Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий в очагах туберкулеза

Бұйрық · № 467 · қабылданған 03.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34999/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий в очагах туберкулеза Күшін жойған Бұйрық ·№ 467 ·03.08.2007
30.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий в очагах туберкулеза

Күшін жойған Бұйрық ·№ 467 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий в очагах туберкулеза
Атауы (қаз.)
Туберкулез ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
467
Қабылданған күні
03.08.2007
Көрсетілген редакция
30.06.2010 AI34999_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004921_
ЭКБ идентификаторы
34999
Редакция идентификаторы
AI34999_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:10

0 Туберкулез ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, 24-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Туберкулез ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) (А. Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа және Комитет төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. А. Белоногқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргізілетін эпидемиологияға қарсы шаралардың нұсқауы

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы 3 тамызда N 467
Бұйрығымен бекітілген
Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргізілетін эпидемиологияға қарсы шаралардың нұсқауы

1 1. Жалпы ережелері

1 1. Осы Ереже республикалық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының туберкулез ошақтарында жүргізілген шараларына нұсқау береді.

2 2. Осы ережеде төмендегі түсініктер қолданылады:

1 1) туберкулез жұқпалы ауруының ошағы - тұрғылықты жер (жер үй, пәтер, жатаханадағы бөлме), оқу орны, жұмысы, бактерия бөлуші науқастың демалған орны жатады;

2 2) қатынас - бактерия бөлуші науқаспен басқа адамдардың жақын ара қашықтықта сөйлесуі, болмаса жабық жерде бірге қалуы;

3 3) қатынасты болған жан - бактерия бөлетін науқаспен бірге болған адам.

3 3. Ошақтарда жүргізілетін туберкулезге қарсы шаралар:

1 1) туберкулез нұсқасын туберкулезге қарсы дәрілермен емдеп, инфекциялық бақылау ережелерін сақтап, ауруханалық немесе емханалық жағдайда бақылау;

2 2) науқас анықталғаннан кейін 2 апта ішінде қатынаста болған жандарды тексеру;

3 3) қатынаста болған жандарға химиялық ем жүргізу (17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге);

4 4) кезекті және қорытынды дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізу;

5 5) науқастар мен олардың жанұя мүшелеріне тазалық насихатын жүргізу.

4 4. Тазалық және эпидемиологияға қарсы (алдына алу) шаралары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелері мен жалпы ауруханалық емдеу жүйесі және туберкулезге қарсы ұйымдар мен мал дәрігерлік қызметтің бірігуі арқылы жүзеге асады.

2 2. Туберкулез ошағының классификациясы

5 5. Бактерия бөлудің қарқындылығының бөлінуі:

1 1) орташа бактерия бөлу ҚТБ+1 нақты сандық көрсетілімі;

2 2) массивтті бактерия бөлу (+2 ден +3 ке дейін).

6 6. Ошақтық бірінші эпидемиологиялық тобына жататындар:

1 1) массивті бактерия бөлетін науқастардың ошағы;

2 2) орташа бактерия бөлуші балалар мен жасөспірімдері бар науқастар, жүкті әйелдер, маскүнемдер мен нашақорлар;

3 3) санитарлық-гигиеналық жағдайлары жоқ және төменгі деңгейде өмір сүретін ошақтар.

7 7. Екінші топқа анда-санда бактерия бөлетін науқастар тұратын жерлер жатады, бірақ аталған ошаққа осы ереженің 5-тармағындағы 2), 3) бөліктеріндегі факторлар болмаған жағдайда.

8 8. Үшінші топқа жататындар:

1 1) бактерия бөлу тоқтағаннан жерлер, бактерия бөлушінің тұрғылықты жерін өзгертуі немесе қайтыс болуы (оның ішінде диспансерге белгісіз науқастар);

2 2) туберкулезбен ауыратын мал шаруашылығының жануарлары анықталған туберкулез ошақтары.

Үшінші топтағы қатынаста болған туберкулез ошақтарының жандары бір жыл бойы бақыланады.

9 9. Эпидемиологиялық ошақтың бірінші тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің мамандарына тоқсан сайын барып қаралуы керек.

10 10. Эпидемиологиялық ошақтың екінші тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің мамандарына жарты жылда бір рет барып қаралуы керек.

11 11. Эпидемиологиялық ошақтың үшінші тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің мамандарына жылына бір рет барып қаралуы керек.

12 12. Ошақта жағдай өзгеріп, қауіп төнген болса туберкулез жұқпалы ауруының ошағы эпидемиологиялық бір топтан бір топқа эпидемиолог дәрігердің және аймақтық фтизиатр дәрігердің шешімі мен ауыстырылады.

13 13. СЭСда есепте тұратын туберкулездің бактерия бөлуші науқастардың есебі туберкулезге қарсы мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандарымен ай сайын тексеріледі.

3 3. Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргізілетін эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар

14 14. Ошақтағы шаралар үшке бөлінеді алғашқы, кезекті және қорытынды.

15 15. Алғашқы шараға науқасты оқшаулау және кезекті дезинфекцияны жүргізу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады.

16 16. Бактерия бөлуші науқасты есепке алғаннан кейінгі алғашқы үш күн ішінде ошақта алғашқы эпидемиологиялық дезинфекция жүргізіп, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005

8 шілдесіндегі N 332 "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларын бекіту" бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерудің картасы (330-у) толтырылады.

17 17. Ошақты алғаш аралағанда науқасты және оның жанұя мүшелерінің жеке куәліктерінің мәліметтерін анықтау өте маңызды. Науқас әр түрлі жерлерде тұратын болса немесе тіркелген болса, кезекті жүргізілетін шаралардың мәселелері толығымен мекен-жайларды аралағаннан кейін ғана шешіледі.

18 18. АМСК жүйесінің қызметкерлері ошақты тексергеннен кейін, науқастың жанұя мүшелерінің тазалық, әлеуметтік және басқада өмір жағдайларын ескере отырып, сауықтыру жобасы құрады.

19 19. Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтырудың жобасы құрылады. Ошақты сауықтыру жобасына кіретіндер:

1 1) науқасты оқшаулап емдеу;

2 2) балалар мен жасөспірімдерге нұсқау бойынша алдына алулар жүргізу;

3 3) науқасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;

4 4) қатынаста болған жандарды тексеру;

5 5) ересек қатынаста болғандар мен науқастарға эпидемиологияға қарсы ережелерді үйрету және алдыңғы кезекте кезекті дезинфекция шараларын үйрету.

20

20. Науқасқа "Туберкулезге қарсы мекеменің диспансерлік аймағының картасы" - ТБ 16 формасы атты медициналық карта толтырылады. Туберкулез жұқпалы ауруының ошағы жөніндегі мәліметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргізілетін шаралардың мәліметтерін дәрігер аймақтық медбикенің картасына (N 93 формасы) тіркеуі қажет.

21 21. Туберкулезге қарсы ұйымдар немесе бөлмелер жоқ ауылдық жерлерде, туберкулез ошақтарындағы жұмыстарды АМСК жүйесінің дәрігерлері жүргізеді.

22 22. АМСК жүйелеріндегі кеңес беру жұмыстарын облыстық және аудандық ТҚМ фтизиатрлары жүргізеді.

23 23. Ошақтағы кезекті дезинфекция туберкулездің бактерия бөлуші науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргізіледі. Бұл шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жүйені жобалау мен емдеу, мал дәрігерлік негізде жүргізіледі.

24 24. Ошақта жүргізілетін шаралар:

1 1) кезекті дезинфекция; балаларды оқшаулау, оның ішінде жаңа туылған нәрестелерді;

2 2) қатынаста болғандарды тексеру;

3 3) науқасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;

4 4) тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту;

5 5) емханалық негіздегі науқастың емін және қатынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдына алуды бақылау.

25 25. Ошақты сауықтыру жұмысы аймақтық фтизиатр дәрігердің бақылауымен медициналық медбике жүргізуі керек.

26 26. Қатынаста болғандар әрдайым ТҚМ тексерулері қажет. Медбике жанұялық және өзгеде қатынаста болғандарды тексеру керек, бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді, сонымен қатар мал шаруашылығындағы туберкулезбен ауырған жануарлармен қатынаста болған жандарды тексереді.

27

27. Жаңа туылған нәрестені БЦЖ вакцинациясынан кейін босануға көмектесетін ұйымдарда бактерия бөлетін науқастардан иммундық қорғанысы қалыптасқанға дейін 2 ай бойы оқшаулайды. Бұл жағдай науқастың ауруханаға жатуымен немесе нәрестенің уақытша ошақта болмауымен (нәрестелер бөлімшесі мен балалар үйінде) жүзеге асады.

28 28. Туберкулез ошағындағы қорытынды шараға науқастың эпидемиологиялық есептен шығарылу жатады.

29 29. Медициналық қызметкерлер ошақтарды аралағанда, эпидемиологияға қарсы ережелерді (бет перде тағу, медициналық халат киіу және жеке бастың тазалығын сақтау) сақтаулары қажет.

4 4. Қызмет бойынша (оқу орны) ошақты санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдардың алғашқы рет тексеруі

30 30. Науқастар туралы хабарлама алғаннан кейінгі 7 күн ішінде фтизиатр мен эпидемиолог науқастың санитарлық-гигиеналық бөлімдердің мамандарымен біріге отырып, науқастың жұмыс орнында (оқу орнында) тексерулер жүргізеді. Ошақтың шегі мен қатынаста болғандарды эпидемиолог дәрігер анықтайды.

31 31. Науқастың жұмыс орны бойынша қатынаста болғандарға белсенді бактерия бөлуші науқаспен қарым-қатынаста қызметкерлер мен жұмыскерлер жатады. Барлық қатынаста болғандар жұмыс орны (оқу орны) бойынша туберкулезге қарсы мекемелерде тексерулері қажет.

32

32. Гигиенист дәрігермен бірігіп, науқастың жұмыс орнындағы жұмыс жағдайы, зияндылығы, кезекшілігі, тамақтану тәртібі, флюорографиялық тексерулері сияқты жайттардың тексерілуі қажет. Науқастың жұмыс орны ошағының тексерілуі жөніндегі тексерудің актісі толтырылып, науқастың емханалық картасына жабыстырылады.

33 33. Қатынасты болған жандардың тексеруден кейін 6 ай өткен болса оларды қайталама флюрографиялық тексерумен балалар мен жасөспірімдерге туберкулезді сынаманы міндеттелген уақытта жүргізеді.

5 5. Балаларға арналған мекемелерге және теңестірілген мекемелерге жүргізілетін эпидемиологиялық шаралар

34 34. Эпидемиологиялық зерттеу әр тіркелген белсенді туберкулез жағдайында жүргізіледі. Эпидемиолог және фтизиатр және қызмет көрсетуші мекеменің медициналық қызметкерінің және жетекшілерінің қатысуымен жүзеге асады. Керек жағдайда Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетін шақырады.

35 35. Сонымен қатар жалақыға жұмыс істеушілердің табелдік тізімін салыстырады, балалар мен жасөспірімдердің тізімдік құрамын тексеріп, өткен және кезекті жылға флюорографиялық зерттеулердің қорытындысы мен күндерін тексереді. Зерттеу нәтижесінде, ошақ шектерін анықтап, шаралардың жобасын құрады.

36 36. Барлық қатынаста болғандар жайлы мәліметтер тұрғылықты жеріне сәйкес тексеру жүргізу мақсатында АМСК жүйесі мен ТҚМ беріледі. Бұл жұмысты босану үйлерінің шала туылған және әлсіз нәрестелер бөлімшесінде және балалар үйлерінде жүргізеді.

37 37. Жұқпалы аурулар және психоневрологиялық ауруханаларда жатқан науқастарда белсенді туберкулез анықталған жағдайда, алғашқы эпидемиологияға қарсы шараны осы ұйымдардың қызметкерлері жүргізуі қажет.

5 5. Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында кезекті дезинфекциялық шараны жүргізу

38

38. Туберкулез ошақтарында кезекті дезинфекция туберкулездің бактерия бөлуші науқасы үйде болған жағдайда жүргізіледі. Науқасқа "Туберкулездің бактерия бөлетін түрімен ауыратын науқас" деген тұжырым қойылып, есепке тіркелген уақыттан бастап, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы және дезинфекциялық тәртіптерді сақтай отырып, кезекті шара жүргізіледі. Ошақтағы ең тиімді кезекті дезинфекциялық шара болып, бөлмені жиі желдету болып табылады (күніне 2-3 рет, 30-40 минуттан).

39

39. Кезекті дезинфекцияны және оның дұрыс жүргізілуін ТҚМ анықтайды, олар науқастарға Қазақстан Республикасының аймағында қолданатын қақыруға арналған түкіргіш зат (2-ден кем емес) пен дезинфекциялық заттар беріледі. Науқастың емханалық картасына аймақтық дәрігер кезекті дезинфекцияның жүргізілген күні мен аяқталған күндерін белгілеп, шараның толық және сапалы өтуіне жауапкершілік міндетін алады. Кезекті дезинфекцияны науқас немесе оның жанұя мүшелерінің біреуі жүргізеді (балалар мен жасөспірімдерден басқа).

40 40. Аймақтық фтизиатр дәрігер науқасқа жеке бастың санитарлық тазалығын үйретеді: бет пердені қолдану, түкіретін затқа қақыру және кезекті дезинфекцияны жүргізу. Науқасқа қақырғын жинауға толық, жақсы жабылатын қақпақпен 2 түкіргіш ыдыс беріледі.

41 41. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелер), дезинфекциялық станция мен туберкулезге қарсы мекемелер кезекті дезинфекциялық шараны ұйымдастырып, әдістемелік жетекшілік етеді.

42 42. Дезинфекция жүргізуге арналған заттарды туберкулезге қарсы мекемелер береді, аталған мекемелер болмаған жағдайда, АМСК жүйесі береді, аталған мекемелердің бюджетінде осы шараға арналған арнайы қаржы болады.

7 7. Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргізілетін кезекті дезинфекция

43 43. Уақытылы және сапалы кезекті дезинфекцияның өткізілгенін ТҚМ жетекшісі қамтамасыз етеді. ТҚҰ жүргізілетін кезекті дезинфекция Қазақстан Республикасында жүргізуге рұқсат етілген препараттармен жүргізіледі.

44 44. Туберкулезге қарсы ауруханаларда дезинфекцияны арнайы штаттық нормативтегі дезинфекторлар жүргізеді.

45 45. ТҚҰ-да күнделікті дымқыл тазаланып, желдетілуі (күніне 2-3 рет, 30-40 минуттан) керек. Ал қызметкерлер болса, жоғары сапалы қорғаныстағы (99%) бет перделерді киюлері қажет. Бөлмелерде бактерицидтті сәулелендіргіш қондырғылар орнатылуы керек.

46 46. Науқас ауруханаға жатқан жағдайда оның киімдерін арнайы шеттетілген бөлмелерге қойып, науқас оларды тек күндізгі қыдыруға ғана пайдаланады.

47 47. Науқас ауруханадан кеткеннен кейін ол қолданған төсек жабдықтары (аурухананың жастығы, көрпесі, төсеніші) дезинфекциялық камерада залалсыздандырылады.

48 48. Туберкулезге қарсы мекемелердің ішкі заттары күнделікті дымқыл сүртіліп, тазалануы керек.

49 49. Қақырықты жинау, тасымалдау, залалсыздандыру және қақырық түкіргіш заттарды беретін жұмыстарды арнайы киінген және дайындалған қызметкерлер жүргізеді. Қақырықты жинау мен залалсыздандыру арнайы бөлінген бөлмелерде жүргізіледі.

50 50. Қолданылған асханалық ыдыстарды биялаймен (перчатка) арнайы белгіленген буфеттегі үстелге жинап, тамақ қалдықтарынан тазалап, жеке ыдыстарда залалсыздандырғаннан кейін жуып, сүртпей, арнайы кептіретін сөрелерге салу керек.

51 51. Қолданылған ыдыстарды ауамен залалсыздандыратын құрылғыда залалсыздандырады. Қолданылған ыдыстарды жинағаннан кейін үстелді арнайы дезинфекциялық ерітіндіге салынған сүлгімен сүрту керек.

52 52. Тамақ қалдықтарын арнайы ыдысқа (шелек, бөшке) жинап, бетіне құрғақ дезинфекциялық затты 1:5. сәйкес. Қалдық тамақтарды тармиялық жолмен (булап қайнататын ошақтарда) залалсыздандырылса малға беруге болады.

53 53. Кірлерді арнайы киіммен, биялаймен, резеңке аяқ киім киген жұмыскер, керегелері кафелденген, биіктігі 1,5 м, механикалық желдеткіш орнатылған арнайы бөлмелерде сорттайды.

54 54. Кірді желім қаптарға жинап, кір жуатын бөлімге жібереді, аталған жерде кірлерді залалсыздандырады. Жеке кір жуатын бөлім болмаған жағдайда, кірді жіберместен бұрын белгіленген күндері залалсыздандырып, жеке кір жуатын машиналармен жуады.

55 55. Туберкулезге қарсы мекемелерде стерилизациялық-дезинфекциялық іс-шаралар мен нозокомиалды жұқпалардың берілуін алдын алу ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.

56 56. Ауыр жағдай болмаса, ауруханада жатқан науқастарға келуге болмайды. Оның үстіне келушілер арнайы қорғаныш заттарын (халат, бет перде) қолданулары қажет.

8 8. Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргізілетін қорытынды дезинфекция

57 57. ТҚҰ-да қорытынды дезинфекция мекеме көшкен жағдайда, жөндеуден өтсе, салынса, ауыстырылса жылына 2 рет жүргізіледі.

58 58. Қорытынды дезинфекцияны осы нұсқаудың екінші қосымшасына сәйкестелген дезинфекциялық заттармен жүргізеді.

59 59. Ошақтардағы қорытынды дезинфекцияны туберкулезге қарсы диспансерлерден сұраныс келгеннен кейін 6 немесе 12 сағат ішінде дезинфекциялық станцияның, дезинфекциялық бөлімнің (бөлімше) және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің қызметкерлері жүргізеді.

60 60. ТҚҰ-да қорытынды дезинфекцияны Қазақстан Республикасының аймағында қолдануға рұқсат еткен дезинфекциялық препараттармен ТҚҰ-ның қызметкерлері жүргізеді.

61 61. Қорытынды дезинфекцияны жүргізетін жағдайлар:

1 1) науқас кеткеннен кейінгі барлық жағдайда;

2 2) тұрғылықты жері өзгертілсе, көшсе (пәтерді немесе бөлмені заттарымен қосып, залалсыздандыру).

62 62. Науқас ошақтан кетпеген жағдайда, қорытынды дезинфекция жүргізу аралығы ошақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

1 Жеке нысаналарды залалсыздандыру әдiстерiнiң тәртiбi және залалсыздандыратын заттар

Туберкулез ошақтарында жүргiзiлетiн
санитарлық-эпидемиологиялық шаралар
Ережесiнiң 1 Қосымшасы
Жеке нысаналарды залалсыздандыру әдiстерiнiң тәртiбi және залалсыздандыратын заттар
N
За­лал­сыздан­дыр-
атын ны­са­на­лар-
дың ата­у­ла­ры
Ке­зек­тi дез­ин­фек­ци­яда
Дез­ин­фек­ция
әдiстерi мен
қол­да­ны­ла­тын
заттар
Зал­ла­сыздан­ды­ру тәр­тiбi
%-те­гi
кон­цент.
ми­нут­та­ғы
эк­з­по­зи­ция
1.
Қа­қы­рық
түкiр­гi­ш­тер
1. Қақ­па­ғын
ал­май түкiр­гiш-
тер­дi ав­то­клав-
тау.
2. Ашық қа­қы­ры-
ғы­мен түкiр-
гi­штi де­зерiт-
iн­дi құй­ы­л­ған
ыдыс­қа са­ла­ды:
1) хло­ра­мин;
2) ак­ти­вир­лен-
ген хло­ра­мин;
3) каль­ций
ги­по­хло­ридi;
4) клор­септ;
5) ДП-2Т
0,5кгс/см
5,0
0,5
1,0
0,5
0,2
30
240
120
120
120
120
2
Қа­қы­рық жа­ғы­мы
1. Де­зерiт­кi­штi
ыдыс­қа құ­я­ды
(1 кө­лем­де­гi
қа­қы­рық жа­ғы­мы-
на 2 кө­лем­де­гi
де­зерiт­кiш есе-
бi­нен):
1) хло­ра­мин;
2) ак­ти­вир­лен-
ген хло­ра­мин;
3) пре­септ
(түй­iр­шi­тел­ген)
4) ак­ти­вир­лен-
ген каль­ций
ги­по­хло­ридi;
5) хло­ра­мин
5,0
2,5
200г/л
100г/л
50г/л
240
240
60
60
60
3.
Түкiр­гi­ш­тер
(қа­қы­рық пен
қақ­пақ­тан
боса­ты­л­ған)
1. Со­да қо­сыл-
ған ерiтiн­дi­де
қай­на­ту
2. Көр­сетiл­ген
бiр ерiтiн­дi­ге
са­лу:
1) ак­ти­вир­лен-
ген хло­ра­мин;
2) ак­ти­вир­лен-
ген каль­ций ги­по­хло­ридi;
3) клор­септ;
4) ДП-2Т;
2,0
1,0
1,0
0,3
0,2
15
60
120
180
30
4.
Ыдыс (ас­ха­на­лық),
Та­мақ қал­дық­та-
ры­нан боса­ту:
шәй қа­сық, ша-
ныш­қы­лар, тот
бас­пай­тын те-
мiр­ден жа­сал­ған
пы­шақ­тар, қа-
лай­лар, дәрi­ден
қал­ған құ­ты­лар
1. Со­ды қо­сыл-
ған ерiтiн­дi­де
қай­на­ту
2. Ауа­мен сир-
ил­деп (+160С)
за­ла­ла­сыздан­ды-
ра­ды
3. Көр­сетiл­ген
ерiтiн­дiнiң бi-
ре­уiне са­ла­ды:
1) пре­септ;
2) клор­септ;
3) део­хлор
(таб­лет­ка);
4) ДП-2Т;
5) ак­ти­вир­лен-
ген хло­ра­мин;
6) хло­ра­ин
2,0
+160С
0,280
0,3
0,06
0,2
0,5
5
15
30
180
180
30
30
60
240
5.
Та­мақ
қал­дық­та­ры
1. Қай­на­ту
2. Ав­то­клав­тау
3. Құр­ғақ хлор-
лы әк:
1) каль­ций
ги­по­хло­ридi;
2) пре­септ;
3) хло­ра­мин
-
0,5кг/см3
1:5
1:5
1:5
30
20
60
30
60
6.
Кiр­лер (тө­сек-
тiк, ас­ха­на­лық,
жи­һаз­дық жаб-
дық­тар)
1. Со­да қо­сыл-
ған ерiтiн­дi­де
қай­на­ту
2. Хло­ра­мин
3. Клор­септ
4. Пре­септ
5. Хло­ра­мин
6. Део­хлор
(таб­лет­ка)
2,0
5,0
0,3
0,280
1,0
0,06
15
240
120
90
60
30
7.
Бет ора­мал­дар,
фла­нел­ден­ген
және мақ­та­дан
тi­гiл­ген түкiр-
гiш құ­ты­лар­ды
са­ла­тын қал­та-
лар
1. Са­бын мен
со­да қо­сы­л­ған
ерiтiн­дi­де
қай­на­та­ды
2. Көр­сетiл­ген
ерiтiн­дiнiң
бiре­уiне са­лып
езiп қо­яды:
1) Пре­септ;
2) Хло­ра­мин
3) Ак­ти­вир­лен-
ген хло­ра­мин
ерiтiн­дiсi
4) Део­хлор
(таб­лет­ка)
2,0
0,028
5,0
1,0
0,06
15
60
360
120
30
8.
Резiң­ке­ден жа-
сал­ған бұй­ым­дар
1. Қай­на­ту
2. Ав­то­клав­тау
3. Део­хлор
(таб­лет­ка)
4. Пре­септ
-
0,5кг/см3
0,06
0,280
30
20
30
15
9.
Ки­етiн киiм­дер
мен тө­сек­тiк
жаб­дық­тар
Жел­детiп, ыстық
үтiк­пен үтiк-
теу. Дақ бай-
қал­са, де­зерiт-
iн­дi­ге са­лын­ған
том­пон­мен сүр-
те­дi.
10.
Ау­ру­ха­на­да­ғы
бөл­ме­лер­дi
(ке­ре­ге­лер­дi,
есiк­тер­дi, жи-
һаз­дар­ды), ем-
деу бөл­ме­лерiн,
жал­пы қол­да­ны-
ла­тын орын­дар­ды
1. Са­бын мен
со­да қо­сы­л­ған
ерiтiн­дi­ге са-
лын­ған ар­найы
сүл­гi­мен жу­а­ды:
2. Сүл­гiнi тө-
мен­де көр­сетiл-
ген ерiтiн­дi-
лер­ге са­ла­ды:
1) Хло­ра­мин;
2) Ак­ти­вир­лен-
ген хло­ра­мин
ерiтiн­дiсi;
3) каль­ций
ги­по­хло­ридi;
4) пре­септ;
5) клор­септ;
6) део­хлор
(таб­лет­ка);
7) ДП-2Т.
2%
5,0
0,5
1,0
0,168
0,5
0,2
0,1
60
60
60
60
60
60
30
11.
Қол жу­ғы­штар,
пи­су­ар­лар,
уни­таз, кран-
дар, ра­ко­ви­на-
лар, ван­на­лар
1. 10-шы бө­лік-
те­гi­дей, дез-
ерiтiн­дiлер­мен
за­лал­сыздан­ды-
ра­ды
2. Тұз­ды қыш-
қыл­мен және
тұр­мыстық хи-
ми­я­лық пре­па-
рат­тар қо­сып
жу­а­ды
12.
Жұм­сақ жи­һаз
және күн­делiк­тi
қол­да­ны­ла­тын
ұсақ-түй­ек­тер
10-шы бөлiк­те-
гi­дей, де­зерiт-
iн­дiлер­мен за-
лал­сыздан­ды­ра­ды
13.
Ой­ын­шық­тар:
те­мiр, резiң­ке,
ағаш, желiм
8-шi бөлiк­те­гі-
дей, де­зерiтiн-
дiлер­мен за­лал-
сыздан­ды­рып,
кей­iн­нен су­мен
жуы­ла­ды
8-б
14.
Жұм­сақ
ой­ын­шық­тар
Ка­ме­ра­лық
дез­ин­фек­ция
15.
Клиз­ма­ға ар­нал-
ған түтiк­тер
1. Ав­то­клав­тау
2. Қай­на­ту
3. 10-шы бөлiк-
те­гi­дей, дез-
ерiтiн­дiлер­мен
за­лал­сыздан­дыр-
ыла­ды
0,5кг/см3
-
20
30
16.
На­у­қа­стар­ды
кү­ту­ге ар­нал­ған
заттар:
10-шы бөлiк­те-
гi­дей, де­зерiт-
iн­дiлер­мен за-
лал­сыздан­ды­ры-
ла­ды
ДП-2Т
30
17.
На­у­қа­стар­дың
iш­ке ки­етiн
аяқ-киiм
Фор­ма­лин­ге са-
лын­ған том­пон-
мен сүр­те­дi
Сiр­ке суы
қыш­қы­лы
25%
25%
180
18.
Та­за­ла­у­ға
ар­нал­ған заттар
10-шы бөлiк­те-
гi­дей, де­зерiт-
iн­дiлер­мен за-
лал­сыздан­ды­ры-
ла­ды
19.
Бөлi­нетiн­дер
(зәр, дә­рет)
2-шi бөлiк­те-
гi­дей, де­зерiт-
iн­дiлер­мен за-
лал­сыздан­ды­ры-
ла­ды
20.
Да­лад­а­ғы дә­рет-
ха­на­лар мен
қо­қыс тө­гетiн
орын
То­лық жа­уып,
тол­мауын қам­та-
ма­сыз ету.
Күн­делiк­тi дез-
ин­фек­ция жүр­гi-
зiп, 10-шы
бөлiк­те­гi­дей,
де­зерiтiн­дiлер-
мен за­лал­сыз-
дан­ды­ры­ла­ды.
Қо­қы­стар­ды 2-шi
бөлiк­те­гi­дей,
де­зерiтiн­дiлер-
мен за­лал­сыз-
дан­ды­рып, өр-
тей­дi
21.
Көлiк
10-шы бөлiк­те-
гi­дей, де­зерiт-
iн­дiлер­мен за-
лал­сыздан­ды­ры-
ла­ды
Жоғарыда көрсетiлген дезерiтiнделермен қоса, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнде тiркелiп, әдiстемелiк нұсқауына сай қолдануға бекiтiлген өзге де заттар қолдануға болады.

2 Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарын топтастыру және алдын-алу шараларын жүргiзу

Туберкулез ошақтарында жүргiзiлетiн
санитарлық-эпидемиологиялық шаралар
Ережесiнiң 2 Қосымшасы
Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарын топтастыру және алдын-алу шараларын жүргiзу
Ошақ­тар-
дың
эпи­де-
мио­ло-
ги­я­лық
топ­та­ры
Ошақ­тар-
ды фти-
зи­атр
дәрi­гер-
лер­мен
эпи­де­ми-
олог­тар-
дың
ара­ла­уы
Ошақ­тар­ды
мед­би­ке-
лер­мен
эпи­де­мио-
лог­тар­дың
кө­мек­шi­ле-
рiнiң
ара­ла­уы
На­у­қа­стар­мен
қа­ты­на­ста
болған жан-
дар­ды тек­се-
ру және
ошақ­та ал­дын-алу
ша­ра­ла­рын
жүр­гi­зу
Ке­зек­тi
дез­ин­фек-
ци­я­ның
кө­ле­мi
Қо­ры­тын­ды
дез­ин­фек-
ци­я­ның
жүр­гiзi­лу
мерзi­мi
Бiрiн­шi
Бак­те­рия
бө­лу
тоқ­та-
ған­ша әр
тоқ­сан­да
1 рет
Бак­те­рия
бө­лу
тоқ­та­ған­ша
әр ай­да 1
рет
Кли­ни­ка­лық
тек­се­ру,
рент­ге­но­ло-
ги­я­лық зерт-
теу, әр жар-
ты жыл­ды қан
мен зәр­дiң
ана­лизi,
Нұс­қа­у­ға
бай­ла­ны­сты
-бак­те­рио­ло-
ги­я­лық зерт-
теу.
Ба­ла­лар мен
жа­сө­спiрiм-
дер­ге (18
жас­қа тол-
ған­ша) әр
жар­ты жыл­да
1 рет қо­сым-
ша Ман­ту
сы­на­ма­сын
жүр­гi­зу.
Ту­бер­ку­лез
жұқ­ты­рыл­ма-
ған ба­ла­лар
мен жа­сөс-
пiрiм­дер­ге
ту­бер­ку­лез-
ге қар­сы
егу­лер егi-
ледi.
Ту­бер­ку­лез­ге
қар­сы егу-
лер­дiң ара-
лық мерзi­мi
5 жыл. БЦЖ
вак­ци­на­сы­нан
кей­iн тыр­тық
бол­ма­са қай-
та­ла­ма егi-
ледi.
На­у­қа­стар­мен
қа­ты­на­ста
болған ба­ла-
лар мен жас-
өспiрiм­дер­ге
ҚР ДМ бұй­ры-
ғы­на сәй­кес
хи­ми­я­лық ал-
дын-алу­лар
жүр­гiзiледi
Ны­са­на­лар-
ды за­лал-
сыздан­ды­ру:
түкiр­гiш-
тер, ыдыс-
ар, кiр­лер,
жа­ғым­дар,
бөл­менi
та­за­ла­у­ға
ар­нал­ған
заттар.
Бөл­ме­лер­дi
күн­делiк­тi
дез­ин­фек-
ци­я­лық зат-
тар қо­сып,
та­за­лау.
Жел­де­ту.
Же­ке қор­ға-
ныс затта-
рын қол­да-
ну.
Жы­лы­на 2
рет
Екiн­шi
Жар­ты
жыл­да 1
рет
Екi ай­да 1
рет
1 эпи­де­мио-
ло­ги­я­лық
топ­та­ғы­дай,
бiрақ жы­лы­на
1 рет.
1 эпи­де­мио-
ло­ги­я­лық
топ­та­ғы­дай
ны­са­на­лар­ды
за­лал­сыз-
дан­ды­ру
Жы­лы­на 1
рет
Үшiн­шi
Жы­лы­на
1 рет
Тоқ­сан
сай­ын 1 рет
1 эпи­де­мио-
ло­ги­я­лық
топ­та­ғы­дай,
бiрақ жы­лы­на
1 рет.
Бөл­ме­ге
күн­делiк­тi
дым­қыл та-
за­лық жүр-
гi­зу
жүр­гiзiл-
мей­дi

Қолданыстағы