Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области

Ереже · № 24/385-III · қабылданған 17.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34878/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 24/385-III ·17.07.2007
03.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 24/385-III · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24/385-III
Қабылданған күні
17.07.2007
Көрсетілген редакция
03.07.2013 AI34878_4.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07V0002455
ЭКБ идентификаторы
34878
Редакция идентификаторы
AI34878_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:18

0 Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ЕРЕЖЕСІ

Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2007 жылғы
17 шілдедегі N 24/385-III
шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде
жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу
ЕРЕЖЕСІ

4 Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы ережесі (әрі қарай - Ереже) суды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Ереже Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың тәртібін анықтайды.

2 2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау - жеке немесе жалпы ашық пайдаланудағы ауыз суды шығындалу жерiне жеткiзбей алуға арналған құрылыстарды пайдалану.

3

3. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы.

4 4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке мұқтаждықтарына ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға да таралады.

5

5. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған су объектілерін қауіпсіз пайдалануды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті уәкілетті орган мен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

6 6. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтаулар пайдаланылады:

1

1) су объектілері - шекаралары, көлемі мен су режимі бар құрлық бетіндегі жер бедері мен жердің қойнауында жинақталған су. Су объектілері - теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстінің су объектілері, құрамында жер асты сулары бар жер қойнауының бөлігі;

2 2) арынды су мұнарасы - жасанды тірек құрылмасындағы су үшін құрылған арынды резервуар;

3 3) бас тоған имараты - су объектілерінен суды алуға арналған имараттар мен құрылғылар кешені;

4 4) жеке қажеттілік үшін жер асты суларын өндіру - жер асты суларына қатысты кейіннен мәміле жасау ниетінсіз тұрақты немесе уақытша жер пайдалану меншігіндегі жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру;

5 5) алынып тасталды - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 3/44-IV шешімімен ;

6 6) су объектілерін пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;

7 7) шегендеу имараты - табиғи шығып жатқан жер асты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық имарат;

8 8) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде жер бедерінің нысанындағы сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;

9 9) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;

10 10) ауыз су және шаруашылық - тұрмыстық сумен жабдықтау - ауыз су және тұрмыстық мұқтаждықтарды өтеу үшін бас тоған құрылғылары арқылы жер үсті және жер асты су көздерін пайдалану;

11 11) бұлақ - жер асты суының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы;

12 12) ұңғыма - жер асты суларын жер бетіне көтеруге арналған құрылғы;

13 13) құбырлы құдық - жер асты суларын алуға арналған, қабырғасы құбырлармен айналдыра

бекітілген тік цилиндрлік каналдар түріндегі құрылғы;

14 14) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық мұқтаждығына, не болмаса ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;

15 15) шахта құдығы - сумен жабдықтау мақсатында жерасты суларын алу үшін құрылған, тереңдігі көлденең қимасынан үлкенірек тік тау-кен қазындысы.

2 2. Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар

7 7. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу үшін арнайы су пайдалануға рұқсат беру құжаттарын алу талап етілмейді.

8

8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекітілген, N 4124 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу ережелеріне сәйкес су объектісін тіркеу жүргізіледі.

9

9. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабына сәйкес халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрден артық көлемде су алу кезінде арнайы су пайдалануға рұқсат беру құжаттарын алу талап етіледі.

10 10. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты сулары пайдаланылуы тиіс.

11 11. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын алу арнайы бас тоған имаратын (су тарту желісі жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлы құдықтар, бұлақ шегендеуі) орнату жолымен жүзеге асырылады.

12

12. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау кезінде су алуға арналған имараттың құрылысын салу үшін жер учаскесін таңдауға, сондай-ақ бас тоған имаратын арнайы жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229, N 3720 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бойынша анықталады.

13 13. <*>

14 14. Сорғы бас тоған имаратын пайдаланумен халықты орталықтандырылмаған шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жер үсті су объектілерінен су алған кезде балықты қорғайтын құрылғылар орнатылады.

15 15. <*>

16 16. <*>

17 17. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілерінің суының сапасы мемлекеттік стандарттарға, санитарлық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі тиіс.

18 18. Су көзiнiң ауыз сумен жабдықтауға жарамдылығын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары анықтайды.

19 19. Үй жанындағы және саяжай учаскелеріндегі жеке мұқтаждықтар үшін су алу тіркеуді қажет етпейді.

20 20. <*>

3 3. Жер үсті және жер асты су объектілерін есепке алуды ұйымдастыру және оларды Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тіркеу

21 21. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде су объектісін тіркеу оның орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдарда жүргізіледі.

22

22. Жергілікті атқарушы орган тапсырылған құжаттарды тіркеу үшін су объектісінің халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

23 23. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тіркелетін су объектілерін есепке алуды жергілікті атқарушы орган, осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес су объектілері бойынша мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу жолымен жүргізеді.

24

24. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілерін жергілікті жерлерде тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне жыл сайын 1 ақпанға дейін мәліметтерді тапсырады.

25 25. <*>

48 Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алуға арналған су объектілерін тіркеу ЖУРНАЛЫ

Шығыс Қазақстан облысының
халқын орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау кезінде жер
үсті және жер асты су
объектілерінен су алу
ережесіне 1 қосымша
Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен
жабдықтау кезінде су алуға арналған су объектілерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________
(аудан, елді мекен)
Құ-
жат-
тар-
ды
тап-
сыру
күні
Тір-
кеу
нө-
мірі
Мемле-
кеттік
тіркеу
(заңды
тұлға-
лар

үшін үшін),

жеке
куә-
ліктің
дерек-
тері
(жеке
тұлға-
лар

үшін үшін)

Су
объ-
екті-
сінің
атауы
Суды
пайда-
лану-
дың
мақса-
ты
(тұр-
ғындар
үшін
шаруа-
шылық-
тұр-
мыстық
су,
ауыз

су су)

Алы-
на-
тын
жер
үсті
және
жер
асты
сула-
рының
көлемі
(текше
метр/
тәу-

лік лік)

Мемле-
кеттік
сани-
тарлық-
эпиде-
миоло-
гиялық
қадаға-
лаудың
қоры-
тындысы
(аудан-
дық,
қала-

лық лық)

Ертіс
бас-
сейндік
су ша-
руашы-
лығы
басқар-
масының
қоры-
тындысы
Су
объектісін
тіркеу
туралы
хабарлама

кү-
ні

кү-
ні

кү-
ні

күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

54 Шығыс Қазақстан облысы бойынша халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілерін есепке алу бойынша МӘЛІМЕТТЕР

Шығыс Қазақстан облысының
халқын орталықтандырылмаған
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау кезінде жер
үсті және жер асты су
объектілерінен су алу
ережесіне 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын
су объектілерін есепке алу бойынша
МӘЛІМЕТТЕР
N
Ауданның,
елді
мекеннің
атауы
Заңды және жеке тұлғалар
бойынша тіркелген су
объектілерінің саны
Орталықтандырылмай қамтамасыз етілген суды тұтынушылардың жалпы саны
Алынған судың  көлемі мі/тәу-
лік
тәулігіне 50
мі дейінгі
көлемде ха-
лықты орта-
лықтандырыл-
маған сумен
жабдықтау
бойынша қыз-
метті жүзеге
асырушы
орган
тәулігіне 50 мі
дейінгі көлемде
жеке мұқтаждық-
тары үшін ауыз
су және шаруа-
шылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау-
ға арналған су
объектілерін
пайдаланушылар
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы