Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы №148-ІІ, «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1, Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы от 07.08.2007 г. № 28 (Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы)
1. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары:
1) Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің бастығы - аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы Е.Б.Бисенов;
2) Өртке қарсы қызметінің бастығы - «Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі»мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Қаратөбе аудандық №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Р.Д.Абдрахманов;
3) Дәрігерлік қызметінің бастығы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің бас дәрігері - Х.Б.Ералин;
4) Ақпарат қызметінің бастығы - аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы А.К.Мұхамедрахимова;
5) Хабардар ету және байланыс қызметінің бастығы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының филиалы Қаратөбе аудандық торабының бастығы А.И.Биялиев;
6) Энергетика кызметінің бастығы - «Батыс Қазақстан облыстық таратушы электрторабтары компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық электрторабтарының бастығы Х.І.Мырзагерей;
7) Коммуналдық-техникалық қызметінің бастығы - аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Қыдырғожа;
8) Жануарлар мен өсімдіктер қызметінің бастығы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Б.Нұрмағанбетов;
9) Жолдар мен көпірлер қызметінің бастығы - «Орал жолдары» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық жол пайдалану пунктінің бастығы Қ.Ж.Мұқанов;
Қызметтер туралы ережелерді әзірлесін, құрылымын анықтасын, штабтар құрсын және қызметтерді қалыптастырсын. Қызметтердің іс- әрекеті аудандық азаматтың қорғаныстың жоспарларына және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылсын. Қызметтердің міндеттері жөніндегі азаматтық қорғаныстың арнайы шараларын орындауға күштер мен құралдардың дайындығын ұйымдастырсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Альжановқа жүктелсін.
Аудан әкімінің 2007 жылғы «7» тамыздағы
№ 28 шешіміне № 1 қосымша
Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің құрамы
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі - аудандық ішкі істері бөлімі
2. Өртке қарсы қызметі - «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Қаратөбе аудандық №16 өрт сөндіру бөлімі
3. Дәрігерлік қызметі –аудандық аумақтық медицина бірлестігі
4. Ақпарат қызметі - аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті
5. Хабардар ету және байланыс - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының филиалы Қаратөбе аудандық торабы
6. Энергетика қызметі - «Батыс Қазақстан облыстық таратушы электрторабтары компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық электрторабтары
7. Коммуналдық техникалық қызметі - аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
8. Жануарлар мен өсімдіктер қызметі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы
9. Жолдар мен көпірлер қызметі - «Орал жолдары» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық жол пайдалану пункті