Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексінің) 338-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде жер салығының базалық ставкалары Салық кодексінің 329, 330, 332, 334 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан: 1 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын; 2 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын; 3 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын; 4 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын; 5 бағалану аймағы бойынша 50 пайызға жоғарылатылсын; 6 бағалану аймағы бойынша 40 пайызға жоғарылатылсын; 7 бағалану аймағы бойынша 30 пайызға жоғарылатылсын; 8 бағалану аймағы бойынша 20 пайызға жоғарылатылсын; 9 бағалану аймағы бойынша 10 пайызға жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізідеді.