Об уполномоченном органе по проведению процедуры банкротсво несостоятельных сельскохозяйственных формирований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об уполномоченном органе по проведению процедуры банкротсво несостоятельных сельскохозяйственных формирований
- Атауы (қаз.)
- Дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарға банкроттық процедура жүргізу жөніндегі ұкілетті орган туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-10
- Қабылданған күні
- 18.01.1999
- Көрсетілген редакция
- 18.01.1999 3467_261876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99D000100_
- ЭКБ идентификаторы
- 3467
- Редакция идентификаторы
- 3467_261876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:22
0 Дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарға банкроттық процедура жүргізу жөніндегі ұкілетті орган туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті банкроттық процедура мен соттан тыс жою процедурасы кезінде кредиторлардың бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша мүдделерін қорғауға, сондай-ақ төлем төлеуге қабілетсіз және дәрменсіз ауыл шаруашылық қўрылымдарды соттан тыс жою процедурасын жүргізуге бастаушы болуға қўқылы өкілетті орган болып белгіленсін.
2. Өкілетті орган туралы Ереже бекітілсін (қосымша).
3. Бўл шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.К. Кәрімоллинге жүктелсін.
5 Облыс Әкімінің 1999 ж.
қаңтардың 18 N 1-10
шешіміне қосымша
Алматы облысының ауыл шаруашылығында банкроттық процедура жүргізу жөніндегі өкілетті орган туралы
ЕРЕЖЕ
1. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті облыс Әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 1-10 шешімімен банкроттық процедура және соттан тыс жою процедурасы кезінде кредиторлардың бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша мүдделерін қорғауға, сондай-ақ төлем төлеуге қабілетсіз және дәрменсіз ауыл шаруашылық қўрылымдарды соттан тыс жою процедурасын жүргізуге бастаушы болуға қўқылы өкілетті орган болып белгіленді.
2. Өкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" (бўдан әрі - Заң) Заңын , басқа да заңдарды, нормативті қўжаттар мен осы Ережені басшылыққа алады.
3. Өкілетті органның негізгі міндеттері:
- облыста ауыл шаруашылығы ўйымдарына қатысты дәрменсіздікті болдырмау және банкроттық туралы заңды іс жүзіне асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
- сауықтыру процедураларын қаржыландыру үшін инвесторлар тарту шараларын ўйымдастыру;
- облыстағы төлем қабілеті төмен (дәрменсіз) ауыл шаруашылық қўрылымдар туралы хабарларды жинап, қорыту, қаржы-экономикалық жағдайына талдау жасау, мониторинг өткізу, сауықтыру және жою әдістері мен формалары жөнінде ўсыныстар жасау;
- банкроттық жөніндегі мамандар дайындау және біліктілігін арттыру;
- кредиторлар комитетінің жўмысына қатысу және процедуралар кезінде мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз ету.
4. Өкілетті орган қўқылы:
- банкроттық процедуралар мен соттан тыс жою процедурасында бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлем төлеу бойынша кредиторлардың мүддесін қорғауға;
- борышкердің немесе несие алушы борышкердің арызы бойынша, сондай-ақ өз бетінше тиісті шешім ўсыну жолымен төлем қабілеті төмен және дәрменсіз шаруашылық ўйымдарды соттан тыс жою процедураларына бастаушы болуға;
- ауыл шаруашылығы ўйымдарының банкроттық туралы ісіне қатысуға;
- борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа арыз беруге;
- Заңда көзделген жағдайларда борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа арыз берген кезде мемлекеттік баж салығынан босатылуға;
- кредиторлар комитетінде орган ретінде ўсынылуға;
- Заң талаптарына сәйкес кредиторлар комитетін қўру және сауықтыру жоспары мен сауықтыруды басқарушының кандидатурасы қаралуы тиіс комитеттің бірінші жиналысын шақыруға;
- жарыс түріндегі өндірісті жүзеге асыру үшін конкурсқа түскен басқарушылар кандидатураларын тағайындау үшін сотқа ўсынуға;
- келісуге ўсынылған борышкердің сауықтыру жөніндегі жоспары мен ауыл шаруашылығы ўйымдарының сауықтыруды басқарушысының кандидатурасын қарауға;
- жүктелген міндеттерді орындау үшін облыстық аумақтық мемлекеттік басқару органдарынан, сондай-ақ ауыл шаруашылық ўйымдардан қажетті қаржылық және басқа да қўжаттарды, хабарламаларды сўрауға және алуға;
- сараптамалар жүргізу мен консультациялар алу үшін заңды және жеке тўлғаларды тартуға, олармен төлем қабілеті төмен және дәрменсіз ауыл шаруашылығы ўйымдарына банкроттық процедуралар жүргізуге келісім-шарт жасасуға.