Об установлении требований к содержанию заявления страхователя для заключения договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении требований к содержанию заявления страхователя для заключения договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств
- Атауы (қаз.)
- Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 25.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2010 AI34775_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004835_
- ЭКБ идентификаторы
- 34775
- Редакция идентификаторы
- AI34775_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:28
0 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
"Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі өтініш мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1 1) сақтандыру шартының түрі Заңның 4 тармағының 10 бабына сәйкес;
2 2) өтініш иесі туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты орны, туған жылы жүргізушінің куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі;
атауы, тұрғылықты орны (заңды тұлға үшін);
телефон нөмірі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) (бар болса);
экономика секторының коды;
резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес);
3 3) автомобиль көлігі туралы мәліметтер (кешенді шартты жасағанда әрбір көліктік құрал туралы мәліметтер көрсетіледі);
тіркеу орны;
көліктік құралды тіркеу куәлігінің нөмірі және беру күні (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе көліктік құралдың тіркелуін растайтын өзге құжат (Қазақстан Республикасының резиденттер емес үшін);
көліктік құралдың пайдалану мақсаты;
километраж (өтініш жасалған күнгі одометр көрсетуі);
көлік құралының типі Заңмен сәйкес;
маркасы;
моделі;
шыққан жылы;
двигатель көлемі;
двигатель қуаты;
рульмен басқарудың орналасуы;
двигатель нөмірі;
шанақ нөмірі;
шанақ түсі (кабинасы);
4 4) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;
5 5) сақтанушыға берілген жеңілдіктер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін):
Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе Ұлы Отан соғысына қатысушысына теңестірілген тұлға куәліктің нөмірі және берілген күні;
I, II топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
зейнеткерлік куәліктің нөмірі және берілген күні;
6 6) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;
7 7) сақтандырылғаны (сақтандырылғандар) туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты;
туылған күні;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке бірегейлендіру нөмірі (бар болса);
тұрғылықты орны;
отбасылық жағдайы;
жүргізу өтілі;
жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні;
8 8) қосарлы сақтандыру туралы, көлік құралдарын маусым кезінде пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер;
9 9) міндетті түрде өтініште көрсетілген деректерге өзгеріс енгізілуі жөнінде сақтандыру ұйымын хабарлау туралы мәліметтер;
10 10) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
11 11) фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, қызмет орны, өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымының қызметкерінің телефон нөмірі, өтінішті жасаған күні.
2
2) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, жетінші абзацтарында, 3) тармақшаның екінші, үшінші, алтыншыдан он бесінші аралығындағы абзацтарында, 5) тармақшада, 7) тармақшаның екіншіден бесінші аралығындағы, жетінші, сегізінші абзацтарында, 8) тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтерді растау бөлігіндегі мәліметтер бойынша сақтанушы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.