Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы Кентау қаласы әкімдігінің № 241 25 шілде 2007 жылғы «Кентау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орынды белгілеу туралы» Қаулысының негізінде ұсынылған ұсынысты қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Заңының 10 бабын басшылыққа алып, өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды Кентау қаласында өткізу орны мекен-жайы бойынша: Кентау қаласының «Динамо» стадионы, «Ынтымақ» алаңы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.