Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании уполномоченного органа по вопросам занятости и социальной защиты безработных

Өзге акт · № 97 · қабылданған 06.06.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3500/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О создании уполномоченного органа по вопросам занятости и социальной защиты безработных Қолданыста 06.06.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании уполномоченного органа по вопросам занятости и социальной защиты безработных

Қолданыста Өзге акт № 97 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании уполномоченного органа по вопросам занятости и социальной защиты безработных
Атауы (қаз.)
Жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
97
Қабылданған күні
06.06.1999
Көрсетілген редакция
06.06.1999 3500_190275.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99C000130_
ЭКБ идентификаторы
3500
Редакция идентификаторы
3500_190275
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:07
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган құру туралы

Қазақстан Республикасыкың "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 "Жұмыспен қамту Мемлекеттік қорына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту Мемлекеттік қызметі мәселелері" қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШТІ:

1. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан құрамында 8 адамы бар, басқарма қызметкерлерінің лимиттік шектеулі саны мөлшерінде, жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган құрылсын, оған таратылған облыстық жұмыспен қамту-еңбек биржасының өкілеттілігі мен қызметі берілсін.

2. Қоса беріліп отырған жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау өкілетті органының Ережесі, кұрылымы бекітілсін.

3. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдеріне, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына:

1) қалалық және аудандық жұмыспен қамту - еңбек биржасы орталықтарын бекітілген заңдылықтарға сәйкес Ақтөбе қаласындағы коммуналдық мемлекеттік қазналық кәсіпорындары-еңбек биржасы етіп қайта құрсын және оларға мемлекеттік әділет органдарында тіркелуге көмек көрсетіп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтарының мүлкі берілсін;

2) еңбек жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармасының және аудандық бөлімдерінің, жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлімдер немесе секторлардың құрамын анықтасын;

3) «Тұрғындарды еңбекпен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырсын.

4. Жұмыспен қамтубағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыссыздарды дайындау және қайта дайындау), өкілетті органды ұстау облыстық бюджеті есебінен іске асырылатын болып бекітілсін.

5. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы:

1) жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органдарлдың жұмыс берушілермен, білім беру органдарымен және де басқа қоғамдық ұйымдармен өзара келісімді жұмыс жүйесін жасап және бекістсін;

2) жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі органдардың штатарын таратылған облыстық және аймақтық жұмыспен қамту орталықтарының еңбек биржаларының кәсіпкер, білікті қызметкерлерімен құрастыруды қамтамасыз етсін.

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Е. И. манқұловқа жүктелсін.

12 Облыс Әкімінің 1999 жылғы

07 маусымдағы N 97
шешімімен БЕКІТІЛДІ
Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы Ереже.

1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орган Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғыңдарды жұмыспен қамту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 "Жұмыспен қамту Мемлекеттік қорына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту
Мемлекеттік қызметі мәселелері туралы" қаулысына сәйкес құрылады.

2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетгі органның (бұдан әрі-өкілетті орган) міндеттерін облыстық деңгейде облыс Әкімі анықтайды.

3. Өкілетті орган өз жұмысында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрамындағы орталық атқару органына, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына бағынады, жұмыс берушілермен, білім беру органдарымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара байланыста қызмет етеді.

4. Өкілетті орган өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да нормативтік құқықтық заңдылықтар, актілерін басшылыққа алады.

5. Өкілетті орган облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары басқаратын жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлімнен тұрады.

6. Өкілетті органды ұстау және қаржыландыру облыстық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның негізгі мақсаттары:

7. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемелекеттік саясатын облыстық деңгейде жүзеге асырады.

8. Азаматтарды және жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға мемлекеттік тапсырыс береді.

9. Өкілетті орган Тұрғыңдарды жұмыспен уақытша қамту мақсатында ұйымдарда ақылы қоғамдық жұмыстарға тапсырыс орналастырады.

10. Белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтарды мамандыққа дайындауға, мамакдығын жетілдіруге және қайтадан дайындауға жібереді.

11. Жұмыс берушілерді жұмыспен қамту туралы заңдылықтарды орындауын бақылауды іске асырады.

12. Өкілетті орган еңбек рынкіндегі жағдайды ескере отырып жұмыспен қамтылмаған азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.

3. Жұмыссыздарды -жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның міндеттері.

13. Келушілерді - жұмыс алу мүмкіндіктері және қандай болмасын жұмыс алушы адамға қойылатын талаптар, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшінің мүмкіндіктері туралы хабардар ету.

14. Азаматтарға қалаған жұмыстарын таңдауына, ал жұмыс берушілерге-қажетті жұмысшыларды іріктеуге көмек көрсету.

15. Бос жұмыс орындарының есебін жүргізу.

16. Еңбекке орналасу мәселесі жөнінде келген адамдарды тіркеу және есепке алу.

17. Тұрғындарға мамандық бағдар сілтеу қызметін көрсету.

18. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу, жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздарға жұмсаған қаражатын Қазақстан Республикасы зандылықтарында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен ішінара өтеу.

19. Еңбек рынкінің қажеттігіне сәйкес жұмыссыздарды мамандық игеру оқуына жіберу, мамандыққа қайта дайындау және мамандығын жетілдіру, сондай-ақ, олардың барлық оқу мерзіміне зандылықта қаралған мөлшерде стипендия төлеу.

20. Аймақтағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжап отыру.

21. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аймақтық бағдарламасын жасау және жүзеге асыру.

22. Ресми басылымдарда жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс туралы статистикалық және хабарлама деректерді, аймақтағы еңбекке орналастыру мен мамандық бағдар сілтеу мүмкіндіктерін жариялау.

23. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі хабарламалық мәліметтер базасын жинақтау үшін орталық атқару органы белгіленген қажетті мәліметтерді толық және мерзімінде беріп тұру.

4. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның құқықтары.

24. Жұмыс берушілерден қызметкерлердің босатылуы алдында мүмкін болатын құрылымдық өзгерістер нәтижесі және басқа шаралар туралы, сондай-ақ, жұмыс күшіне қажеттілік туралы, босатылғандардың, қабылданғандардың және жұмыстан шығарылған қызметкерлердің саны мен мамандық сапаларының дәрежесі туралы хабарламалар алу.

25. Жұмыс күшіне сұраныс болған жағдайда азаматтарды жұмыс берушілерге жіберу.

26. Жергілікті атқару органдарына ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу.

27. Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарга жіберу.

28. Мемлекеттік білім берумен айналысатын оқу органдарынан, оқу орындарынан меншіктің түріне қарамастан мамандарды дайындайтын, қайта дайындайтын және мамандықтарын жетілдіретін әртүрлі ұйымдардың - оқу

курстарынан бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы, оқытылып жатқан мамандықтар, қабылданғаңдар, оқудан шығарылғандар және дайындалуға тиесілі қажетті мамандар мен мамандықтар туралы хабарламалар сұрау.

29. Жергілікті атқару органдарына жұмысшыларды босатуға байланысты шараларды жүзеге асырудың мерзімін ауыстыру, немесе, уақытша тоқтату туралы ұсыныстар енгізу.

30. Жұмыспен қамту жөніндегі заңдылықтарды бұзуды жою туралы ұсыныстар енгізу, әкімшілік құқықтық талаптар бұзылғаны жөніндегі істерді қарау және жұмыспен қамту заңдьлықтарын бұзған айыпты тұлғаларға әкімшілік жаза салу.

5. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның жауапкершілігі.

31. Өкілетті органға жетекшілік жасаушы облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының бірінші орынбасары осы Ережеде көрсетілген міндеттер мен қызмет аясының орындалуына жауапты.

32. Органның басқа қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқауларман белгіленеді.

50 Облыс Әкімінің 1999 жылғы

07 маусымдағы № 97
шешімшен БЕКІТІЛДІ
Жұмыспен қамту мәселлері жөніндегі өкілетті органның ҚҰРЫЛЫМЫ
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлім.