Құжат мәтініне өту

О реорганизации некоторых дочерних государственных предприятий республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр наук о Земле, металлургии и обогащения" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 724 · қабылданған 21.08.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34802/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации некоторых дочерних государственных предприятий республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр наук о Земле, металлургии и обогащения" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 724 ·21.08.2007
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации некоторых дочерних государственных предприятий республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр наук о Земле, металлургии и обогащения" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 724 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации некоторых дочерних государственных предприятий республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр наук о Земле, металлургии и обогащения" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
724
Қабылданған күні
21.08.2007
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI34802_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000724_
ЭКБ идентификаторы
34802
Редакция идентификаторы
AI34802_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:08

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

2 2) кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
"17. Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы"»деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3-жолдармен толықтырылсын:
"16-1. Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы
16-2. А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
16-3. Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты";

3 3) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 800 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 32, 343-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің»"Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде реттік нөмірлері 1, 2-жолдар алынып тасталсын;

4 4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы