Су тасқынына қарсы
іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі №19-1 Заңының 5 және 13 баптарына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 акпандағы №41 Қаулысын негізге ала отырып, су тасқынынан халықтың кауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудан экономикасына келетін зияндьі азайту мақсатында Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы от 27.03.2007 г. № 814 (Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы)
1. 2007 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды жеделдетіп атқару мақсатында аудандық комиссия құрамы бекітілсін (қосымша №1), су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша №2).
2. Қала, ауылдық окруттері әкімдеріне:
1) Су тасқыны кезеңіне жұмыс топтарын құрып, олардың тұракты бару орындарын анықтасын, кезекші көлік бекітсін.
2) 2007 жылдың сәуір-мамыр айларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын, күн сайын аудандық кұрылыс бөлімінің төтенше жағдай жөніндегі бас маманына ақпарат берсін.
3) Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малдарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жоспарлар жасап, қажетті техникаларды дайындықта ұстасын.
3. «Қазақавтожолы» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ДЭУ-33 мекемесіне (Оқасов С.Ш.) 2007 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімінде су тасқыны және мұз бөгеттерін болдырмау үшін автомобиль жолдарындағы инженерлік құрылғыларды тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау ұсыңылсын.
4. Су тасқыны кезеңінде елді мекендерде, Үйдене су қоймасында тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру «Қазақтелеком АҚ Зайсан
аудандық телекоммуникациялар торабы" мекемесіне (Нұрасылов Ө.И.) ұсынылсын.
5. "ШҚ өңірлік энергетика компаниясы» Оңтүстік аймақтық филиалының Зайсан электр желілері бөлімшесіне (Жансейітов Е.У.) су тасқыны кезінде аудан көлемінде электр жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. «Шығыс су шаруашылығы» РМК Зайсан аудандық өндірістік пайдалану бөлімшесіне (Қожекенов Ә.З.) Үйдене су қоймасындағы су деңгейін тұрақты қадағалау, қауіпті деңгейге жеткізбей реттеп отыру, авариялық ашып-жапқыштарды алдын- ала тексеру ұсынылсын.
7. Шығыс Қазакстан облысы денсаулық сақтау департаментінің өкілі (Гайсина Н.К.) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталықтандырылған дәрі-дәрмектер қорын жасау ұсынылсын.
8. Аудандық ауыл шаруашылық бөліміне (Уәли М.Қ.) егістік жерлерді, тоғамдарды су тасқындарынан аман сақтау және су басатын қауіпті аймақтардан адамдарды, малдарды көшіру жұмыстарын ұйымдастыру міндеттелсін.
9. Су тасқынына қарсы іс -шараларға жедел басшылық және осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Зайнулдинге жүктелсін.
10. «Су тасқынының алдын алу іс-шаралары туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 06 сәуірдегі №317, "Зайсан ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2006 жылғы 25 мамырдағы тіркелген №5-11-40 қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
11. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне
енеді.
Аудан әкімдігінің № 814
27 наурыздағы 2007 жылғы
қаулысына қосымша № 1
2007 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды атқару жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аппарат басшысы
Н.Бейсенов
Аудан әкімдігінің № 814
27 наурыздағы 2007 жылғы
қаулысына қосымша № 2
2007 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары
Аппарат басшысы
Н.Бейсенов