Құжат мәтініне өту

О государственных премиях Республики Казахстан в области науки и техники, литературы и искусства

Жарлық · № 381 · қабылданған 13.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34721/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О государственных премиях Республики Казахстан в области науки и техники, литературы и искусства Күшін жойған Жарлық ·№ 381 ·13.08.2007
21.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О государственных премиях Республики Казахстан в области науки и техники, литературы и искусства

Күшін жойған Жарлық ·№ 381 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О государственных премиях Республики Казахстан в области науки и техники, литературы и искусства
Атауы (қаз.)
Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
381
Қабылданған күні
13.08.2007
Көрсетілген редакция
21.01.2015 AI34721_18.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U070000381_
ЭКБ идентификаторы
34721
Редакция идентификаторы
AI34721_18
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:09

0 Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы

Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

1 1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;

2 2) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

3 3) Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

4 4) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

5 5) Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

6 6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасы бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

4 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5 5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ

1

1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық және мемлекеттік сыйлықтар) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.

2 2. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына:

республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін;
қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін;
техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;
экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық үрдістер әзірлегені және жасағаны үшін беріледі.
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

3 3. Мемлекеттік сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2007 жылдан бастап беріледі.
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2008 жылдан бастап беріледі.
Екі жылда бір рет үш Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және үш Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріледі.

4 4. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды.

Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

5 5. Мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйақыдан, Мемлекеттік сыйлық лауреатының дипломынан және омырау белгісінен тұрады. Мемлекеттік сыйлық лауреаты дипломының және омырау белгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президенті актісімен бекітіледі.

Комиссиялар мемлекеттік сыйлықтардың ақшалай сыйақы мөлшерлерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде айқындайды.
Дипломдар мен төсбелгісін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

6 6. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер жариялануы, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған сәтке кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуі тиіс.

Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.
Жұмыс Мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.
Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған ретте бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кем дегенде бес жылдан кейін берілуі мүмкін.
Бір автор немесе авторлар ұжымы мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.

7 7. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.
Бір ізденушінің кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.

8 8. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдарының алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми- техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалық органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.

Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсыну туралы шешім осы органдардың қызметін реттейтін регламенттер мен басқа да актілерде белгіленген тәртіппен қабылданады.

9 9. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар мен оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

10 10. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізіледі.

11 11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды;
мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстарды комиссиялардың қарауына ұсынады.

12 12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сыйлықтар беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын олар берілетін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

13 13. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады.

14 14. Мемлекеттік сыйлық ұжымға берілген кезде оның ақшалай сыйақысы авторлары арасында теңдей бөлінеді.

15 15. Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.

Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.

0 Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-

кеңесші орган болып табылады және Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.

2 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

3 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.

4 4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады.

2 2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

5 5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

6 6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

7 7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.

8 8. Комиссияның отырыстары оның төраға бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған жағдайда құқылы. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

9 9. Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік жасырын дауыс беруімен қабылданады. "Құпия" белгісі бар жұмыстарды қарауда және олар бойынша шешім қабылдауда құпия жұмыстар мен мәліметтерге тиісті нысандағы рұқсаты бар Комиссия мүшелері ғана қатысады.

Мемлекеттік сыйлық отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан 50%-тен кем емес дауыс алған жұмысқа беріледі.
Комиссия мүшелері үшеуден аспайтын жұмыс бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешім қабылдайды.
Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан үшеуден артық жұмыс 50%-тен кем емес дауыс жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын алған үш жұмысқа беріледі.
Қажет болған жағдайда бірдей дауыс жинаған, бірақ отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің дауысы санынан 50%-тен кем емес дауыс алған жұмыстар бойынша қайта дауыс беруге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

10 10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның жұмысына қатыспайды.

11 11. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;
Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды және оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды Комиссия атынан бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлерден жұмыстарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың екі теріс қорытындысын алған жұмыстарды одан әрі қарауға ұсынбайды;
Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылымның бағыттары бойынша секцияларға енгізеді;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып, өзінің нақты шығармашылық үлесі бойынша ізденушінің мәлімделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестігін анықтай отырып, мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала іріктеуді жүзеге асырады;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімін авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұжымдарды көрсете отырып, кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді;
жұмыс және ізденушілер туралы мәліметтері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындылары, пікірлер туралы ақпараты бар жиынтық анықтама дайындайды;
Комиссияның отырысынан 10 күн бұрын алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындыларын оның қарауына енгізеді, Комиссия мүшелеріне материалдарды жібереді;
Комиссия қарауының қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің тиісті жобасын әзірлейді;
Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын ресімдеуді және омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.

12 12. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

0 Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.

2 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

3 3. Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.

4 4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады.

2 2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

5 5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

6 6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

7 7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.

8 8. Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Комиссия мен оның секцияларының отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

9 9. Әрбір номинация бойынша Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен:

алдын ала іріктеу кезінде ашық дауыс берумен;
түпкілікті іріктеу кезінде жасырын дауыс беруімен қабылданады.
Егер жасырын дауыс беру қорытындылары бойынша біреуден артық жұмыстар бірдей дауыстар санын алатын болса, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

10 10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның және оның секциясының жұмысына қатыспайды.

11 11. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды алдын ала және түпкілікті іріктеуді жүргізеді;
Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер саласындағы мамандарды тартады;
Комиссия мүшелерін Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстармен танысу үшін олар орналасқан жерлерге жібереді.

12 12. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды әзірлейді;
Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Комиссияның атынан Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды, оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды ұсынған авторлар мен ұйымдарды көрсете отырып, осы жұмыстардың тізімін кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді және нәтижелерін Комиссияға ұсынады;
ұсынылған жұмыстарды Комиссияның қарау қорытындылары бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді;
Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын және омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.

13 13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

0 Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік хат­шы­сы
-
тө­ра­ға
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
-
тө­ра­ға­ның орын­ба­са­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі
-
тө­ра­ға­ның орын­ба­са­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бі­лім және ғы­лым ви­це-ми­ни­стрі
-
хат­шы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті
Айт­хо­жи­на
На­ғи­ма Әбен­қы­зы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Ғы­лым ко­ми­те­ті­нің  «М.А.Айт­хо­жин атын­да­ғы Мо­ле­ку­ляр­лық био­ло­гия және био­хи­мия ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның бас ди­рек­то­ры, био­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ая­ған
Бүр­кіт­бай Ғел­ма­нұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Ғы­лым ко­ми­те­ті­нің «Мем­ле­кет та­рихы ин­сти­ту­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ди­рек­то­ры, та­рих ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Әде­ке­нов
Сер­ға­зы Мы­ң­жа­са­рұ­лы
-
«Фи­то­хи­мия» ха­лы­қа­ра­лық ғы­лы­ми-өн­ді­рі­стік ор­та­лы­ғы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның пре­зи­ден­ті, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, хи­мия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Бай­па­қов
Карл Мол­дах­ме­тұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Ғы­лым ко­ми­те­ті­нің «Ә.Х.Мар­ғұ­лан атын­да­ғы Ар­хео­ло­гия ин­сти­ту­ты» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны­ның бө­лім мең­ге­ру­ші­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, та­рих ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Би­шім­ба­ев
Уә­ли­хан Қо­зы­ке­ұлы
-
тех­ни­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мә­жі­лі­сі­нің де­пу­та­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Да­на­ев
Нар­ғо­зы Тұр­сын­бай­ұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі «әл-Фа­ра­би атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны Ме­ха­ни­ка және ма­те­ма­ти­ка ин­сти­ту­ты­ның ди­рек­то­ры, фи­зи­ка-ма­те­ма­ти­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Дүй­сен­бе­ков
Зай­рол­ла Дүй­сен­бе­кұ­лы
-
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің Ор­та­лық Қа­зақ­стан­дық бө­лім­ше­сі­нің тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Мол­дабе­ков
Мей­ір­бек Мол­даб­е­кұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, тех­ни­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Мұ­қа­шев
Бо­лат Нығ­ме­тұ­лы
-
«Жер ту­ра­лы ғы­лым­дар, ме­тал­лур­гия және кен бай­ы­ту ор­та­лы­ғы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның Фи­зи­ка-тех­ни­ка­лық ин­сти­ту­ты­ның кон­ден­са­ци­я­лан­ған ор­та фи­зи­ка­сы мен жа­ңа ма­те­ри­ал­дар зерт­ха­на­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, фи­зи­ка-ма­те­ма­ти­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Нә­ді­ров
Нә­дір Кә­рі­мұ­лы
-
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ин­же­нер­лік ака­де­ми­я­сы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің бі­рін­ші ви­це-пре­зи­ден­ті, хи­мия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өтел­ба­ев
Мұқ­тар­бай Өтел­бай­ұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі «Л.Н.Гу­ми­лев атын­да­ғы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның ір­ге­лі және қол­дан­ба­лы ма­те­ма­ти­ка ка­фед­рас­ы­ның про­фес­со­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, фи­зи­ка-ма­те­ма­ти­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ра­ман­құ­лов
Ер­лан Мір­хай­да­рұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Ғы­лым ко­ми­те­ті­нің «Ұлт­тық био­тех­но­ло­гия ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның бас ди­рек­то­ры, PhD док­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Са­ға­ди­ев Кен­же­ға­ли
Әбе­нұ­лы
-
эко­но­ми­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сү­лей­ме­нов
Ба­тыр­бек Айт­бай­ұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі «Қ.И.Сәт­ба­ев атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық тех­ни­ка­лық уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стер мен өн­ді­рі­стер­ді ав­то­мат­тан­ды­ру ка­фед­рас­ы­ның мең­ге­ру­ші­сі, тех­ни­ка ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сұл­та­нов
Қу­а­ныш Сұл­та­нұ­лы
-
са­я­си ғы­лым­дар док­то­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жа­нын­да­ғы мем­ле­кет­тік бас­қа­ру ака­де­ми­я­сы­ның про­фес­со­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мә­жі­лі­сі­нің де­пу­та­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сы­ды­қов
Ер­лан Бат­та­шұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі «Л.Н.Гу­ми­лев атын­да­ғы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның рек­то­ры, та­рих ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)

0 Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік хат­шы­сы
-
тө­ра­ға
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
-
тө­ра­ға­ның орын­ба­са­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі
-
тө­ра­ға­ның орын­ба­са­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­де­ни­ет және спорт ви­це-ми­ни­стрі
-
хат­шы
әдебиет секциясы
Қас­қа­ба­сов
Сей­іт Ас­қа­рұ­лы
-
фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, сек­ция тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аб­д­рах­ма­нов Са­уыт­бек
-
«Еге­мен Қа­зақ­стан» рес­пуб­ли­ка­лық га­зе­ті» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның пре­зи­ден­ті, фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ас­қа­ров
Әлі­бек Асыл­бай­ұ­лы
-
жа­зу­шы, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Әб­ді­құ­лы Тө­лен
-
жа­зу­шы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Есдәу­ле­тов
Ұлық­бек Ораз­бай­ұ­лы
-
«Қа­зақ­стан Жа­зу­шы­лар ода­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің жа­нын­да­ғы «Жұл­дыз» жур­на­лы­ның бас ре­дак­то­ры, ақын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Жол­да­с­бе­ков Мыр­за­тай
-
әде­би­ет­та­ну­шы, фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ис­а­бе­ков Ду­лат
-
жа­зу­шы, дра­ма­тург, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Қа­ли­жа­нов Уә­ли­хан
-
жа­зу­шы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Ғы­лым ко­ми­те­ті­нің «М.О.Әу­е­зов атын­да­ғы Әде­би­ет және өнер ин­сти­ту­ты» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны­ның ди­рек­то­ры, фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры­ның док­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ми­хай­лов
Ва­ле­рий Фе­до­ро­вич
-
«Қа­зақ­стан Жа­зу­шы­лар ода­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің жа­нын­да­ғы «Про­стор» жур­на­лы­ның бас ре­дак­то­ры, ха­лы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, Қа­зақ­стан және Ре­сей жа­зу­шы­лар одақ­та­ры­ның мү­ше­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ора­за­лин
Нұр­лан Мыр­қа­сы­мұ­лы
-
Қа­зақ­стан Жа­зу­шы­лар ода­ғы бас­қар­ма­сы­ның тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Се­на­ты­ның де­пу­та­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Смай­ыл
Ал­дан Зей­нол­ла­ұ­лы
-
жа­зу­шы, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Жур­на­ли­стер ода­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, ха­лы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мә­жі­лі­сі­нің де­пу­та­ты, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ша­штай­ұл Жұ­ма­бай
-
жа­зу­шы, «Қа­зақ­стан Жа­зу­шы­лар ода­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің жа­нын­да­ғы «Қа­зақ әде­би­е­ті» га­зе­ті­нің бас ре­дак­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ысқақ­бай Ма­рал­бай Ысқақ­бай­ұ­лы
-
жа­зу­шы, «Қа­зақ­стан ав­тор­ла­ры қо­ға­мы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Қа­на­пи­я­нов
Ба­қыт­жан Мұ­са­ха­нұ­лы
-
ақын, жа­зу­шы, аудар­ма­шы, ки­но­дра­ма­тург, Қа­зақ­стан Жа­зу­шы­лар ода­ғы бас­қар­ма­сы­ның мү­ше­сі, Қа­зақ­стан Ки­не­ма­то­гра­фи­стер ода­ғы­ның мү­ше­сі, Еуро­па­лық әде­би­ет­ші­лер кон­грес­сі бас­қар­ма­сы­ның мү­ше­сі, Қы­рым әде­би ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Шәк­ә­рім атын­да­ғы Се­мей мем­ле­кет­тік уни­вер­си­те­ті­нің құр­мет­ті про­фес­со­ры, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Са­рай
Әнес Тө­лен­ді­ұ­лы
-
жа­зу­шы, та­рих­шы, жур­на­лист, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сал­ға­ра­ұ­лы
Қой­шы­ға­ра
-
жа­зу­шы, та­рих­шы-эт­но­граф, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, Күл­те­гін сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Л.Н. Гу­ми­лев атын­да­ғы Еура­зия Ұлт­тық уни­вер­си­те­ті­нің про­фес­со­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті жа­нын­да­ғы оно­ма­сти­ка­лық ко­мис­си­я­сы­ның мү­ше­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
музыка, театр және кино секциясы
Ді­ні­шев
Әлі­бек Мұ­са­ұ­лы
-
КС­РО және ҚазКСР-інің ха­лық әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті­нің Мем­ле­кет­тік бей­біт­ші­лік және про­гресс сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, сек­ция тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ан­дри­а­сян
Ру­бен Су­ре­но­вич
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стр­лі­гі «М.Лер­мон­тов атын­да­ғы Мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық орыс дра­ма те­ат­ры» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны­ның көр­кем­дік же­тек­ші­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лық әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ара­вин
Юрий Пет­ро­вич
-
му­зы­ка­та­ну­шы, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ах­ма­ди­ев
Мұ­рат Аб­ду­ре­имұ­лы
-
Қа­зақ­стан­ның ха­лық әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мә­жі­лі­сі­нің де­пу­та­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Әуб­әкі­ро­ва
Жәния Яхи­я­қы­зы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі «Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің рек­то­ры, про­фес­сор, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лық әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Әші­мов Асанә­лі
-
КС­РО және ҚазКСР-інің ха­лық әр­ті­сі, КС­РО және ҚазКСР мем­ле­кет­тік сый­лық­та­ры­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Вовнян­ко
Игорь Алек­сан­дро­вич
-
«Қа­зақ­стан Ки­не­ма­то­гра­фи­стер ода­ғы» қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Жа­ман­құ­лов Тұң­ғыш­бай
-
«Қа­зақ­стан Те­атр қай­рат­кер­ле­рі­нің ода­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лық әр­ті­сі, КС­РО Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Қы­дыр­бек
Бал­нұр Бал­ға­бек­қы­зы
-
«Қа­зақ­стан ком­по­зи­тор­лар қа­уым­да­стығы» қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің тө­рай­ы­мы, ком­по­зи­тор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Мұ­са­қо­жа­е­ва
Ай­ман Қо­жа­бек­қы­зы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі «Қа­зақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­те­ті» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің рек­то­ры, про­фес­сор, ҚазКСР-інің ха­лық әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
На­рым­бе­тов Са­ты­бал­ды Жәле­лұ­лы
-
ки­но­ре­жис­сер, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген кай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сы­ғай
Әшір­бек Тө­ре­бай­ұ­лы
-
те­атр­та­ну­шы, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген өнер қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, про­фес­сор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Та­ра­зи (Әші­мов)
Әкім Үр­тай­ұ­лы
-
жа­зу­шы, дра­ма­тург, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Тұт­қы­ба­е­ва
Гүл­жан Ұсам­бек­қы­зы
-
ба­лет­мей­стер, Қа­зақ­стан­ның ха­лық әр­ті­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ті­ле­ухан
Бек­бо­лат Қа­най­ұ­лы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек сі­ңір­ген әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Үсен­ба­е­ва
Нұр­жа­мал Пер­не­бек­қы­зы
-
Қа­зақ­стан­ның ха­лық әр­ті­сі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Нү­сі­п­жа­но­ва
Бибі­гүл Нұр­ға­ли­қы­зы
-
"Ж. Еле­бе­ков атын­да­ғы Рес­пуб­ли­ка­лық эст­ра­да-цирк кол­ле­джі" рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны­ның ди­рек­то­ры, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, пе­да­го­ги­ка ғы­лым­да­ры­ның кан­ди­да­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
бейнелеу өнері және сәулет секциясы
Рү­стембе­ков
Ақ­мыр­за Ис­а­ұ­лы
-
«Қа­зақ­стан Сәу­лет­ші­лер ода­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің пре­зи­ден­ті, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан­ның құр­мет­ті сәу­лет­ші­сі, сек­ция тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Әли­ев
Ду­лат Қа­п­ба­рұ­лы
-
кес­кін­де­ме­ші, Ш. Уә­ли­ха­нов атын­да­ғы ҚазКСР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Дү­зел­ха­нов Ағым­са­лы
-
кес­кін­де­ме­ші, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ер­ға­ли­е­ва
Рай­хан Әб­деш­қы­зы
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Ғы­лым ко­ми­те­ті­нің «М.О.Әу­е­зов атын­да­ғы Әде­би­ет және өнер ин­сти­ту­ты» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны бей­не­леу өне­рі бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі, өнер­та­ну док­то­ры, ЮНЕ­СКО жа­нын­да­ғы Ха­лы­қа­ра­лық көр­кем­дік сын­шы­лар қа­уым­да­стығ­ы­ның мү­ше­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Зәу­ір­бе­ко­ва
Бәти­ма Есмұ­рат­қы­зы
-
су­рет­ші-го­бе­лен­ші, Ш. Уә­ли­ха­нов атын­да­ғы ҚазКСР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Құ­ма­ро­ва
Сә­би­ла Бек­жан­қы­зы
-
өнер­та­ну­шы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек сі­ңір­ген өнер қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су­рет­ші­лер ода­ғы­ның мү­ше­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сер­геб­а­ев
Ес­кен Аман­жо­лұ­лы
-
су­рет­ші-мү­сін­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек сі­ңір­ген өнер қай­рат­ке­рі, Ш. Уә­ли­ха­нов атын­да­ғы ҚазКСР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Сү­лей­ме­нов
Ти­мур Би­ма­шұ­лы
-
«Қа­зақ­стан Ди­зай­нер­лер ода­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық бір­ле­сті­гі­нің пре­зи­ден­ті, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек сі­ңір­ген өнер қай­рат­ке­рі, су­рет­ші-ди­зай­нер (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Тәті­ғұ­лов
Әб­ді­са­ғит Шай­мұ­хан­бе­тұ­лы
-
«KAZGOR» жо­ба­лау ака­де­ми­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Твер­до­хле­бов
Вла­ди­мир Сер­ге­е­вич
-
су­рет­ші-мо­ну­мен­та­лист, Қа­зақ­стан­ның ең­бек сі­ңір­ген қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су­рет­ші­лер ода­ғы­ның мү­ше­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Тө­ле­п­бай
Ер­бо­лат То­ғы­с­бай­ұ­лы
-
су­рет­ші, ҚазКСР-інің ең­бек сі­ңір­ген өнер қай­рат­ке­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Бе­ло­вич
Алек­сандр Яку­бо­вич
-
сәу­лет­ші, "Ба­зис-А" кор­по­ра­ци­я­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі бас­қар­ма­сы­ның  тө­ра­ға­сы, "Ба­зис" құ­ры­лыс ком­па­ни­я­сы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің СИПАТТАМАСЫ

1 1. Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы:

1 1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;

2 2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.

Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түстес былғарыдан жасалады.
Мұқабада алтын түспен батыңқы түсірілген:

1 1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

2 2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ»
деген жазу орналасады (1-қосымша).

2 2. Жапсырма бет баспаханалық әдіспен арнайы, қорғау дәрежелері бар, көк түсті қағазда басылып шығарылады.

Жапсырманың сыртқы жағында:

1 1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

2 2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ»
деген жазу орналасады (2-қосымша).
Жапсырма беттің ішкі екі жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған.
Жапсырма беттің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің
жылғы N Жарлығымен
"жұмыстың атауы"
жұмысы үшін
ғылыми дәрежесі
ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
__________________САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ______ЖЫЛҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ"
деген мәтін жазылған.
Төменде:
"Қазақстан Республикасының
Президенті                          Н.Назарбаев"
деген сөздер орналасқан.
Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.
Қосымша беттің ішкі оң жағында орыс тілінде:
"Указом Президента Республики Казахстан
от года N
ПРИСУЖДЕНА
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
В ОБЛАСТИ_________________ ____________ГОДА
за работу "наименование работы"
ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
ученая степень"
деген сәйкес мәтін жазылған.

3 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреатының омырау белгісі төрт бұрышты планкаға ілгішпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңқығы 2 мм шеңбер түрінде алтындатқан жезден дайындалған.

25 мм х 15 мм көлеміндегі планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түстес қатқыл лента, планканың сыртқы жағында - визорлы кілтті түйреуіш бекітілген.
Омырау белгісінің шығыңқы бедерлі жылтырақ үстіңгі бетінде: төменде - шарықтаған қыран, ортасында - күн шапағы аясындағы»алтын адам» бейнелері бар. Омырау белгісінің сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (3-қосымша).

1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі (қатты мұқаба)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
дипломы мен омырау белгісінің
сипаттамасына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі (қатты мұқаба)

2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі (қосымша беттің үстіңгі беті)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
дипломы мен омырау белгісінің
сипаттамасына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының бейнесі (қосымша беттің үстіңгі беті)
2-қосымша жалғасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломына жапсырма беттің ішкі жағының бейнесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
жы­л­ғы       N    Жар­лы­ғы­мен
"жұ­мыстың ата­уы"
жұ­мысы үшін
ғы­лы­ми дә­ре­же­сі
ТЕ­ГІ АТЫ ӘКЕ­СІ­НІҢ АТЫ
_____________________­СА­ЛА­СЫН­ДА­ҒЫ
ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫ­НЫҢ
_________­ЖЫ­Л­ҒЫ МЕМ­ЛЕ­КЕТ­ТІК
СЫЙ­ЛЫ­ҒЫ БЕ­РІЛ­ДІ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Пре­зи­ден­ті          Н.На­зар­ба­ев
N 000
Ука­зом Пре­зи­ден­та
Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
от          го­да N
ПРИ­СУЖ­ДЕ­НА
ГО­СУ­ДАР­СТВЕН­НАЯ ПРЕ­МИЯ
РЕС­ПУБ­ЛИ­КИ КА­ЗАХ­СТАН В
ОБ­ЛА­СТИ_________­ГО­ДА_________
за ра­бо­ту "на­име­но­ва­ние
ра­бо­ты"
ФА­МИ­ЛИЯ ИМЯ ОТ­ЧЕ­СТВО
уче­ная сте­пень

3 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" омырау белгісінің сызықпен түсірілген бейнесі

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 381 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
дипломы мен омырау белгісінің
сипаттамасына
3-ҚОСЫМША
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" омырау белгісінің сызықпен түсірілген бейнесі

Қолданыстағы