Қолданыстағы ред. 05.06.2007 (Редакция 34506_309369.kaz)

Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы от 05.06.2007 г. № 36-4 (Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы)

0

Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесі бекітілсін.

2

2. Бөрлі аудандық мәслихатының шешімдері:

1

1) «Аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы» Бөрлі аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қазандағы № 25-7 шешімі (2002 жылғы 14 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1844 нөмірмен тіркелген және «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінін 2002 жылғы 27 қарашадағы № 94 жарияланған);

2

2) «2002 жылғы 30 қазандағы № 25-7«Аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы» мәслихатының шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Бөрлі аудандық мәслихатының 2005 жылғы 23 наурыздағы №14-5 шешімі (2005 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-3-5 нөмірмен тіркелген, «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести». газетінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 39-40 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Осы шешімі қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес күшіне енеді.

6. Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін гұрғың үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы ЕРЕЖЕ

Бөрлі аудандық мәслихатының
2007 жылғы 5 маусымдағы №36-4 шешімімен бекітілген
Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін гұрғың үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Тұрғын үй көмегі

1. Тұрғын үй көмегі

1

1. Тұрғьш үй көмегі - халықтың тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйдің меншік нысанына, арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың басқа да түрлеріне қарамай берілетін тұрғьн үй ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған өтемақы.

2

2. Тұрғын үй көмегі Ақсай қаласы аумағында тұракты тұратын тұрғын үй иелеріне немесе меншігінде тұрғын үйі жоқ жалдаушы Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындалады.

3

3. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі отбасының жиынтық табысынан 30 %, ал жалғызбасты және ерлізайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетін азаматтарға, тұл жетім балалар, ата - анасыз қалған балалармен бірге тұратын қорғаншылар, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе 3 жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырғаң баласымен бірге тұратын зейнеткерлер, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 15 % көлемінде. белгіленсін.

4

4. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үй иесінің (жалдаушы) өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шеңберінде тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын жоғары шығын деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

5

5. Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енеді: пайдалану шығындары, су, канализациямен қамтамасыз ету, қолайлы орналасқан пәтерлерде канализация болмаған жағдайда ағынды суларды шығару ескеріледі, газ, электр, су, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі.

6

6. Азаматтардың келесі санаттары үшін тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен белгіленген пайдаланып отырған бір тұрғын үй бірлігі көлемінде, бірақ 64 шаршы метрден аспайтын болып белгіленсін: зейнеткерлер, жалпы ауру бойынша мүгедектер және оларды күтетін азаматтар, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған баладармен бірге тұратын қорғаншылар және басқа санаттағы азаматтар үшін тұрғын үй алаңының нормасы шегінде белгіленсін.

7

7. Тұрғын үй көмегі Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен ұсынылады.

8

8. Жеке меншігінде бір тұрғын үй бірлігінен артық тұрғын үй немесе тұрғын үйін жалға немесе жартылай жалға берген тұлға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
Күтімге мұктаж деп танылған тұлғаларды күтіп отырған немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаға, туберкулезбен ауыратын азаматтарға, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік миссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери міндетін атқармайтын, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз статусы берілген айдан бастап тағайындалады.

9

9. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешіледі.

10

10. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын үй меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын үй ұстау және және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде аударым арқылы ұсынылады және қызмет көрсетуші кәсіпорындарының есеп шоттарына аударылады(жеке есеп шотқа сәйкес белгіленген нысанда).
Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналды қызметтерді, пайдалану үшін белгіленген нормаларға сәйкес есептелген нақты төлемақы сомасынан аспауы тиіс.

11

11. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Ұлттық банкісінің келісімімен Қаржы министрлігі тізімін бекіткен екінші дәрежелі банктер арқылы, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген қаржы есебінен азаматтардың салық шоттарына аудару жолымен төленетін болып белгіленсін.
Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі мен шарттары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, тиісті банкімен және алушы арасында жасалған үшжақты келісіммен белгіленеді.

12

12. Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойына алты ай мерзімге тағайындалады.Жаңа мерзімге көмек алғашқы процедураға сәйкес ресімделеді.
Отбасының тұрғын үй үстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға жұмсай алатын шығын деңгейі, отбасының табыс мөлшері, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері өзгерген жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы уақытында есептелмеген табысын бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.

13

13. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде 10 күн мерзім ішінде (отбасы құрамы, бюджеті, жылжамайтын мүлік алуы және пәтер жалдаушылар жіберуі т.б.), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қасақана қате мәліметтер бергендігі салдарынан заңсыз көмек тағайындалып, тағайындалған көмек деңгейі заңсыз көтермеленген болса, меншік иесі (жалдаушы) тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде, бас тартқан жащайда-сот тәртібімен қайтарыуы тиіс.

2. 2. Тұрғын үй көмегін есептеу

2. Тұрғын үй көмегін есептеу

14

14. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі шешім тұрғын үй иесінің (жалдаушы) арызы мен оған тіркелген жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, (үй кітабы), пайдаланып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат) тұрғын үй кұжаттарының көшірмесі (жекешелендіру,сыйға тарту, сатып алу-сату, жалға беру т.б. жөнінде келісім шарттар), Батыс Қазақстан облысының әділет Департаменті Бөрлі ауданының әділет басқармасынан жылжымайтын мүлік жөнінде аңықтама (жылына 1рет), мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат,алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес отбасының өткен жарты жылдық табыстары жөнінде мәлімет, тұрғын үй ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі (алдыңғы жартыжылдыққа) ақысын төлеу бойынша төлем құжаттары (түбіртектер мен кітапшалар) негізінде қабылданады. Сондықтан тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларында тіркелей қарастырылған жағдайларды коспағанда, басқа төлем кұжаттары тіркелмейді. Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында өтініш білдірген кездегі отбасы құрамының табысы ескеріледі. Отбасының орташа жиынтық табысы өтініш білдіргенге дейінгі отбасының өткен мерзімге жиынтық табысын айларға бөлу арқылы жүзеге асырылады.

15

15. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша отбасына шарт және тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану шығындары жөнінде мәлімет жасалады. Мәліметтерде көмек тағайьндау есебі көрсетіледі. Шарттың бір данасы тұрғын үйдің меншік иесінде (жалдаушында) сақталады. Шарт тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.

16

16. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, отбасының табыстары жөнінде қосымша ақпарат сұратуға қукылы.

17

17. Отбасының бюджетіне (табыстары) кәсіпкерлік қызметін алатын отбасының барлық мүшелерінің: еңбекақы түрінде алатын табыстары, мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жардемақы, өтемақы),балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар, бала тууға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны қоспағанда отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбекақы түріне алатын, жеке косалқы шаруашылығынан түскен табыстары енеді.

18

18. Алушының көмек сомасы төлем органының кінәсінен дер кезінде есептелмеген жығдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленеді.

3. 3. Тұрғын үй көмек қаржыландыру көзі

3. Тұрғын үй көмек қаржыландыру көзі

19

19. Барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

20

20. Жыл сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тұрғын үй көмегін қаржыландыруға бюджеттік сұраным дайындалып, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қаржы бөлімі ақшалай қаржыны ай сайын аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аударады. Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ай сайын тағайындалған және төленген сома жөнінде мәліметті назарға алу үшін аудандық қаржы бөліміне ұсынып отырады.

21

21. Қате ресімделген құжаттар бойынша тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалған жағдайда кінәлі лауазым иелері заң тәртібі бойынша жауапқа тартылады.