Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы №148-ІІ, «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1, Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары:
Тармақша 1
1) Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің бастығы - аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы Е.Б.Бисенов;
Тармақша 2
2) Өртке қарсы қызметінің бастығы - «Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі»мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Қаратөбе аудандық №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Р.Д.Абдрахманов;
Тармақша 3
3) Дәрігерлік қызметінің бастығы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің бас дәрігері - Х.Б.Ералин;
Тармақша 4
4) Ақпарат қызметінің бастығы - аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы А.К.Мұхамедрахимова;
Тармақша 5
5) Хабардар ету және байланыс қызметінің бастығы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының филиалы Қаратөбе аудандық торабының бастығы А.И.Биялиев;
Тармақша 6
6) Энергетика кызметінің бастығы - «Батыс Қазақстан облыстық таратушы электрторабтары компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық электрторабтарының бастығы Х.І.Мырзагерей;
Тармақша 7
7) Коммуналдық-техникалық қызметінің бастығы - аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Қыдырғожа;
Тармақша 8
8) Жануарлар мен өсімдіктер қызметінің бастығы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Б.Нұрмағанбетов;
Тармақша 9
9) Жолдар мен көпірлер қызметінің бастығы - «Орал жолдары» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық жол пайдалану пунктінің бастығы Қ.Ж.Мұқанов; Қызметтер туралы ережелерді әзірлесін, құрылымын анықтасын, штабтар құрсын және қызметтерді қалыптастырсын. Қызметтердің іс- әрекеті аудандық азаматтың қорғаныстың жоспарларына және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылсын. Қызметтердің міндеттері жөніндегі азаматтық қорғаныстың арнайы шараларын орындауға күштер мен құралдардың дайындығын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Альжановқа жүктелсін.
Басқа 13. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің құрамы
Аудан әкімінің 2007 жылғы «7» тамыздағы № 28 шешіміне № 1 қосымша Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің құрамы
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі - аудандық ішкі істері бөлімі
Тармақ 2
2. Өртке қарсы қызметі - «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Қаратөбе аудандық №16 өрт сөндіру бөлімі
Тармақ 3
3. Дәрігерлік қызметі –аудандық аумақтық медицина бірлестігі
Тармақ 4
4. Ақпарат қызметі - аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті
Тармақ 5
5. Хабардар ету және байланыс - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының филиалы Қаратөбе аудандық торабы
Тармақ 6
6. Энергетика қызметі - «Батыс Қазақстан облыстық таратушы электрторабтары компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық электрторабтары
Тармақ 7
7. Коммуналдық техникалық қызметі - аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Тармақ 8
8. Жануарлар мен өсімдіктер қызметі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы
Тармақ 9
9. Жолдар мен көпірлер қызметі - «Орал жолдары» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық жол пайдалану пункті