Құжат мәтініне өту

Об утверждении Списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами

Бұйрық · № 186-п · қабылданған 31.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34960/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами Күшін жойған Бұйрық ·№ 186-п ·31.07.2007
25.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами

Күшін жойған Бұйрық ·№ 186-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами
Атауы (қаз.)
Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
186-п
Қабылданған күні
31.07.2007
Көрсетілген редакция
25.11.2011 AI34960_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004916_
ЭКБ идентификаторы
34960
Редакция идентификаторы
AI34960_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:11

0 Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі;

2 2) Әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормалары бекітілсін.

2

2. "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3443 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, N 15, 101 бетте жарияланған, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 ақпандағы N 44-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

3 3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С.Әбденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен белгіленген заңнамалық тәртіппен баспасөз құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М.Құрмановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2007 жылғы 31 шілде

8 Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрдің міндетін атқарушының
2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө
бұйрығымен бекітілген
Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың ТІЗІМІ

1 1-тарау. Металл өңдеу

1 $1. Құю жұмыстары

1 1. Ваграншы

2 2. Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы

3 3. Шихтаны қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шихта толтырушы

4 4. Қорытпаны қайнатушы

5 5. Металды құюшы

6 6. Пневматикалық құралдарда жұмыс істейтін кесуші

7 7. Металдар мен балқымаларды қорытушы

8 8. Конвейерге ыстық қорытпа ілумен және тоннельдердегі құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар

2 $2. Дәнекерлеу жұмыстары

9 9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биіктігі 10 метрден асатын байланыстың биік құрылыстарында (мұнараларда, діңгектерде) және жоғары өрмелейтін жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеуші

3 $3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары

10 10. Қол жұмысымен айналысатын сығушы

11 11. Қазандықшы

12 12. Пневматикалық қол аспаптары жұмысында істейтін нақыштаушы

4 $4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар

13 13. Ыстық жұмыстарда істейтін құрсаушы

14 14. Металл жылытушы (дәнекерлеуші)

15 15. Диаметрі 10 мм асатын сымнан серите орау кезінде ыстық жұмыстарда істейтін серіппеші

16 16. Ыстық күйінде шығыршықты домалатумен айналысушы

17 17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы

5 $5. Металл қаптау және сырлау

18 18. Кессон-бактардың ішкі саңлауларын бітеумен айналысатын саңлау бітеуші

19 19. Ыстықтай тәсілмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысушы қорғасындаушы

6 $6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары

20 20. Діріл әсері қолға берілетін пневматикалық аспаптармен жұмыс істейтін бұрандашы-пневматик

21 21. Ыстық прокаттау, өрнектеу, эмальдау, кабель өндірісінде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлімшелерінде жабдықтарды реттеумен айналысатын жөндеуші слесарь

7 $7. Қорғасынмен жұмыс

22 22. Қорытумен, ағызумен, прокаттаумен, тартумен, қалыптасумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдерді қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар

2 2-тарау. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары

23 23. Игіш қол станоктары мен қайшыларды қаңқа тіректерді қолмен орнатумен айналысатын арматуршы

24 24. Асфальт бетондаушы

25 25. Қайнатушы-асфалытаушы

26 26. Гидромониторшы

27 27. Жер үңгіп-қазушы

28 28. Тас қашаушы

29 29. Тас қалаушы

30 30. Су астындағы камерада (кессон) жұмыс істейтін аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы

31 31. Орамдалған жабынды және жеке материалдармен істейтін шатыршы

32 32. Болат жабындымен істейтін шатыршы

33 33. Автогудронаттар машинисі

34 34. Автогрейдер машинисі

35 35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисі

36 36. Битум ерітетін жылжымалы қондырғы машинисі

37 37. Бульдозер машинисі

38 38. Грейдер-элеватор машинисі

39 39. Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисі

40 40. Асфальт-бетон төсегіш машинисі

41 41. Бір ожауы экскаватор машинисі, роторлы экскаватор машинисі

42 42. Двигателі іштен жанатын жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисі

43 43. Болат және темір-бетон құрылғыларын монтаждауда биікте және жоғары өрмелейтін жұмыстармен айналысатын монтажшы

44 44. Биікте жұмыс істейтін антеннашы-байланыс монтажшысы

45 45. Пештерді ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзімді жұмысшы

46 46. Өнеркәсіптік темір-бетон құбырларын төсейтін құбыр төсеуші

47 47. Қорғасынмен дәнекерлеуші

48 48. Өнеркәсіптік кірпіш құбырларын төсейтін құбыр төсеуші

3 3-тарау. Тау-кен жұмыстары

49 49. Кен өндіру өнеркәсібінің жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшін бекітілген жұмыс күші нормалары шегінен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары

50

50. Қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшін бекітілген жұмыс күші нормалары шегінен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа ашық кен жұмыстары және жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кеніштердің үсті, байыту, агломераттау, брикеттеу жұмыстары

1 $1. Кен және күрделі тау-кен жұмыстарының жалпы мамандықтары

51 51. Скважина бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисі, шпур бұрғылаушысы

52 52. Қопарғыш, қопару жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы

53 53. Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тау-кен жұмысшысы

54 54. Шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші

55 55. Бұрғылау қондырғысының машинисі, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі

56 56. Бекітуші

57 57. Ұста-бұрғы майлаушы

58 58. Тиеу машинасының машинисі

59 59. Шахта оқпандарына өн бойымен толық бұрғылау жөніндегі қондырғы машинисі

60 60. Машинист, машинист көмекшісі, ауыр өзі жүретін және көлік машиналарының жүргізушісі (ауыр жүк автомобильдері, өзі жүк түсіретін автомобильдер, жер қазатын машиналар, экскаватор, трактор, бульдозерлер)

61 61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы

62 62. Қазба жүргізуші

63 63. Ствол орнатушы

64 64. Тазалаушы

2 $2. Байыту, агломерация, брикеттеудің жалпы мамандықтары

65 65. Сазбалшық өндірісінде ыстықтай күйдірілген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы

66 66. Сынап өндіруде шикізатпен материалдарды күйдірумен айналысатын күйдіруші

67

67. Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кеніштердің, шахталар мен металлургия кәсіпорындарының жұмысты атқару кезінде шаң-тозаң шығаратын, 10 процент және одан да астам қос қышқылды кремний түзілетін қара, түсті және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмірді ұнтақтау, ұсақтау майдалау және шихтілеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер

68 68. Қорғасын байыту цехтарында істейтін жұмысшылар

4 4-тарау. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар

69 69. Қопарғыш

70 70. Геодезиялық белгілерді құрастырушы

71 71. Дала жағдайында жұмыс істейтін кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары

5 5-тарау. Скважиналарды бұрғылау

72 72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы

73 73. Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеуші, мұнара құрастырушы электр монтері

74 74. Бұрғылау қондырғысының машинисі

75 75. Скважинаны цементтеу жөніндегі машинист

76 76. Цементтеу агрегатының моторисі

77 77. Цемент-құм араластырғыш агрегат моторисі

78 78. Құбырларды престеуші

79 79. Мұнай мен газ (бірінші және екінші) пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы көмекшісі

80 80. Бұрғылау қондырғысы (бірінші және екінші) машинисінің көмекшісі

81 81. Қолмен ерітінді әзірлеумен айналысатын бұрғылау ерітіндісін әзірлеуші

82 82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь

83 83. Тікелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь

84 84. Бұрғы құлыптарын орнатушы

85 85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсететін электр монтері

6 6-тарау. Мұнай және газ өндіру

86 86. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы

87 87. Скважиналарды күрделі жөндеуден өткізетін бұрғылаушы

88 88. Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисі

89 89. Жылжымалы компрессор машинисі

90 90. Көтергіш машинисі

91 91. Жуу агрегатының машинисі

92 92. Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсілмен жару операторы

93 93. Скважиналарды жер астында жөндеуші оператор

94 94. Скважиналарды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау жөніндегі оператор

95 95. Скважиналарды химиялық өңдеу жөніндегі оператор

96 96. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі

97 97. Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі

98 98. Жер астында мұнай өндірумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар

99 99. Метанол мен қышқыл қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар

100 100. Теңіз бұрғылары мен көпірлерінің негіздіктерін құрастыру және жөндеу жөніндегі слесарь

101 101. Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь

7 7-тарау. Қара металлургия

1 $1. Қара металлургияның жалпы мамандықтары

102 102. Балқыған металдармен жұмыс істейтін ожаушы

103 103. Прокат және құбыр өндірісінің камералық пештері мен құдықтарында әдістемелік жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы

104 104. Пневматикалық құралдармен жұмыс істейтін металдың сыртқы кеселдерін өңдеуші

2 $2. Домна өндірісі

105 105. Домна пешінің үстін қараушы

106 106. Домна пешінің су құбыршысы

107 107. Домна пешінің көрікшісі

108 108. Вагон-салмақ машинисі

109 109. Скипші

3 $3. Болат балқыту өндірісі

110 110. Үйінді машинасының машинисі

111 111. Миксерші

112 112. Блоктарды қағушы

113 113. Қышқыл жойғыштарды балқытушы

114 114. Конверттерде, темірді бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы

115 115. Болат құюшы

116 116. Конвертерде, темірде бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы

4 $4. Прокат өндірісі

117 117. Ыстық прокат станының біліктеушісі

118 118. Балқыма қайнатушысы

119 119. Қаптаған болат білуші

120 120. Ыстық прокат станының қолғанат біліктеушілері

121 121. Рельстерді бекітетін қыстырғыш-престеуші

122 122. Сортты прокат өндірісінде істейтін өткізуші слесарь

5 $5. Құбыр өндірісі

123 123. Калибрлеу станының, құбырларды ыстық прокаттау станының, құбырларды пеште дәнекерлеу станының, құбырларды салқын прокаттау станының, құбырларды қалыптау станының біліктеушісі

124 124. Механикаландырылмаған стандарда істейтін құбырлар тартушы

125 125. Престе құбырларды калибрлеуші

126 126. Балға мен пресс ұстасы

127 127. Құбырларды ыстық прокаттау, құбырларды салқын прокаттау стандарының қолғанат біліктеушісі

6 $6. Ферросплав өндірісі

128 128. Ферросплав пештерінің көрікшісі

129 129. Балқытушы, ферросплав балқытушысы

130 130. Алюминді-термиялық әдіспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар

131 131. Ашық иінді пештерде кремний балқыламарын балқытумен айналысатын жұмысшылар

7 $7. Химиялық кокс өндірісі

132 132. Барий құюшы

133 133. Есікте тұрушы

134 134. Ұсақтаушы

135 135. Люкте тұрушы

136 136. Бензол өндірісінде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тікелей айналысатын қызметкерлер

137 137. Кокстендірілетін өнімдерді аулау цехында фенольды қондырғыға күтім көрсетумен айналысатын скрубберші-насосшы

138 138. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеуші

8 8-тарау. Түсті металлургия

1 $1. Түсті металлургияның жалпы мамандықтары

139 139. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде анодтарды астыңғы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы

140 140. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде катод өзектерінің астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы

141 141. Балқытушы

142 142. Қыздырушы

143 143. Қауіптілігі бірінші және екінші сыныпты химиялық заттарды пайдалана отырып, тантал, ниобий өндірісімен және олардың қосындысы мен олардан жасалатын бұйымдармен тікелей айналысатын жұмысшылар

144 144. Қатты балқымаларды жымдастырушы

145 145. Негізгі металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші

2 $2. Түсті және сирек металдар өндірісі, түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі

146 146. Алюминий, магний өндірісіндегі анодшы

147 147. Титан ысқыштарды қағып шығарушы

148 148. Металды құйып төгуші

149 149. Катодшы

150 150. Конвертерші

151 151. Конденсаторшы

152 152. Ванналар мен пештерді құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы

153 153. Сынапты шыңдаушы

154 154. Титан мен сирек металдарды қалпына келтіріп тазартумен айналысатын пешші

155 155. Активті никель ұнтақтарын қалпына келтіру жөніндегі пешші

156 156. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші

157 157. Вельцпештерде мырыш окистерін алуда істейтін пешші

158 158. Титан түзетін және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөніндегі пешші

159 159. Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндірісінде істейтін жұмысшылар мен шеберлер

160 160. Металды титан өндірісінде тетрахлоридті қалпына келтіру және металды тарту цехтарында (бөлімшелер мен учаскелерде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер

161 161. Лопарит концентратын хлорлау цехтарында істейтін жұмысшылар мен шеберлер

162 162. Титан шикізатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлімшелерінде (учаскелерінде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер

163 163. Фьюминг қондырғысында шлакты возгон тәсілімен қайыра өңдеу бөлімінде істейтін жұмысшылар

164 164. Балқыту цехтарында, сондай-ақ сынап өндірісінде тұқыл өңдеумен айналысатын жұмысшылар

165 165. Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы

166 166. Балқытылған тұздарды электролиздеуші

3 $3. Берилли өндірісі, оның қосындысы және одан жасалған бұйымдар

167 167. Металл берили өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшы

168 168. Берилли гидрототығын өндіруде фиьлтпрессорларды қолмен тазалаумен айналысатын аппаратшы

169 169. Аммоний фторбериллатын өндірумен айналысатын аппаратшы

170 170. Берилий тотығы ұнтағын алумен айналысатын аппаратшы

171 171. Берилли тотығы ұнтағынан бұйым жасау өндірісінде берилли тотығы ұнтағын пайдалана отырып, операциямен айналысатын аппаратшы

172 172. Берилли гидрототығы өндірісінде шихта материалдарын дайындаумен айналысатын аппаратшы

173 173. Берилли өндірісінде шихта материалдарын балқытумен айналысатын аппаратшы

174 174. Ветжүйеге қызмет көрсетумен айналысатын аппаратшы

175 175. Берилли мен оның құймаларын, берилли тотығынан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен айналысатын жұмысшы (фрезерлеуші, токарь т.б.)

176 176. Жеке қорғанудың оңашалаушы құралдарын пайдалана отырып жасайтын операциялардағы жұмысшылар

177 177. Технологиялық және көмекші жабдықтарды жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеуші

4 $4. Атом электр станциялары үшін отын өндіру

178 178. Шөгіндідегі, шайғындаудағы, таблеткалар қалыптастырушы, дайын өнімді ақауын сұрыптаушы, бақылау және жинақтаудағы аппаратшылар, есепші, шаң мен газды ұстап қалатын жабдықтарға қызмет көрсетуші операторлардан басқа, технологиялық үдерісті жүргізумен тікелей айналысатын аппаратшылар

179 179. Ұста-механик, ұста-электрик, автомат пен жартылай автоматты баптау, жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-сантехниктер, электромонтер

9 9-тарау. Электр станциялары мен желілер жабдықтарын жөндеу

180 180. Қорғасын өзекті кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельді желілерді жөндеу және құрастыру жөніндегі электр монтері

181 181. Жоғарғы вольтті электр таратқыш желілерді биікте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері

10 10-тарау. Түрпілеу өндірісі

182 182. Түрпілі бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, түрпілі шеңберлерді баланстап құюшы

183 183. Түрпілеу өндірісінде кедергілік пешін ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисі

184 184. Түрпілі материалдардың балқытушысы

185 185. Кремний карбидін балқытушы

186 186. Корунд цехында істейтін подинщик

11 11-тарау. Электротехника өндірісі

1 $1. Слесарлық жинау және электротехникалық өндірістегі жалпы кәсіптер

187 187. Сынап тазартушы

188 188. Сынапты түзеткіштерін қалыпқа құюшы

2 $2. Электрлі көмір өндірісі

189 189. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар

3 $3. Кабель өндірісі

190 190. Қорғасынды ыстықтай құю әдісімен айналысатын, кабельдерді қорғасынмен немесе алюминиймен престеуші

191 191. Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы

4 $4. Химиялық ток көздерін өндіру

192 192. Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы

193 193. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшін) араластырушы

194 194. Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетін қалдықтарды қорытушы

195 195. Қалыптағы қорғасын пластиндерді штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиндерді бөлшектеуші

12 12-тарау. Химия өндірісі

196 196. Қауіптілігі 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдер үшін жұмыстар, химия өндірісіне жатпайтын негізгі өндіріске қызмет көрсетумен айналысатын химиялық зертханалардың лаборанттарын қоспағанда.

1 $1. Химия өндірісінің жалпы мамандықтары

197 197. Балқытуда және бабымен пісіруде істейтін балқыту аппаратшысы

198 198. Каучукты көлденең қысыммен сүргілеумен айналысатын еселеп булаушы

2 $2. Сары және қызыл фосфор өндірісі және олардың қосындылары

199

199. Шахталы саңлаулы пештерде, күйдіргіш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлімшелерінде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, фосфор тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тікелей айналысатын, жұмысшылар, басшылар мен мамандар

3 $3. Үш хлорлы фосфор және бес күкіртті фосфор өндірісі

200 200. Негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар

4 $4. Лак-сыр өндірісі

5 $5. Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр, қорғасын көкшілі және жасыл бояу өндірісі

201 201. Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар

13 13-тарау. Резинаны қайта өңдеу

1 $1. Резина қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндірісінің жалпы мамандықтары

202 202. Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсірумен, ескек біліктерін вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы

203 203. Резина араластырғыш

204 204. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар

205 205. Ірі габаритті резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектерді вулканизациялауда (ірі қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) істейтін резина бұйымдарды жөндеуші

2 $2. Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу

206 206. Вулканизаторшы

207 207. Покрышкаларды (ауыр жүктілер) жинаушы

14 14-тарау. Мұнайды, газды, сланецті және көмірді қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнімдерін, мұнай майларын өндіру

208 208. Кокс түсіруші

209 209. Кокс тазалаушы

210 210. Хош иісті көмір сутегі өндірісінің экстракт цехтары мен бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар

211 211. Күкірт түзетін мұнай газын тазарту кезінде мышьяк ерітінділерін дайындаумен айналысатын жұмысшылар

212 212. Бензинді этилдейтін технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар

213 213. Мұнай мен газ өңдеу қалдықтарын жинауға арналған қысымда және дренажды ыдыстарда жұмыс істейтін сауыттарды жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар

214 214. Жоғары мөлшердегі күкіртсутегісі бар газ жарылу қауіпті ортада алдын алу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар

15 15-тарау. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндірісі

215 215. Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндірісімен айналысатын сорғызу аппаратшысы

216 216. Хлор ерітумен айналысатын, химиялық ерітінділер дайындау аппаратшысы

217 217. Целлюлоза қайнатушы

218 218. Талшық шикізатын қайнатушы

219 219. Ағаш булаушы

220 220. Колчедан ұнтақтаушы

221 221. Сульфат тиеуші

222 222. Колчедан, күкірт пештерді және турм тиеуші

223 223. Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеуші

224 224. Қышқылдаушы

225 225. Миксовщик

226 226. Қышқылды резервуарларды кірпішпен айналдыра қалаушы

227 227. Фибрлерді кесуші

228 228. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндірісінде істейтін қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сіңіруші

229 229. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші

230 230. Содовщик

231 231. Сульфитті целлюлоза және күкірт қышқылы өндірісінде істейтін жөндеуші-слесарь, жөндеу жөніндегі электромонтері, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері, майлаушы, өндірістік орындарда еден жуушы

232 232. Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс істейтін, жылдам жүретін қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналармен айналысатын, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы

233 233. Хлоршы

16 16-тарау. Цемент өндірісі

234 234. Қоймалжың тұнбалар бассейндері мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар

17 17-тарау. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндірісі

235 235. Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы

236 236. Тас қашаушы

237 237. Тас қайнатушы

238 238. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диірмен машинисі

239 239. Тас өңдейтін жабдықтарды реттеуші

240 240. Фрезамен тас өңдеуші

18 18-тарау. Темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндірісі

241 241. Бетон және темір-бетон бұйымдарын кесуші

19 19-тарау. Жылу сақтағыш материалдар өндірісі

242 242. Битумшы

243 243. Ваграншы

20 20-тарау. Жұмсақ жабындылар мен су өткізбейтін материалдар өндірісі

244 244. Қайнатқыш қазандарды толтырушы

21 21-тарау. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп

1 $1. Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары

245 245. Біліктерді механикаландырмай көтеріп-түсірумен айналысатын шлихталандыру жабдықтарының операторы

246 246. Канализация орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтіру жұмыстарының слесары

247 247. Тұту аппараттарын тазартып-қайраушы

2 $2. Мақтаны алғашқы өңдеу

248 248. Шикізатты және талшықты престеуші

3 $3. Зығыр және кендір-талшық өндірісі

249 249. Талшық дайындаушы

4 $4. Жүн өндірісі

250 250. Шұға өндірісіндегі тоқыма цехында істейтін шебер

251 251. Техникалық шұға жуумен айналысатын жұмысшы

5 $5. Киіз басу өндірісі

252 252. Қалың киіздер дайындаумен айналысатын киіз басушы

253 253. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киім саптаушы

254 254. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киімдерді қалыптан шығарушы

22 22-тарау. Тамақ өнеркәсібі

1 $1. Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мамандықтары

255 255. Қолмен тиеуде мерзімімен іске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететін кіріктіргіш аппаратшысы

256 256. Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы

257 257. Сүйек желімін дайындаушы

258 258. Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисі

259 259. Гофронды-ыдыс өндірісінің қалдықтарын тайлаумен айналысатын жұмысшылар

2 $2. Ет өнімдері өндірісі

260 260. Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:

1 1) ірі және ұсақ мүйізді малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шынжырға ілу, қанын сорғызу;

2 2) мүйізді ірі қараны сұрыптап қолмен терісін сыдыру, сұраптау;

3 3) ұшасын бөлшектеп кесу;

4 4) шошқаның ұшасы мен басын үйіту;

5 5) мүйізді ірі қара малдың ұшасын көлденең әдіспен өңдеу

6 6) терілерді шелдеуші

7 7) терілерді өңдеуші операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы

23 23-тарау. Темір жол көлігі және метрополитен

261 261. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистері

262 262. Мотовоз машинисі, мотовоз машинисінің көмекшісі, қол арба жүргізушісі

263 263. Кең табанды темір жол желілерінде жұмыс істейтін қол арба жүргізушісінің көмекшісі

264 264. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистерінің көмекшісі

265 265. Поездарды құрастырушы, поездарды құрастырушының көмекшісі

266 266. Электрлендірілген темір жолдарда биікте жұмыс істейтін түйісу желілерінің электр монтері

267 267. Жол монтері

268 268. Вагондарды қадағалаушы-жөндеуші

24 24-тарау. Өзен көлігі

269 269. Жүкші, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт ішіндегі көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін докер-механизатордан және қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктерді қайта өңдеумен үздіксіз айналысатын машиналар мен тетіктерге қызмет көрсететін жұмысшылардан басқа)

270 270. Қатты отынмен жұмыс істейтін кемелердің от жағушысы

271 271. Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерінің, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңізде қатар жүзетін кемелердің барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерін, сондай-ақ қала ішінде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс істейтін кемелерден басқа)

272 272. Жүзгіш кранда жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)

25 25-тарау. Полиграфия өндірісі

1 $1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар

273 273. Таптауырын, қаріп, теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерінде істейтін полиграфия жабдықтарын реттеушісі

274 274. Құюшы

275 275. Құю операцияларында және таптауырындарды бөлуде істейтін жұмысшылар

276 276. Таптауырыншы

2 $2. Ойық басылымдар цехтары

277 277. Ойық басылымның баспа бөлімшесінде жұмыс істейтін жұмысшылар (дайын өнімдерді қабылдау мен ораудан басқа)

278 278. Ойық басылым қалыптарын өрнектеуші

26 26-тарау. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы мамандықтары

279 279. Антеннашы-діңгекші

280 280. Битум қайнатушы

281 281. Аэрошана жүргізуші

282 282. 3,5 тоннадан жоғары жүк көтеретін автомобиль жүргізушісі (автобустардан басқа)

283 283. Су астындағы жұмыс маманы

284 284. Газдан құтқарушы

285 285. Өрт десантнигі, өрт парашютшісі

286 286. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлуші

287 287. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы

288 288. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы

289 289. Қазан тазалаушы

290 290. Қолмен қорғасын, сыр әзірлеумен айналысушы сыр езуші

291 291. Қорғасын, хош иісті және хлорлы көміртегі түзетін лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың ішін сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда біріккіштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып ірі габаритті бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы

292 292. Теңізде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)

293 293. Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисі (от жағушы)

294 294. Жүзбелі крандар машинисі командасының қызметкерлері

295 295. Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:

1 1) ашық түрдегі металл сынаптармен (жұмыс орнында тиімді ауа жаңартқышпен қамтамасыз етілген қондырғылар мен жартылай автоматтарда істейтіндерден басқа)

2 2) күкіртті мұнай, оның қайта өңделетін өнімдері мен күкірт түзетін мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуіштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;

3 3) тікелей өрт сөндіруге байланысты жұмыстармен;

4 4) кеме және темір жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерінде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тіркемелі жәшіктерде, түптердің арасындағы және борттардың арасындағы кеңістіктерде және басқа өтуі қиын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;

5 5) бензиннің этилді сұйық қоспасын жасаумен;

6 6) түйісетін желілерді, сондай-ақ 10 м асатын биіктігі жұмыс кезінде электр берілістерінің әуе желілерін құрастырумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен;

7 7) жүзбелі құралдарға, кемедегі такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен.

296 296. Канализация желілерін тазарту жөніндегі жұмыстармен айналысатын апаттық қалпына келтіру жұмыстарының слесары

297 297. Көпір слесары

298 298. Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысушы такелажшы

299 299. Тазалаушы

388 Әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрдің міндетін атқарушының
2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө
бұйрығымен бекітілген
Әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормалары
N р/с
Жұ­мыстың си­па­ты
Мүм­кін шек­те­гі жүк­тің сал­ма­ғы
1
Ауыр заттар­ды қол­мен кө­те­ру және ор­нын (бір жол­ғы) ауы­сты­ру­ды бас­қа жұ­мыспен ке­зек­те­сті­ру (бір са­ғат­та 2 рет­ке дей­ін)
10 кг
2
Жұ­мыс ауы­сы­мы бойы үне­мі ауыр заттар­ды қол­мен кө­те­ру және ор­нын (бір жол­ғы) ауы­сты­ру
7 кг
3
Жүк­тің ор­нын 1-ден 5 метр­ге дей­ін­гі қа­шық­тық­қа ауы­сты­ру ке­зін­де­гі жұ­мыс ауы­сы­мы­ның әр са­ғат сай­ын орын­да­ла­тын сер­пін­ді жұ­мыс мөл­ше­рі мы­на­дан ас­па­у­ға ти­іс: жұ­мыс ор­ны­ның үсті­нен еден­нен
1750 кгм
875 кгм
Ескерту:

1 1. Көтеретін және ауыстыратын жүктің салмағына ыдыстың және

орамының салмағы кіреді.

2 2. Арбамен немесе контейнермен жүкті ауыстыру кезінде қоса

салынатын күш 10 кг-нан аспауға тиіс.

Қолданыстағы