Қолданыстағы ред. 01.08.2007

Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы от 01.08.2007 г. № 261 (Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы)

0

Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы
Кентау қаласы әкімдігінің № 241 25 шілде 2007 жылғы «Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы» Қаулысының негізінде ұсынылған ұсынысты қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Заңының 10 бабын басшылыққа алып, өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды Кентау қаласында өткізу орны мекен-жайы бойынша: Кентау қаласының «Динамо» стадионы, «Ынтымақ» алаңы болып белгіленсін.

2

2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.