Об утверждении Правил предоставления информации и ведения государственной статистики в области безопасности и охраны труда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления информации и ведения государственной статистики в области безопасности и охраны труда
- Атауы (қаз.)
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 720
- Қабылданған күні
- 21.08.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2015 AI34798_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000720_
- ЭКБ идентификаторы
- 34798
- Редакция идентификаторы
- AI34798_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:08
0 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін.
2
2. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында деректер құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 720 қаулысымен
бекітілген
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағыЗаңына сәйкес әзірленді.
2 2. Ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды.
3 3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми ұйымдастырып жинау;
алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер;
бастапқы құжаттама - өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс беруші жасайтын құжаттар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы.
2 2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі
5
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
6 6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады.
7 7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректерді жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
8
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистиканы жүргізуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және жеке еңбекті қорғау саласындағы жай-күй мен үрдістерді сипаттайтын статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады.