О Правилах оказания жилищной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы № 949 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Абонент телефонға жоғары тарифпен төлеуге кейбір сұрақтарға компенсация туралы» және «Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері туралы» № 420 2007 жылғы 9 шілдегі Қостанай ауданының әкімдігінің қаулы негізінде мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері (№ 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай аудандық мәслихатының шешімдері: № 14 2003 жылғы 22
қазандағы «Тұрғын үйлік көмек көрсету шағын әлеуметтік (азаматтар)
қамсыздандыру Ережелері туралы» және еңбекақыдан кірістер есептеу
Ережелері (2003 жылғы 12 қарашадағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2584, 2003
жылғы 21 қарашадағы № 49 «Көзқарас -Взгляд» газетінде жарияланды), № 38 2004 жылғы 19 ақпандағы «Қостанай аудандық мәслихатының
шешіміне «Тұрғын үйлік көмек көрсету шағын әлеуметтік (азаматтар) қамсыздандыру Ережелері туралы және еңбекақыдан кірістер есептеу
Ережелері (2004 жылғы 9 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2801, 2004 жылғы 26 наурыздағы № 12 «Көзқарас - Взгляд газетінде жарияланды ),
№ 248 2006 жылғы 2 ақпандағы Қостанай аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 14 2003 жылғы 22 қазандағы «Тұрғын үйлік көмек көрсету шағын әлеуметтік (азаматтар) қамсыздандыру Ережелері туралың және еңбекақыдан кірістер есептеу Ережелері 2006 жылғы 14 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-31, 2006 жылғы 24 ақпандағы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 14 2003 жылғы 22 қазандағы «Тұрғын үйлік көмек көрсету шағын әлеуметтік (азаматтар) қамсыздандыру Ережелері туралың және еңбекақыдан кірістер есептеу Ережелері (2007 жылғы 12 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-55, 2007 жылғы 16 наурыздағы № 10 «Көзқарас - Взгляд» газетінде жарияланды ) күшін жоғалты деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім күнтізбелік он күннен кейін бірінші рет ресми жариялған бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Тұргын үйлік көмек корсету Ережелері
Әкімдіктің
2007 жылғы 16 шілдедегі
№ 435 қаулысына
қосымша
Тұргын үйлік көмек корсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үйлік көмек халықты әлеуметтік қорғаудың формаларының бірі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлік көмек үйді ұстау төлеміне (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жергілікті атқарушы органдардың жеке тұрғын үйлік қордан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдық төлемге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйлік көмекке ауданда тұрақты тұратын және тұрғын үй иелері немесе жалдаушылар (жалға алушылар) болып табылатын отбасылардың (азаматтардың) құқысы бар. |
Тармақ 4
4. Тұрғын үйлік көмек тұрғын үйді ұстауға төлемге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға осы мақсатқа максималды мүмкін шығындар үлесіне нақты шығындар артқан кезде жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға максималды мүмкін шығындардың үлесі орталық жылу жүйесін пайдаланатын отбасының жиынтық кірісіне жиырма процент және жеке жылу жүйесі бар және тұрғын жайларды жылытуға газ пайдаланатын отбасы кірісіне отыз пайыз көлемде белгіленеді.
Бір адамға шаққандағы кірісі зейнетақының минималды көлемінен аспайтын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында, мемлекеттік базалық зейнетақы төлем көлемін есепке алумен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға максималды мүмкін шығындар он сегіз пайыз көлемінде қабылданады, ауданның құрметті азаматтарына коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларының 1-тарауындағы 6-тармағында және 1-тараудың 7-тармағында көрсетілген аудан нормаларын есепке алумен коммуналдық қызметтерге төлем сомасы толығымен өтеледі.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдері жалпы негізде белгіленген нормадан асыра жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне жай беру нормасына тең және әр адамға он сегіз шаршы метр пайдалы ауданды кұрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес.
Тармақ 7
7. Есептеу құралдары (жылу энергиясы, сумен қамтамасыз ету, газ, канализация, электр қуаты, қоқысты тазарту) жоқ тұтынушылар үшін өтемдік
шараларды қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 8
8. Егер тұргын үйді ұстауға және коммуналдық кызметтерді тутынуға нормативтер мен тарифтер белгіленген заңнамалық тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұгынушылар үшін есепке алынған шығындары есепке алу құралдарынын корсеткіші негізінде қызметтер толық көлемде керсетілген алдыңғы тоқсанга немесе соңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша анықталады, бірақ есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтер шығынының нормаларынан көп емес.
Тармақ 10
10. Электр қуаты төлемі бойынша шығындарды өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі, бірақ бір адамға айына қырық бес киловаттан артық емес.
Тарау 2. 2. Тұрғын үйлік көмекті тағайындаудың тәртібі
2. Тұрғын үйлік көмекті тағайындаудың тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын үйлік көмек алуға құқылы тұлғалар Қостанай ауданы
әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай-уәкілетті орган) мына құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) арыз;
Тармақша 2
2) арыз берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) пәтер жоспарының көшірмесі (жылына бір рет);
Тармақша 4
4) тұрғын үйді жалдаушылар (жалға берушілер) үшін жалға беру (жал)
келісім-шартының көшірмесі (жылына бір рет);
Тармақша 5
5) арыз берушінің тұрғылықты жерін және отбасы құрамын растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, тұрғындарды есепке алу кітабы, селолық округтер әкімдерінің анықтамалары);
Тармақша 6
6) кірістер туралы құжаттар: өткен тоқсанға жалақы туралы анықтама, зейнетақы куәлігінің көшірмесі (зейнеткерлер, мүгедектер және басқа да жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төлем алушылар үшін зейнетақы мен жәрдемақы көлемі туралы);
Тармақша 7
7) оқушылар мен студенттер, күндізгі оқу формасының тыңдаушылары мен курсанттары үшін оқу орнынан анықтама;
Тармақша 8
8) тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге келісім-шарттар (жылына бір рет).
Жылжымайтын мүліктің барлығы туралы мәліметтер «Қостанай ауданыңың әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі тізімімен уәкілетті органның сұрауы бойынша беріледі (келісім бойынша). Арыз берушінің және онымен бірге тұратын жасы он сегізге толған барлық отбасы мүшелерінің жеке еңбек қызметімен айналысуы туралы мәліметтер уәкілетті органның сұрауы бойынша Қостанай ауданы бойынша салық комитетінің тізімімен беріледі (келісім бойынша).
Коммуналдық қызметтерге төлемге нақты шығындарды растайтын есепке алу құралдарының барлығы туралы мәліметтер уәкілетті органның сұрауы бойынша Қостанай ауданы әкімиятының «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» коммуналдық мемлекеттің кәсіпорынның, «Қостанайгаз» мелмекеттік коммуналдық кәсіпорынның Затобол газбен қамту цехының «Қостанай Қуат Орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай аудандық электр желісінің, «База сжиженного газа Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, Қостанай ауданы әкімдігінің «Горизонт» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі бойынша беріледі.
Тармақ 12
12. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірмеде уәкілетті органға беріледі. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы арыз берушіге қайтарылады. Уәкілетті орган қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және оларды іс папкасына тігеді.
Тармақ 13
13. Жеке меншігінде бір бірліктен астам жалға беретін тұрғын жайлары (пәтерлер, үйлер) бар тұлғалар тұрғын үйлік көмек алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 14
14. Құрамында еңбекке жарамды жұмысы істемейтін, оқымайтын, әскри қызметін өтемейтін және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үйлік көмек алуға құқылары жоқ. Құқықтары бұл талапқа бағынбайтын тұлғалар:
Тармақша 1
1) жастары әйелдер-елу алты, және ерлер-алпыс бір жасқа жеткен тұлғалар;
Тармақша 2
2) бір айдан артық стационарлық емдеуде болған азаматтар;
Тармақша 3
3) емдеу мекемелерінде тұрақты емделудегі туберкулезбен, онкологиялық, психикалық аурулармен ауыратын және дәрігерлік-консультациялық комиссияның уақытша еңбекке жарамсыздық туралы қорытындысы бар азаматтар;
Тармақша 4
4) оқушылар мен студенттер, магистратура мен аспирантураны қосқанда күндізгі оқу формасындағы тыңдаушылар мен курсанттар;
Тармақша 5
5) бірінші топтағы мүгедектерді күтумен айналысатын азаматтар, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, сексен жастан асқан тұлғалар, жеті жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 15
15. Құрамында дәлелді себепсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан, қоғамдық жұмыстарға қатысудан. Оқыту немесе қайта оқытудан бас тартқан мүшелері бар отбасылар тұрғын үйлік көмек алуға құқығынан алты ай мерзімге дейін айрылады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үйлік көмек алушылар берілген тапсырылған құжаттардың анықтығына жауап береді жэне түрғын үй бөлуге әсер ететін кез-келген өзгерістер жайлы, сондай-ақ оның қате бөліну оқиғалары туралы мәліметтерді он күн мерзім ішінде беру керек.
Тармақ 17
17. Асыра немесе заңсыз төлемдерге әкеп соғатын дұрыс емес мәліметтер берілген жағдайда тұрғын үйлік көмек алу аударылған төлемдерді өз бетімен қайтару жолымен, ал бас тартқан жағдайда — сот тәртібінде толығымен бюджетке қайтарылады.
Тұрғын үйлік көмек тағайындау үшін дұрыс емес мәліметтер бергені үшін тұрғын үйлік көмек алушылар комиссия шешімі бойынша бір жылға дейін оны алуға құқығынан айырылады.
Тармақ 18
18. Тұрғын үйлік көмек тағайындау туралы шешімді уәкілетті орган шығарады. Даулы мәселелерде шешім тұрғын үйлік көмек көрсету бойынша комиссиямен шығарылады (әрі қарай - комиссия).
Тармақ 19
19. Берілген құжаттардың қорытындысы бойынша тұрғын жайдын иесі немесе жалдаушы (жалға алушы) мен уәкілетті орган арасында келісім-шартқа қол қойылады.
Тармақ 20
20. Тұрғын үйлік көмек зейнеткерлер мен мүгедектерге жылу беру маусымы мерзіміне, басқа азаматтарға құжат тапсырған айдан бастап ағымдағы тоқсанға (бірінші тоқсаннан басқа, онда тұрғын үйлік көмекті тағайындау жылу маусымының ресми аяқталуына байланысты жүргізіледі) тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттарды қабылдау айдың 24-іне дейін аяқталады.
Тармақ 21
21. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға отбасының максималды көп шығындарының үлесі өзгерген жағдайда, уәкілетті органмен бұрын аударылған соманы қайта есептеу жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Тұрғын үйлік көмектің көлемі осы отбасының бұл мақсаттарға шығындарының максималды мүмкін деңгейімен, өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін нормаларының және тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынудың тарифтері бойынша аударылатын сома арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Тармақ 23
23. Тағайындалған тұрғын үйлік көмек тұтас теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектеледі.
Тарау 3. 3. Тұтас табысты есептеу
3. Тұтас табысты есептеу
Тармақ 24
24. Тұрғын үйлік көмек алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісі уәкілетті органмен есегітеледі.
Тармақ 25
25. Отбасының (азаматтың) тұтас табысын анықтау барысында бірге гұрып жатқан, ортақ шаруашылық жүргізетін, бір тұрғылықты жер бойынша тіркелген отбасының барлық кірістері есепке алынады.
Тармақ 26
26. Отбасының (азаматтың) тұтас табысына тұрғын үйлік көмек алуға арыз берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алу көзінен тәуелсіз, ақшалы және табиғи формада Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған кірістердің барлық түрі кіреді.
Тармақ 27
27. Тұрғын үйлік көмекті тағайындау үшін тұтас табысты есептеу барысында отбасының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен, бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақыдан, алименттен, сондай-ақ жеке қосалқы щаруашылықтан, жер үлесінен түскен табыстан, мектептердегі балаларды тегін тамақтандыруға бір реттік әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмектен басқа кірістердің барлық түрі есепке алынады.
Отбасының тұтас табысын есептеу барысында жұмыскермен нақты алынған, еңбекақыдан кірістер есептеледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру және төлеу
4. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру және төлеу
Тармақ 28
28. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үйлік көмек тұрғын үйді ұстауға тұрғын үй иесіне немесе жалдаушыға (жалға алушыға) төленетін сомамен салыстырғанда төлемнің азаюы ретінде азаматтың арызы бойынша аударым формасында қызмет көрсетушілердің есеп-шотына аударылады.
Тармақ 30
30. Уәкілетті орган аударылған сомасы көрсетілген тұрғын үйлік көмек алушылардың тізімін құрайды және шығынды толтыруға жинақтық тізімді ай сайын қаржылық органға береді.
Тармақ 31
31. Қаржылық органдар төлемдік алушылармен жинақтық тізімнің негізінде бюджетте қарастырылған бөлінген сома есебінен уәкілетті органға қаражаттың орнын толтыруды жүргізеді.