Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексінің) 338-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы от 06.06.2007 г. № 248 (Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы)
1. Кентау қаласы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде жер салығының базалық ставкалары Салық кодексінің 329, 330, 332, 334 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан:
1 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын;
2 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын;
3 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын;
4 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын;
5 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын;
6 бағалану аймағы бойынша 40 пайызға жоғарылатылсын;
7 бағалану аймағы бойынша 30 пайызға жоғарылатылсын;
8 бағалану аймағы бойынша 20 пайызға жоғарылатылсын;
9 бағалану аймағы бойынша 10 пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізідеді.