Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства

Қаулы · № 731 · қабылданған 23.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34842/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства Күшін жойған Қаулы ·№ 731 ·23.08.2007
29.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства

Күшін жойған Қаулы ·№ 731 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства
Атауы (қаз.)
Алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
731
Қабылданған күні
23.08.2007
Көрсетілген редакция
29.01.2013 AI34842_10.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000731_
ЭКБ идентификаторы
34842
Редакция идентификаторы
AI34842_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:08

0 Алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының " Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
N 731 қаулысымен
бекітілген
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау және көтерме саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1 1) қойма үй-жайларының - тек меншік құқығында немесе жалға алынған (сатып алу-сату немесе жалға aлу шарттары) алкоголь өнімдерін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлардың.

Алкоголь өнімін сату кезінде қойма үй-жайлары қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;

2 2) қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің;

3 3) коммуникациялық жүйелердің - суық сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылудың, электрмен жабдықтаудың, желдетудің, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш құралдарының, өрт сигнализациясының (өрт күзетінің);

4 4) температуралық өлшеуді қамтамасыз ететін сенімді құралдардың;

5 5) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін МЕМСТ белгілеген талаптарға сәйкес келетін (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де шарттарын сақтау) сақтау шарттарының болуын қамтиды.

2 2. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1 1) меншік құқығында немесе жалға алынған (сатып алу-сату немесе жалға алу шарттары) сауда үй-жайының және тауарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайды қамтитын стационарлық үй-жайдың.

Алкоголь өнімін сату кезінде стационарлық үй-жай қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;

2 2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттарының;

3 3) сапасы бойынша стандарттар мен техникалық шарттардың міндетті талаптарына сәйкес келетін сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналардың (аспалы, мамандандырылған), сөрелердің және басқа да жабдықтардың;

4 4) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін МЕМСТ белгілеген талаптарға сәйкес келетін (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де шарттарын сақтау) сақтау шарттарының болуын қамтиды.

Қолданыстағы