Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, а также их публикации в средствах массовой информации

Қаулы · № 188 · қабылданған 25.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34677/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, а также их публикации в средствах массовой информации Күшін жойған Қаулы ·№ 188 ·25.06.2007
13.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, а также их публикации в средствах массовой информации

Күшін жойған Қаулы ·№ 188 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, а также их публикации в средствах массовой информации
Атауы (қаз.)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
188
Қабылданған күні
25.06.2007
Көрсетілген редакция
13.02.2012 AI34677_4.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004858_
ЭКБ идентификаторы
34677
Редакция идентификаторы
AI34677_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:28

0 Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 41-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, 55-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына,»"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесі бекітілсін.

2 2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының » "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2387 тіркелген);

2

2) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3786 тіркелген).

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Стратегия және талдау департаментi (М.С. Бөбеев):

1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.

5 5. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

11 Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесі

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы
N 188 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесі

1 1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) біріктірілген есептерін беру тәртібін, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібін айқындайды.

2 2. Біріктірілген есепті Ұйым және осы ұйымның инвестициялық

басқаруында зейнетақы активтері болатын Қор бірлесіп, немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор ағымдағы жылдың әрбір тоқсаны аяқталғанда осы Ереженің қосымшасына сәйкес қалыптастырады.

3 3. Ұйым (осы Ұйымның инвестициялық басқаруында зейнетақы активтері бар әрбір Қордың ауқымында) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор біріктірілген есепті уәкілетті органға есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.

Уәкілетті орган біріктірілген есепті алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оның өзінде бар ақпаратқа сәйкестігін тексереді және оны тексеру нәтижелері бойынша:

1 1) ескертпелер болмаса, Ұйымға және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қорға біріктірілген есептің көрсеткіштері уәкілетті органға берген есептіліктің көрсеткіштеріне сәйкес келетіні туралы жазбаша хабарлайды;

2 2) шынайы емес ақпарат анықталғанда, екі жұмыс күні ішінде ескертулерді жою үшін ол туралы Ұйымға және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қорға хабарлайды.

4

4. Уәкілетті орган біріктірілген есепті алғаннан кейінгі жеті жұмыс күні ішінде оны бар болған ақпаратқа сәйкестігін тексереді және шынайы емес ақпарат анықталғанда ескертулерді екі жұмыс күні ішінде жою үшін Ұйымға және/немесе зейнетақы активтерін дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қорға ол туралы хабарлайды.
Біріктірілген есеп бойынша ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган есептік тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 25 күніне дейін барлық Қорлардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасына әр Қордың жинақталған зейнетақы қаражаттарының пайыздық қатынасы жөніндегі ақпаратты интернет желісіндегі уәкілетті органның ресми сайтында орналастырады.

5

5. Барлық Қорлардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасына әр Қордың жинақталған зейнетақы қаражаттарының пайыздық қатынасы жөніндегі ақпаратты интернет желісіндегі уәкілетті органның ресми сайтында орналастырғаннан кейін біріктірілген есепті жариялауды Ұйым немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор жүзеге асырады. Ұйым және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор»"Активтерді Басқарушылардың қауымдастығы"»қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі - Қауымдастық) біріктірілген есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды тапсырулары мүмкін.

6 6. Біріктірілген есеп есептік тоқсанның екінші айының он бесіне дейін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын, кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жатады.

7

7. Қауымдастық, Ұйым және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор уәкілетті органға біріктірілген есеп жарияланған баспа басылымы парағының көшірмесін (баспа басылымының атауын, оның нөмірін және жарияланған күнін көрсете отырып) жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

8 8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

22 200___ жылғы 1________ жағдай бойынша Қордың және Ұйымның біріктірілген есебі

Жинақтаушы зейнетақы қорларының
және зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ
оларды бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау ережесіне қосымша
200___ жылғы 1________ жағдай бойынша Қордың және Ұйымның біріктірілген есебі
1-кесте. Қорлар және Ұйымдар туралы жалпы ақпарат
                                                    (мың теңгемен)
N
Қор/Ұй­ым
Ка­сто­ди­ан
банк
Жар­ғы­лық
ка­пи­та­лы-
ның
мөл­ше­рі
Ка­пи­тал
мөл­ше­рі
Қор­ға ти­іс­ті
ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­ның
ша­ма­сы (%-бен):
ин­ве­сти­ция-
лық
кі­рі­стен
зей­не­та­қы
ак­тив­те­рі-
нен
1.
2
3
4
5
6
7
2.
Ұй­ым­ның
ата­уы
X
X
X
3.
Зей­не­та­қы
ак­тив­те­рі
Ұй­ым­ның
ин­ве­сти­ция-
лық бас­қа-
руын­да
бо­ла­тын
Қор­дың
ата­уы
4.
Зей­не­та­қы
ак­тив­те­рін
ин­ве­сти­ция-
лық бас­қа-
ру­ды дер­бес
жү­зе­ге
асы­ра­тын
Қор­дың
ата­уы
5.
Қор­лар бой­ын­ша бар­лы­ғы
X
кестенің жалғасы:
Са­лым­шы­лар­дың
(алушы­лар­дың) же­ке
зей­не­та­қы шот­та­ры­ның са­ны:
Зей­нет-
ақы
жар­на-
ла­ры
Есеп­тел­ген
ин­ве­сти­ци­я­лық
кі­ріс
мін­дет-
ті зей-
нета­қы
жар­на-
ла­ры
бой­ын­ша
ерік­ті
зей­нет-
ақы жар-
на­ла­ры
бой­ын­ша
ерік­ті
кә­сі­би
зей­не­та­қы
жар­на­ла­ры
бой­ын­ша
есеп­тік
тоқ­сан
бой­ын­ша
өсу
жиын­ты-
ғы­мен
8
9
10
11
12
13
X
Х
X
X
X
X
кестенің жалғасы:
"Та­за"
ин­ве­сти­ци­я­лық
кі­ріс (ко­мис­сия-
лық сый­а­қы­ны
алып та­с­та­ған­да)
Жи­нақ­тал­ған зей­не­та­қы
қа­ра­жа­ты
Зей­не­та­қы
ак­тив­тер­нің
шар­тты бір­лі­гі-
нің ағым­да­ғы
құ­ны­ның мәні
есеп­тік
тоқ­сан
бой­ын­ша
өсу
жиын­ты-
ғы­мен
со­ма­сы
Қор­лар­дың
жи­нақ­тал­ған
зей­не­та­қы
қа­ра­жат­та­ры-
ның жал­пы
со­ма­сы­на
пай­ы­з­бен
14
15
16
17
18
X
Х
X
X
X
1-кестені толтыру бойынша ереже:

1 1. 4 және 5-бағандарда уәкілетті органға тиісті есептік күнге

Қор мен Ұйым берген бухгалтерлік баланстың көрсеткіштеріне сәйкес
келетін жарғылық және меншікті капиталдың мөлшері көрсетіледі.

2 2. 6 және 7-бағандарда Қор ағымдағы жылға белгілеген және

ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша біріктірілген есепті
жариялағанда көрсетілетін инвестициялық кірістен және зейнетақы
активтерінен түскен комиссиялық сыйақының мөлшерлері көрсетіледі.

3 3. 8-11, 13, 15 және 16-бағандарда Қор қызметі басынан есу

жиынтығымен және Қор уәкілетті органға тиісті есептік күнге берген
әр айлық есептіліктегі ұқсас көрсеткіштерге сәйкес келетін
көрсеткіштер беріледі.

4 4. 17-бағанда барлық Қорлардың жинақталған зейнетақы

қаражаттарының жалпы сомасынан пайызбен есептелген (бүтін саннан
кейін екі ондық белгіге дейін) көрсеткіштер беріледі.

5 5. 18-бағанда Қор есепті айдың соңғы күні бойынша есептеген

зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің ағымдағы құнының мәні
(бүтін саннан кейін бес ондық белгіге дейін) көрсетіледі.

6 6. "Қорлар бойынша барлығы" 5-жол бойынша Ұйымның

көрсеткіштері қосылмайды.

7 7. Кастодиан банк - Қордың зейнетақы активтерін сақтауды және

есепке алуды жүзеге асыратын банк.

8 8. Комиссиялық сыйақының шекті мөлшерін Қазақстан

Республикасының Үкіметі белгілейді, және 2003 жылғы қаңтардан
бастап инвестициялық кірістен - 15% жоғары емес және зейнетақы
активтерінен - айына 0,05% жоғары емес болып белгіленген.
2-кесте. Қорлардың инвестицияланған зейнетақы активтерінің үлесі
N
Қор­дың
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік
ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, оның ішін­де:
Рей­тинг­тік
ба­ға­ла­уы бар
бо­ры­штық
ба­ға­лы
қа­ға­з­дар
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы
ми­ни­стр­лі­гі­нің
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі­нің
> ААА-
тең­ге­мен
ше­тел
ва­лю­та­сын-
да
тең­ге­мен
ше­тел
ва­лю­та-
сын­да
1
2
3
4
5
б
7
Қор­лар бой­ын­ша жиын­тығы
кестенің жалғасы:
Рей­тинг­тік ба­ға­ла­уы бар бо­ры­штық
ба­ға­лы қа­ға­з­дар
АА+
АА-
дей­ін
А+
А-
дей­ін
ВВВ+
ВВВ-
дей­ін/
кzА
АА+
кz
ААА-
дей­ін
ВВ+
ВВ-
дей­ін/
кzА
А+
кz
АА-
дей­ін
кzА+
кz
ВВВ
дей­ін
Бас­қа-
лар
Ре­зи-
дент
емес-
тер-
дің
үле­сі
Ше­тел
ва­лю­та-
сын­да­ғы
үле­сі
8
9
10
11
12
13
14
15
кестенің жалғасы:
Эми­тен­т­ін­де рей­тинг­тік ба­ға­лау бар үле­стік
ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
> ААА-
АА+
АА-
дей­ін
А+
А-
дей­ін
ВВВ+
ВВВ-
дей­ін
/кzА
АА+
kz
ААА-
дей­ін
ВВ+
ВВ-
дей­ін/
kzAА+
кzАА-
дей­ін
кzА+
кz
ВВВ
дей­ін
Бас­қа-
лар
Ре­зи­дент
еме­стер-
дің
үле­сі
Ше­тел
ва­лю-
та­сын-
да­ғы
үле­сі
16
17
18
19
20
21
22
23
24
кестенің жалғасы:
Рей­тинг­тік ба­ға­ла­уы бар ак­ци­я­лар­дың екін­ші дә­ре­же­лі
банк­тер­де­гі са­лым­да­ры
> ААА-
АА+
АА-
дей­ін
А+
А-
дей­ін
ВВВ+
ВВВ-
дей­ін/
кz
ААА+
кz
ААА-
дей­ін
ВВ+
ВВ-
дей­ін/
кzАА+
кzАА-
дей­ін
кzА+
кz
ВВВ
дей­ін
Бас­қа-
лар
Ше­тел
ва­лю-
та­сын-
да­ғы
үле­сі
25
26
27
28
29
30
31
32
кестенің жалғасы:
Бас­қа ак­тив­тер
Но­ми­и­ал­ды кі­рі­стің ко­эф­фи­ци­ен­ті
12 ай­да­ғы
36 ай­да­ғы
60 ай­да­ғы
33
34
35
36
2-кестені толтыру бойынша ереже:

1 1. 3-33-бағандарда барлық Қорлардың зейнетақы активтерінің жалпы құнынан пайызбен есептелген (бүтін саннан кейін екі ондық белгіге дейін) көрсеткіштер беріледі. Осы көрсеткіштердің сомасы (14, 15, 23, 24 және 32-бағандарды қоспағанда) әрбір Қор бойынша 100%-ға тең болуы тиіс.

2 2. 13-бағанда рейтингісіз және/немесе 7-12-бағандарда берілгеннен төмен рейтингі бар борыштық бағалы қағаздардың үлесі көрсетіледі.

3

3. 7-12, 16-21 және 25-30-бағандарда алдыңғы қатардағы мынадай рейтингтік агенттіктер: "Standart & Рооr's", "Мооdy's Investors Service", "Fitch" және олардың еншілес рейтингтік ұйымдары берген рейтингтер көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғасы шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағазда арнайы рейтинг болмаған жағдайда, онда осы борыштық бағалы қағаз эмитенттің рейтингі бойынша ескеріледі.

4 4. 22-бағанда рейтингі жоқ және/немесе 16-21-бағандарда

берілгеннен төмен рейтингі бар үлестік бағалы қағаздардың үлесі
көрсетіледі.

5 5. 31-бағанда акцияларында рейтингі жоқ және/немесе

25-30-бағандарда берілгеннен төмен рейтингі бар екінші деңгейдегі
банктерде орналастырылған салымдардың үлесі көрсетіледі.

6 6. 33-бағанда 3-33, 16-22 және 25-31-бағандарда ескерілмеген қаржы құралдарының, тазартылған қымбат металдардың үлесі, инвестициялық шоттағы қаржының қалдығы және басқа ескерілмеген зейнетақы активтері көрсетіледі.

Қолданыстағы