Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан

Қаулы · № 816 · қабылданған 18.09.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35036/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 816 ·18.09.2007
01.03.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 816 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
816
Қабылданған күні
18.09.2007
Көрсетілген редакция
01.03.2016 AI35036_14.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000816_
ЭКБ идентификаторы
35036
Редакция идентификаторы
AI35036_14
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:03

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) "Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

2 2) "Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

3 3) "Алматы облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Алматы облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

4 4) "Ақтөбе облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Ақтөбе облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

5 5) "Атырау облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Атырау облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

6 6) "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

7 7) "Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

8 8) "Батыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Батыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

9 9) "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

10 10) "Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

11 11) "Қызылорда облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Қызылорда облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

12 12) "Маңғыстау облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Маңғыстау облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

13 13) "Павлодар облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Павлодар облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

14 14) "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

15 15) "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен;

16 16) "Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеуді жүзеге асыру болып айқындалсын.

3 3. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті болып айқындалсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге ұсынсын;

2 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

6 6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күші бар Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 8, 56-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 қарашадағы N 1656 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 46, 542-құжат);

3 3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат).

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қыркүйектегі
N 816 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерінің рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 105-құжат):

нарықтық қатынастар субъектілері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің тізбесінде:
"Жылжымайтын мүлікті қайта түгендеу саласындағы қызмет" деген бөлімде:
38-тармақ алынып тасталсын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.24 N 1247 қаулысымен.

5 5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық зерттеу саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және қызметтің мемлекеттік реттелуін жүзеге асыру";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтарда "мемлекеттік" деген сөзден кейін "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын.

6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

Қолданыстағы