеттік органдар тарапынан өтетін облыстық және жергілікті маңызы бар арнайы іс-шаралар төмендегі нысандар аумағында (№ 1 қосымша) сәйкес өткілсін.
қоғамдық - саяси сипаттағы мемлекеттік емес іс-шараларды аудандық қорғаныс бөлімінің ғимаратының алдындағы алаңда өткізілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Басқа алаңдар мен гүлдарлар, олардың сәулеттік және қызметтік пайдалануына сай ресми және мәдени-сауық шараларды өткізуге үшін деп анықталсын.
4 4. Осы шешім аудандық Әділет басқармасына тіркелгеннен және ақпарат көздеріне жариялағаннан кейін күшіне енеді.
5 Аудандық Мәслихаттың
9 шілде 2007 жылғы
№ 39/315 шешіміне
№ 1 қосымша