Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республиқасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занынын 18-1 шi бабына сәйкес аудандық Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 28.05.2007 г. № 970 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынтан жұмыс берушілерді ipiктey тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б. Сқабаев) уәкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолдансқа енгізіледі.
Әкімдік мүшелері:
М. Қамаубаев
Е. Айдарбеков
Б. Рахымбаев
С. Смағұлов
К. Халықов
К. Күлтебаев
Ұсыныс енгізуші:
Аудандық Әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 970 санды қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді ipiктey ТӘРТІБІ
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді ipiктеу тәртібі (бұдан-әрі-Тәртіп) Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында жасалған.
1. Жалпы ереже.
1. Осы ереже өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және қаржыландыруын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.
2. Осы ережеде қолданылатын, негізгі түсініктемелер:
1)әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
2)жұмыс беруші-қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға:
3. Әлеуметтік жұмыс орны үш ай мерзіміне беріледі.
4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сактандыру заңдары өз күшін сақтайды.
2. Жұмыс берушілерді ipiктey Tәpтiбi.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі өлшемдер бойынша іріктеледі.
1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арнаулы тиіс;
2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбайды;
3)жұмыс берушінің жартылай жұмыс күнің немесе ыңғайлы кесте бойынша жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
4)әлеуметтік жұмыс орындары экономикқалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органмен жұмыс түрі,көлемі, мөлшері және еңбеқақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімі көрсетілген келісім шарт жасайды.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
7. «Еңбек туралы» Заң негізінде жасалған ай caйынға жеке еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды бақылау
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылау заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.