Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения Реестра государственных воздушных судов Республики Казахстан и выдачи свидетельства о государственной регистрации государственных воздушных судов Республики Казахстан

Бұйрық · № 210 · қабылданған 23.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34804/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения Реестра государственных воздушных судов Республики Казахстан и выдачи свидетельства о государственной регистрации государственных воздушных судов Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 210 ·23.07.2007
18.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения Реестра государственных воздушных судов Республики Казахстан и выдачи свидетельства о государственной регистрации государственных воздушных судов Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 210 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения Реестра государственных воздушных судов Республики Казахстан и выдачи свидетельства о государственной регистрации государственных воздушных судов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
210
Қабылданған күні
23.07.2007
Көрсетілген редакция
18.05.2011 AI34804_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004879_
ЭКБ идентификаторы
34804
Редакция идентификаторы
AI34804_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:14

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімінің жүргізілуін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің берілуін бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2007 жылғы 25 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
2007 жылғы 21 шілде

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелері

Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.
Ережелер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (бұдан әрі - Куәлік) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелері Тізілімде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады.

3 3. Тізілімді жүргізуді және Куәлікті беруді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 2. Тізілімді жүргізу және Куәлікті беру тәртібі

4 4. Мемлекеттік санатына ауыстырылатын әуе кемесін мемлекеттік тіркеу үшін, әуе кемесі қарамағына келіп түскен мемлекеттік орган (мекеме) уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:

1 1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес хабарламаны;

2 2) әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісін;

3 3) әуе кемесін қабылданғанын (сатып алынғанын) растайтын құжаттардың көшірмесін;

4 4) әуе кемесін тиісті тізілімнен шығару туралы куәлікті (азаматтық әуе кемелері және шет мемлекеттердің әуе кемелері үшін).

Ұсынылған құжаттар негізінде уәкілетті орган мемлекеттік әуе кемесін Тізілімге енгізеді және Ереженің 2-қосымшасына сәйкес оның тіркелгені туралы Куәлік береді.

5 5. Мемлекеттік әуе кемесін Тізілімнен шығару үшін мемлекеттік әуе кемесі қарамағында тұрған мемлекеттік орган (мекеме) уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:

1 1) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес хабарламаны;

2 2) Куәлікті;

3 3) мемлекеттік әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісін;

4 4) мемлекеттік әуе кемесін шет мемлекетке тапсыруды (сатуды), немесе мемлекеттік әуе кемесін азаматтық (тәжірибелік) әуе кемесі санатына ауыстыруды, немесе мемлекеттік әуе кемесін есептен шығарылғанын растайтын құжаттардың көшірмесін.

Ұсынылған құжаттар негізінде уәкілетті орган мемлекеттік әуе кемесін Тізілімнен шығарады және оның шығарылғаны туралы Тізілімнен көшірме түрінде құжат береді.

6 6. Мемлекеттік әуе кемесін Тізілімге енгізу немесе оны Тізілімнен шығару уәкілетті орган басшысының, немесе оның орнын басушының қорытындысы негізінде, тиісті құжаттарды қоса бере отырып, хабарлама түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

7 7. Куәлік мемлекеттік әуе кемелерінің Тізілімге тіркелгенін куәландыратын құжат болып табылады. Куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде оның көшірмесі беріледі. Көшірмені алу үшін уәкілетті органға куәліктің жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

8

8. Куәліктің "Мемлекеттік әуе кемесін тапсыру туралы белгілер" бөліміне өзгерістер мемлекеттік әуе кемесін бір мемлекеттік органнан (мекемеден) екіншісіне тапсырғанда енгізіледі. Куәлікке өзгерістер енгізу үшін уәкілетті органға Куәлікпен қоса, белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік әуе кемесінің кеткені туралы хабарлама тапсырылады.

9 9. Жыл сайын 1 желтоқсанға мемлекеттік орган (мекеме) уәкілетті органға мемлекеттік әуе кемелерінің және оларда орнатылған авиациялық қозғалтқыштардың нөмірлік бар болуы және жағдайы туралы есебін (бұдан ары - Есеп) белгіленген тәртіп бойынша ұсынады.

10 10. Жыл сайын 20 желтоқсанда ұсынылған Есеп бойынша уәкілетті орган Тізілімді салыстырып тексереді.

11 11. Тізілім уәкілетті органның құпия бөлімінде сақталады. Уәкілетті органға Ережелер бойынша тапсырылған құжаттар мемлекеттік әуе кемесінің бүкіл пайдалану мерзімі біткенше жеке істе сақталады және оның есептен шығарылғанынан бір жыл өткенде белгіленген тәртіп бойынша жойылады.

1 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік әуе кемелерінің
тізілімін жүргізу және
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік әуе кемелерінің
мемлекеттік тіркеу туралы
куәлігін беру Ережелеріне
1-қосымша
_____________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесін
мемлекеттік тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
__________________________________________________қарамағындағы
(пайдаланушы және оның мекен-жайы)
_________________________________________________________ негізінде
_______________________________________________________ келіп түскен
____________________________________________________________________
(мемлекеттік әуе кемесінің түрі)
толық зауыттық нөмірі ______________________________________________
шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні)___________________
орнатылған авиациялық қозғалтқыштары________________________________
____________________________________________________________________
(авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірлері)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізіліміне
тіркеп және оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беруін сұраймын.
Қосымша мәлімдеулер:
1. Санаты (әуе кемесінің тағайындалуы) _______________________
2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг ___________________________________
Қосымшалар ___________________________________________________
_______________________________ ________________ _________________
(мемлекеттік органның, (қолы) (аты-жөні, тегі)
мекеменің басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.
Қорытынды:_________________________________________________________
_______________________________ ________________ _________________
(уәкілетті органның, (қолы) (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.

2 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік әуе кемелерінің
тізілімін жүргізу және
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік әуе кемелерінің
мемлекеттік тіркеу туралы
куәлігін беру Ережелеріне
2-қосымша
ЕЛТАҢБА
Уәкілетті орган
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әуе кемесін тіркеу туралы
КУӘЛІК
N ___
1. Мем­ле­кет­тік
әуе ке­ме­сі­нің
тү­рі
2. Мем­ле­кет­тік
әуе ке­ме­сі­нің
то­лық
за­уыт­тық
нө­мі­рі
3. Шы­ға­ры­л­ған
жы­лы
4. Мем­ле­кет­тік
және тір­кеу
та­ну бел­гі­ле­рі *
5. Пайдаланушы_____________________________________________
6. Мемлекеттік әуе кемесі Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе
кемелерінің тізіліміне белгіленген тәртіппен тіркелгенін
куәландырылады.
_________________________ _________________ ______________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
М.О.
"___" _________ 20___ж.
Ескерту: * Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік әуе
кемесі үшін толтырылады.
(сыртқы беті)
МЕМЛЕКЕТТІК ӘУЕ КЕМЕСІН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР
Пайдаланушы ________________________________________________________
Негізі ___________________________________________________________
_______________________________ ________________ _________________
(уәкілетті органның, (қолы) (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.
Пайдаланушы ________________________________________________________
Негізі ___________________________________________________________
_______________________________ ________________ _________________
(уәкілетті органның, (қолы) (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.
Пайдаланушы ________________________________________________________
Негізі ___________________________________________________________
_______________________________ ________________ _________________
(уәкілетті органның, (қолы) (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.

3 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік әуе кемелерінің
тізілімін жүргізу және
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік әуе кемелерінің
мемлекеттік тіркеу туралы
куәлігін беру Ережелеріне
3-қосымша
_____________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесін
Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімінен шығару туралы
ХАБАРЛАМА
__________________________________________________қарамағындағы
(пайдаланушы және оның мекен-жайы)
____________________________________________________________________
(мемлекеттік әуе кемесінің түрі)
толық зауыттық нөмірі ______________________________________________
орнатылған авиациялық қозғалтқыштары________________________________
____________________________________________________________________
(авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірлері)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесінің мемлекеттік
тіркелгені туралы куәлік N ______ 20___ жылғы "__"___________
берілген мемлекеттік және тіркеу тану белгілері ____________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ байланысты
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімінен
шығаруын сұраймын.
Қосымша мәлімдеулер:
1. Санаты (әуе кемесінің тағайындалуы) _______________________
2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг ___________________________________
Қосымшалар ___________________________________________________
_______________________________ ________________ _________________
(мемлекеттік органның, (қолы) (аты-жөні, тегі)
мекеменің басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.
Қорытынды:__________________________________________________________
_________________________ _________________ ______________________
(уәкілетті органның (қолы) (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)
М.О.
"___" _________ 20___ж.

Қолданыстағы