Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешімінің күші жойылды деп есептелсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3172, 2004 жылғы 13 қазанында «Авангард» газетінде жарияланған бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі мәслихат шешіміне толықтыру енгізу туралы», 2005 жылғы 13 маусымдағы № 187 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-10, 2005 жылғы 6 шілдесінде № 50 «Авангард» газетінде жарияланған; «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралды» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 23 қазандағы № 371 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-53, 2006 жылғы 10 қарашасында № 10 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған; «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 13 ақпандағы № 412 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-66, 2007 жылғы 16 ақпандағы № 7 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2007 жылдың 4 тамызындағы № 475 шешімімен бекітілген
Басқа 5. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері
Тармақша 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылғандардың телефондары үшін абоненттік төлемдерінің көбейген бөлігінің және коммуналдық қызмет көрсетудегі (әрі қарай тұрғын үй көмегі) байланысты тұтынғаны үшін беріледі және де ол халықты әлеуметтік қорғаудың бірден бір түрі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі қаланың тұрақты тұрғындарына, егер олардың коммуналдық қызмет тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау және байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігі тұрғын үй көлемі белгілеген нормасы шегінен асып кеткен жағдайларда беріледі. Берілген шектегі үлес шығыны коммуналдық қызметтерді тұтыну мен тұрғын үйді ұстау төлеміне отбасыларының (азаматтар) жиынтық кірісінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. I, II, III топтағы мүгедектер, жасынан мүгедек болғандар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары үшін жиынтық табысынан 15% шекті мүмкінді болатын шығын нормасын белгіленсін.
Тармақ 3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй көлемінің нормасы әр отбасы мүшелеріне берілетін тұрғын үй нормасына барабар болып, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген және ол бір адамға 18 шаршы метр құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем болмау керек. Осы белгіленген нормадан жоғары коммуналдық қызметтің тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді есептеу приборлары жоқ тұтынушыларға (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, электр қуаты, су арнасы, қоқыс шығару) тұтыну нормативін облыс әкімі белгілейді. Электр қуаты шығыстарының нормасы өткен жылғы орта қосылымдағы нақты шығыстар бойынша жылу беру науқаны басындағы, тағайындалған тұрғын үй көмегін ескеріп есептеледі. Облыс әкімімен белгіленген, тұтынушылардың есепке алатын шығыстары, коммуналдық қызметті тұтынуда есепке алынған приборлары болса, оның алдыңғы тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығыстары, қызмет толық деңгейге көрсетілгендіктен есеп приборлары коммуналдық қызмет тұтыну нормасының көрсеткіші негізінде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі, осы жерде тұрақты тұратын және меншік иесі немесе тұрғын үй жалдаушы (жылға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Отбасында еңбекке жарамады кісілер болса, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында кызмет атқармайтын және жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз атағы жоқ және де, еңбек демалысында еңбек ақысыз алты айдан жоғары жүрген азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ. Айырықшылықты бір айдан кем уақыт станционарлық емдеуде болғандар, туберкулезбен ауыратындар, онкологиялық және психикалық аурулары бар азаматтар, емдеу органдарында тұрақта есепте тұрғандар және емдеу мекемелерінің дәрігерлік-кеңес комиссияларының қорытындысымен уақытша еңбекке жарамсыздар, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедектерді және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтумен айналысатын азаматтар, сексен жастан асқан зейнеткерлер, жеті жасқа дейінгі балалар және үшінші топтағы мүгедектігі, асыраушынан айырылуы жөнінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар, босқын мәртебесі бар тұлғалар жасайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін алушылар, тұрғын үй көмегін тағайындаудағы кез-келген өзгерістер туралы хабарлауы керек. Уәкілетті органға жалған мәліметтер берген жағдайда, оның артынан молырақ тағайындалған немесе заңсыз өтемақылар төленсе, алынған тұрғын үй көмегі толық мөлшерде берілген тұрғын үй көмегі өз еркімен қайтарылуы керек, ал одан бас тартқанда - сот арқылы бюджетке қайтарылуы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін есептеу
2. Тұрғын үй көмегін есептеу
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар тұлғалар «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Уәкілетті орган) мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) қызмет көрсетушімен куәландырылған коммуналдық кызмет тұтыну, тұрғын үй төлемі жөніндегі шығындары көрсетілген тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) тұрғын үйдің жеке меншік құқығын немесе жалға алу жалдау шартын растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар (тоқсан сайын). Жұмыс істейтіндер - еңбек ақы туралы анықтама, жалғыз басты аналар – 4 нөмір нысанындағы анықтаманы;
Тармақша 4
4) жасы жеткен зейнеткерлер мемлекеттік жәрдемақы алушылар зейнетақылық кітапшасын көрсетеді;
Тармақша 5
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін;
Тармақша 6
6) телекоммуникацияның қалалық жүйесінің абоненті екенін растайтын құжатты (шарт көшірмесін немесе телекоммуникация қызметі үшін есеп-квитанциясын) тапсырады.
Тармақ 9
9. Өтініш берушінің тапсырған құжаттарының нақтылығына күмән болса, Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін заң тәртібі белгіленген деп қажетті мәліметті сұрауға құқылы.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегі қолма-қол ақшасыз түрінде беріледі, ол қызмет көрсетушілер арасында бөлінеді және де ол азаматтың өтініші бойынша аударылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі ағымды тоқсандағы құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау айдын 5-нен басталып 20-нда аяқталады. Тағайындалған тұрғын үй көмегі толық бір теңгеге дейін дәлме-дәл жинақталады. Әр отбасының тұрғын үйді ұстауға төлемақыларының тиісті шектелген шығыс мөлшері қайтадан есептелінеді.
Тармақ 12
12. Көмек мөлшері норма шегінде қамтылған өтемақымен коммуналдық қызмет тұтынуы және тұрғын үйді ұстау үшін (жеке тұрғын үйден басқа), байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған (жалгердің, меншік иесінің), телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігінің нақты төлемінің айырмашылығымен есептеледі және осы отбасының тиісті деңгейдегі осы мақсатқа арналған шектеулі шығыстары, нақты шығындар сомасынан аспауы тиіс.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегін қаржыландыруы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган есептелген төлем сомасын көрсетіп, тұрғын үй көмегін алушылардың тізімдерін жасайды және әр айдың 5-ші күніне төлеу үшін «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаржы органына жинақты ведомостволар тапсырады.
Тармақ 15
15. «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төлеу тапсырмалары, берілген ведомостар негізінде жергілікті бюджетте қарастырылғандай қаржы бөлу есебінен бағдарлама администраторына қаржы қайтарады.
Тармақ 16
16. Телефон үшін абоненттік төлем көрсеткішінің көтерілуіне өтемақы төлеу 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік төлем көрсеткіштер өтемақыларын жоғарылату жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырады.
Тарау 4. 4. Отбасының жиынтық табысын анықтау
4. Отбасының жиынтық табысын анықтау
Тармақ 17
17. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде:
Тармақша 1
1) барлық түрдегі жалақылар, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, негізгі жұмыс орыны, сол секілді қосымша жұмыстарда жұмыс істеген уақыты үшін қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, ақшалай және заттай түрдегі сыйлық, қосымша төлем, қосымша ақы және әлеуметтік жеңілдіктер (қаржыландыру көздеріне байланыссыз);
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарының төлемі;
Тармақша 3
3) балалардың тууына және кәмелетке толмаған балалардың жерлеуіне төленетін жәрдемақылардан басқа, кәсіпорындар (ұйымдар) есебінен төлеуі және жалақы есептеуі кезінде есепке алынбайтын басқа да төлемдер есептеледі;
Тармақша 4
4) жасы жетуі мен асыраушысынан айырылуы, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
Тармақша 5
5) төлем көздеріне қарамастан оқу орындарының студенттеріне, оқушыларына төленетін стипендиялар;
Тармақша 6
6) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 7
7) уақытша жұмысқа жарамсыздық жәрдемақылар (оның ішінде бала күтімі бойынша);
Тармақша 8
8) екі қабаттығы және босануы бойынша жәрдемақылар;
Тармақша 9
9) бір жасқа жеткенше бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 10
10) тұрмысы төмен азаматтарға біржолғы төлем және материалдық көмек:
Тармақша 11
11) алименттер мен дачалық учаскелерден, қосалқы шаруашылықтан түске табыстар есепке алынады.
Тармақ 18
18. Сол қызметкерге берілуге тиісті жалақысы аударылғаны және тиісті сомасы ұсталғаны және берілген туралы міндетті түрде көрсетіліп есептелген жалақы туралы анықтама немесе оның көшірмесі жиынтық табысты анықтау негізі болып табылады.
Тармақ 19
19. Егер отбасында отбасының бір мүшесі қорғаншы болып табылса, онда оның жиынтық табысы ата-аналар табысын есепке алмай есептеледі.
Тармақ 20
20. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей бухгалтерлік есеп және қаржы есеп беру және бухгалтерлік есеп стандарты туралы белгіленген валюта айырбастау рынок курсы бойынша ұлттық валютаға есептеледі.
Тармақ 21
21. Есептесу кезеңінде құрамында өзгерістер болған обасының жиынтық табысын есептегенде, отбасы мүшесі келгеннің (кеткеннің) табыстары оның келгеннің (кеткеннің) бірінші айынан есептеледі (есептелмейді). Отбасының бір отбасы мүшесі жоқтығы бас бостандығынан айыру сотталғандығымен немесе лажсыз көндіру емделуіне жіберілгендігімен байланысты жағдайларда, отбасының жиынтық табысын есептегенде, кеткеннің (келгеннің) табыстар оның кеткен (келген) уақытына дейін есепке алынады. Көрсетілген себептері бойынша отбасында толық кезеңінде жоқ болған тұлғалардың табыстары отбасының жиынтық табысын есептегенінде есепке алынбайды. Егер отбасы табысын анықтайтын бір мүшесі тоқсаннан кем жұмыс істесе, оның жалақысы сол тоқсан ішіндегі айларға есептеледі, ал, оның орташа айлық табысы, жалпы жалақыны, басқа да табыстарды тоқсандағы барлық айларына бөлу жолымен расталады.
Тармақ 22
22. Отбасының жиынтық табысына өндірістік жарақаттанушылық салдарынан зиян келіп, денсаулығынан айырылып, жұмыс қабілетін жоғалтуға байланысты, заңмен белгіленгендей мөлшердегі жұмыс беруші жүзеге асыратын бір жолғы төлемдер және басқа да табыстар кіреді.
Тармақ 23
23. Жиынтық табыс ішіне кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстары да кіреді. Өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың табыстары жазбаша өтінішпен расталады. Отбасының жиынтық табысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес есепке алынады.