О сроках составления аудиторского отчета финансовых организаций и его представления в уполномоченный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О сроках составления аудиторского отчета финансовых организаций и его представления в уполномоченный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций
- Атауы (қаз.)
- Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау, оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну мерзімдері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 20.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2012 34781_316960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004867_
- ЭКБ идентификаторы
- 34781
- Редакция идентификаторы
- 34781_316960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:16
0 Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау, оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну мерзімдері туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудиторлық ұйымдар аудиторлық есепті жасайды және оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай мерзімдерде:
1 1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ қаржы ұйымдарының қаржылық есептілігі бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде;
2 2) еншілес ұйымдары бар қаржы ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің, "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігі бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, қаржы ұйымдарына жіберсін.