О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 20.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI34805_13.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004880_
- ЭКБ идентификаторы
- 34805
- Редакция идентификаторы
- AI34805_13
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:15
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 76 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі