Об утверждении Правил государственного учета природопользователей и источников загрязнения окружающей среды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил государственного учета природопользователей и источников загрязнения окружающей среды
- Атауы (қаз.)
- Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны лacтaу көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252-п
- Қабылданған күні
- 06.08.2007
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2016 AI34923_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004904_
- ЭКБ идентификаторы
- 34923
- Редакция идентификаторы
- AI34923_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:10
0 Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны лacтaу көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодексінің 17-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы тіркелген Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесі
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 6 тамыздағы N 252-Ө
бұйрығымен Бекітілді
Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу ережелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасақталған.
Осы ережелердің мақсаты табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу жүйесін енгізу болып табылады.
2 2. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу жүйеленген, кезеңмен толықтырылатын және нақтыланатын табиғат пайдаланушылар және оған тиесілі қоршаған ортаны ластау көздері туралы біріңғайланған қысқа мәліметтердің жиынтығынан құралады.
3 3. Ластаудың әрбір көзіне Тізімдемелік паспорт жасалады.
Табиғат пайдаланушылар мен ластану көздерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырған жағдайда екі тізімдеме жүргізіледі - Табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесі және Қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізімдемесі.
Мемлекеттік тізімдемелер табиғат пайдаланушылардың есептілігі, ғылыми зерттеулер, жобалық іздеулер және экологиялық ақпараттардың басқа да көздерінің деректері бойынша жүргізіледі.
4
4. Табиғат пайдаланушылар меншік объектісі мен ведомстволық тиістілігіне тәуелсіз, экологиялық рұқсаттарды рәсімдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті атқарушы органға осы Ережелерге 1 және 2 қосымшаға сәйкес құрастырылған, табиғат пайдаланушылар мен ластану көздерін мемлекеттік есепке алу үшін материалдарды толық көлемде ұсынуы қажет.
5 5. Ластау көзінің тізімдемелік паспорты келесі мәліметтерді қамтуы қажет:
1 1) есептік номері;
2 2) есепке алынған объект атауы;
3 3) есепке алу паспортын жасаған және бекіткен тұлғалардың аты-жөні және қызметі;
4 4) есепке алынатын объект орналасуының схемалық картасы және оның географиялық координаттары;
5 5) нәтижесінде ластау көзі қалыптасқан экономикалық қызмет немесе табиғи құбылыс түрі;
6 6) ластау көзі қазіргі сәтте оның меншігіне жататын (иелігіндегі) ұйым-табиғат пайдаланушы;
7 7) әкімшілік бірліктерге қатысты орналасуы;
8 8) жер категориясы;
9 9) объект параметрлері;
10 10) орналасудың техникалық шарттары;
11 11) ластаушы заттардың химиялық құрамы және концентрациясы;
12 12) миграцияның мүмкін жолдары;
13 13) ластау көзі орналасқан территорияның климаттық сипаттамасы;
14 14) ластау көзін оқшаулау бойынша іске асырылған шаралар;
15 15)тұрғылықты халық және қоршаған ортаға қауіптілік деңгейі мен қажетті шаралар;
16 16) объект туралы деректердің көзі.
6 6. Табиғат пайдаланушының тізімдемелік паспортының есептік нөмірі табиғат пайдаланушының бизнес-жеке нөміріне сәйкес.
7 7. Мемлекеттік есепке алуды жүргізу келесілерді қамтиды:
тізімдемелік кітапқа сәйкес жазба енгізу арқылы табиғат пайдаланушыларын тіркеуге алу;
тізімдемелік кітапқа сәйкес жазба енгізу арқылы ластау көздерін тіркеуге алу;
ластау көздері паспорттарын жинақтау және сақтау;
мемлекеттік органдарға және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету;
есепті белсендіру, соның ішінде есептен күні және шығару себептерін көрсете отырып, ластау көздерін мемлекеттік шығару.
2 2. Табиғат пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу тәртібі
8 8. Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттарды рәсімдеу кезінде, объект категориясына сәйкес, қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті атқарушы органына келесі материалдарды ұсынады:
1 1) табиғат пайдаланушы ретінде есепке тіркеу туралы еркін формадағы өтінішпен қоса, осы Ережелерге 2-қосымшада көрсетілген деректер;
2 2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құралған ластау көзінің тізімдемелік паспорты қағаз және электронды түрде.
Материалдарға паспорттың дұрыс рәсімделуі және онда қамтылған ақпараттың дәйектілігі үшін жауапкершілік көтеретін, құрастырушы-ұйым басшысы қол қояды.
9 9. Қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті атқарушы органы ластау көзінің тізімдемелік паспортының дұрыс толтырылуын тексереді. Осы Ережелер талабы орындалмай құралған тізімдемелік паспорт есепке алынбайды және сақтауға қабылданбайды.
10
10. Қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті атқарушы органы табиғат пайдаланушысы туралы мәліметтерді табиғат пайдаланушылардың Мемлекеттік тізімдемесіне енгізеді. Әрбір табиғат пайдаланушыға есептік нөмір беріледі, ол тіркеудің реттік нөмірі мен табиғат пайдаланушының бизнес-жеке нөмірінен (БЖН) тұрады.
11 11. Ластау көзінің тізімдемелік паспорты ластау көздерінің мемлекеттік тізімдемесінде тіркеледі. Әрбір ластау көзіне есептік нөмір беріледі, бұл есептік нөмір табиғат пайдаланушының (аталмыш ластау көзінің иесінің) есептік нөмірінен және ластау көзінің реттік нөмірінен тұрады.
12 12. Қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті атқарушы органы 3- қосымшаның формасына сәйкес табиғат пайдаланушы және ластау көзінің есепке алынып, тіркелуі туралы жазба енгізеді.
13 13. Табиғат пайдаланушының және ластау көзін мемлекеттік есепке алу табиғат пайдаланушыдан материалдар алған күннен бастап, бір ай аралығында рәсімделеді.
14 14. Табиғат пайдаланушының қолына оны табиғат пайдаланушы ретінде мемлекеттік есепке тіркеу туралы куәлік және ластау көзінің паспортының көшірмесі беріледі.
3 3. Табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесінен және Ластау көздерінің мемлекеттік тізімдемесінен шығару
15 15. Ластау көздерін Ластау көздерінің мемлекеттік тізімдемесінен шығару табиғат пайдаланушының ластау көзін қолданыстан шығару жөніндегі материалдарын ұсыну негізінде жүргізіледі.
16 16. Табиғат пайдаланушыны Табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесінен шығару қоршаған ортаға әсер етуші қызметтің тоқтатылуына байланысты жүргізіледі.
17 17. Табиғат пайдаланушы және (немесе) ластау көзін тізімнен шығару туралы жазба енгізу қоршаған ортаны қорғаудың территориялық органының басшысымен қол қойылған акт негізінде жүзеге асырылады.
18 18. Табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесінен және ластау көзінің мемлекеттік тізімдемесінен шығарылғандардың тіркеу нөмірін жаңадан танылған табиғат пайдаланушылар мен ластау көздеріне қайта берілмейді.
1 Ластау көзінің тізімдемелік паспорты
Табиғат пайдаланушылар және
қоршаған ортаны ластау
көздерінің мемлекеттік есебін
жүргізу ережесіне
N 1 Қосымша
Ластау көзінің тізімдемелік паспорты
Тіркеу нөмірі__________________________________________________
Есепке алу объектісі________________________________________________
Тіркеген___________________________ _________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Бекіткен___________________________ _________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Ұйым________________________________________________________________
Ластау көзі орналасуының схемалық картасы, географиялық координаттары,
масштабы:
Нәтижесінде ластау көзі пайда болған экономикалық қызмет немесе табиғи
құбылыс түрі:
____________________________________________________________________
ластау көзінің туындауына себепкер болған кәсіпорын
____________________________________________________________________
Қазіргі сәтте ластау көзі меншігінде/иелігінде болатын табиғат
пайдаланушы-ұйым
____________________________________________________________________
Әкімшілік жағдайы
Облысы
Ауданы
Қала, кенті
1
2
3
Жер категориясы______________________________
Ластау көзінің параметрлері
Ұзын-
дығы,
м
Ені, м
Терең-
дігі,
м
Ауда-
ны, м 2
Саға
қимасы-
ның мөлше-
рі, диаме-
трі, м
Көзді
пайдалану
уақыты,
сағат/
жылына
Ластаушы
заттар
түрі
Агрегатты күйі
1
2
3
4
5
6
7
8
Орналастырудың техникалық шарттары
Жер қыртысы немесе сыйымды жыныстардың сипаттамасы
Жер қыртысы
немесе жыныстар
Су өткізгіштігі
Физика-механикалық
қасиеттері
1
2
3
Ластаушы заттардың химиялық құрамы
Ластаушы заттар
Нормативтер
Атауы,
таңба-
сы
Құрамы, %
Ластау
көзі-
нен
шыға-
тын
лас-
таушы
заттар
мөлше-
рі,
Жылына
/т
ШРК (ЗӘКД)
Мин.
Макс.
Орташа
Суда
Ауада
Жер
қыр-
тысын-
да
1
2
3
4
5
Миграцияның мүмкін жолдары
Су арқылы
Ауа арқылы
Басқа
1
2
3
Ластану учаскесінің мониторингі
Зерттелетін
параметрлер тізімі
Өлшеу жиілігі
Өткізу әдістері
1
2
3
Ластау көзінің орналасу территориясының климаттық сипаттамалары
Климаттық шарттар сипаттамасы
Желдер бағыты
Жылдамдығы 5 м/сек
жоғары желдер жиілігі
Жауын-шашындардың
түсу жиілігі
1
2
3
Ластау көзі әсерін төмендету бойынша жүзеге асырылған шаралар
___________________________________________________________________
Халық және қоршаған орта үшін қауіптілік деңгейі мен қажетті шаралар
___________________________________________________________________
Объект туралы деректердің көздері
Құжат
атауы
Құжат
мазмұны
Авторы
Хаттама N
Бекітілген
жылы
Сақталатын
орны
1
2
3
4
5
6
2 Табиғат пайдаланушы туралы деректер
Табиғат пайдаланушылар және
қоршаған ортаны ластау
көздерінің мемлекеттік есебін
жүргізу ережесіне
N 2 Қосымша
Табиғат пайдаланушы туралы деректер
1 1. БЖН, кәсіпорын атауы, негізгі қызметінің бағыты, заңды мекен-жайы, телефоны.
2 2. Ластаушы заттар атауы және жылдық зиянды заттардың шығарылу көлемі, тонна.
3 3. Ластаушы заттар атауы және жылдық зиянды заттардың тасталу көлемі, тонна/м
4 4. Жыл сайын түзілетін қалдықтардың атауы мен көлемі.
5 5. Атмосфераға зиянды заттардың жинақталған көздерінің саны.
3 Табиғат пайдаланушылар және
қоршаған ортаны ластау
көздерінің мемлекеттік есебін
жүргізу ережесіне
N 3 Қосымша
Тіркеу
номері
(БЖН)
Кәсіпорын
атауы
Негізгі
кызметі
Экологиялық
рұқсаттар
Табиғат
пайдала-
нушылар-
дың
мемлекет-
тік
есебінен
шығарыл-
ған күні
1
2
3
4
5
6
Табиғат пай-
даланушының
тіркеу номері
(БЖН - реттік
номері)
Ластау көзінің
атауы
Ластау көзі пас-
портын жасақтау-
шы - ұйым
Ластау көзі-
нің мемлекет-
тік есебінен
шығарылған
күні
1
2
4
5