Құжат мәтініне өту

О передаче и переименовании государственного учреждения "Центр медицины катастроф" Министерства здравоохранения Республики Казахстан из ведения Министерства здравоохранения Республики Казахстан в ведение Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Қаулы · № 704 · қабылданған 17.08.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34771/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О передаче и переименовании государственного учреждения "Центр медицины катастроф" Министерства здравоохранения Республики Казахстан из ведения Министерства здравоохранения Республики Казахстан в ведение Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 704 ·17.08.2007
23.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче и переименовании государственного учреждения "Центр медицины катастроф" Министерства здравоохранения Республики Казахстан из ведения Министерства здравоохранения Республики Казахстан в ведение Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 704 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче и переименовании государственного учреждения "Центр медицины катастроф" Министерства здравоохранения Республики Казахстан из ведения Министерства здравоохранения Республики Казахстан в ведение Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
704
Қабылданған күні
17.08.2007
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI34771_8.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000704_
ЭКБ идентификаторы
34771
Редакция идентификаторы
AI34771_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:08

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы

Казақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мекеме) болып қайта аталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 17 тамыздағы
N 704 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

3 3. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4 4. (Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)

5 5. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында :

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ "Шығындар" бөлімінде:
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
"163280004" деген сандар "163426009" деген сандармен ауыстырылсын;
02 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" ішкі функциясында:
"25206689" деген сандар "25352694" деген сандармен ауыстырылсын;
202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" әкімшісі бойынша:
"25206689" деген сандар "25352694" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" бағдарламасы бойынша:
"17498558" деген сандар "17644563" деген сандармен ауыстырылсын, 109 "Апаттар медицинасы орталығы 146 005" кіші бағдарламасымен толықтырылсын;
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
"104902753" деген сандар "104756748" деген сандармен ауыстырылсын;
03 "Мамандандырылған медициналық көмек" ішкі функциясында:
"38229847" деген сандар "38083842" деген сандармен ауыстырылсын;
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
"38229847" деген сандар "38083842" деген сандармен ауыстырылсын;
010 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша "9349500" деген сандар "9203495" деген сандармен ауыстырылсын.

6 6. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік

бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 34-қосымшада :
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 17644563 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық төрт миллион бес жүз алпыс үш мың теңге)";
"Бюджеттік бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
"11
109
Апат­тар
ме­ди­ци­на­сы
ор­та­лы­ғы
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік
си­патта­ғы тө­тен­ше
жағ­дай­лар ке­зін­де
ме­ди­ци­на­лық кө­мек
көр­се­ту. Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық
сақ­тау ми­ни­стрі­нің
бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­ле­тін
Тіз­бе­ге сәй­кес
ме­ди­ци­на­лық (ем­дік
және ди­а­гно­сти­ка­лық),
зерт­ха­на­лық жаб­дық­тар,
ме­ди­ци­на­лық емес
жаб­дық­тар,
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған
ав­то­кө­лік са­тып алу.
Жыл
бойы
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
Тө­тен­ше
жағ­дай­лар
ми­ни­стр­лі­гі";
көрсетілген қаулыға 300-қосымшада :
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 9203495 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз үш миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге)";
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағанда "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу деген сөздер алынып тасталсын;
7-бағандағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына" деген сөздер алынып
тасталсын.

Қолданыстағы