О дополнительных мерах по оказанию социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за коммунальные услуги
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по оказанию социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за коммунальные услуги
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-7/277
- Қабылданған күні
- 28.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2008 34722_173565.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07B0003234
- ЭКБ идентификаторы
- 34722
- Редакция идентификаторы
- 34722_173565
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:11
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы
«"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»2001 жылғы 23 қаңтардағы,
"Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 18 шілдеде N 3229 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі "Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 3С-24-3 "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 3С-28-4
шешімі
негізінде облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен ай сайын 1686 теңге, жылу беру кезеңінде 2730 теңге көлемінде қосымша шара белгіленсін.
2
2. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті" мемлекеттік мекемесі аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлінген сома көлемінде уақытылы игерілуін қамтамасыз етсін.
3
3. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті"» мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын есеп берсін.
4
4. "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті"» мемлекеттік мекемесі есептік айдан кейінгі айдың 30-ынан кешіктірмей "Ақмола облысының қаржы департаменті"» мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын есеп берсін.