Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил доступа к экологической информации, относящейся к процедуре оценки воздействия на окружающую среду и процессу принятия решений по намечаемой хозяйственной и иной деятельности

Бұйрық · № 238-п · қабылданған 25.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34783/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил доступа к экологической информации, относящейся к процедуре оценки воздействия на окружающую среду и процессу принятия решений по намечаемой хозяйственной и иной деятельности Күшін жойған 27.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил доступа к экологической информации, относящейся к процедуре оценки воздействия на окружающую среду и процессу принятия решений по намечаемой хозяйственной и иной деятельности

Күшін жойған Бұйрық № 238-п 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил доступа к экологической информации, относящейся к процедуре оценки воздействия на окружающую среду и процессу принятия решений по намечаемой хозяйственной и иной деятельности
Атауы (қаз.)
Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
238-п
Қабылданған күні
25.07.2007
Көрсетілген редакция
27.04.2023 34783_630800.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004876_
ЭКБ идентификаторы
34783
Редакция идентификаторы
34783_630800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:13
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілсін.

3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 25 шілдедегі
N 238-ө бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің негізінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне жататын экологиялық ақпараттың мазмұнын айқындау және оған қоғамдық бірлестіктер түрдегі барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қол жеткізу тәртібін анықтау үшін әзірленді.

2. Осы Қағидалар қоршаған ортаға әсерді бағалауға (бұдан әрі - ҚОӘБ жобасы) жататын көзделіп отырған шаруашылық қызмет бойынша жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде ғана қолданылады.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын ақпарат мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарын қамтиды:

1) ҚОӘБ жобасы;

2) сыртқы сарапшылардың ҚОӘБ жобасына қорытындылары;

3) ҚОӘБ жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы;

4) ҚОӘБ жобасы бойынша мүдделі тұлғалардың жазбаша жүгінулері;

5) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары.

Материалдар конфиденциалды мәліметтерді мазмұндамауы тиіс.

4. Шаруашылық және өзге де қызметтің бастамашысы ҚОӘБ жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберу туралы ақпаратты экология саласындағы арнайы басылымдарда және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында жариялайды.

Ақпарат мынадай мәліметтерді мазмұндауы тиіс:

1) шаруашылық және өзге де қызметті бастамашының аты, заңды мекен-жайы, орналасқан жері, телефоны;

2) ҚОӘБ жобасының атауы;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізе бастау мерзімі мен кезеңі;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органның атауы, мекен-жайы, телефоны.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу тәртібі

5. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға жазбаша сұрау жіберіп, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарына қол жеткізе алады.

6. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарымен танысуға болатын жер мен уақыты көрсетіліп, жазбаша жауап береді.

7. Шаруашылық және басқа да қызметті бастамашы мүдделі тұлғалар қол жеткізетін, конфиденциалды мәліметтері жоқ жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасын уәкілетті органға ұсынады.

8. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға ҚОӘБ жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулерін жазбаша түрде ұсынуы мүмкін.

Жазбаша түрдегі ұсыныстар мен ескертулерде мынадай мәліметтер болуы тиіс:

1) аты-жөні (қалауы бойынша), пошталық мекен-жайы, қолы;

2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні, жүгінуде басшының қолы болуы тиіс;

3) ҚОӘБ жобасының атауы және азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер танысқан мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарының тізбесі;

4) ақпаратты алуға арналған негіздеме көшірмесі (уәкілетті органның жазбаша жауабы);

5) дәлелденген ұсыныстар, ескертулер.

9. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде жүгінуді қарап, жауап қайтаруға міндетті. Егер қосымша зерттеу қажет болған жағдайда, үш күнтізбелік күн ішінде өтінім берушіні хабардар етіп, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

10. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.