Об ограничениях на период высокой пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об ограничениях на период высокой пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Өрт шығу қаупі жоғары кезеңінде Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағындағы шектеулер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-7/272
- Қабылданған күні
- 23.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2008 34522_173569.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07B0003232
- ЭКБ идентификаторы
- 34522
- Редакция идентификаторы
- 34522_173569
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:14
0 Өрт шығу қаупі жоғары кезеңінде Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағындағы шектеулер туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 63 бабы 4-тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әділет департаментімен 2007 жылғы 22 ақпандағы № 3216 тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/18 "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, орман өсіру, орманды күзету және қорғау жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 15-тармағын орындау мақсатында және өрт қаупі жоғары кезеңінің басталуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өрт қаупі жоғары кезеңінде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуын және онда көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргізуге шектеу қойылсын.
2 2. "Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті"»мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақмола облысының ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып өрт шығу қаупі жоғары кезеңінде орман өртенуі бойынша ең қауіпті учаскелерге кіре берістің басты жолдарында пост бекеттерін қоюды қамтамасыз етсін.
3
3. "Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының әкімдігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақмола облысының ішкі істер департаменті" (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелеріне орман алқабында өрт шығу қаупі жоғары кезеңінің басталғаны туралы ақпаратты дер кезінде тапсырсын.