Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил занесения идентификационного номера в интегральную микросхему

Қаулы · № 817 · қабылданған 18.09.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35037/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил занесения идентификационного номера в интегральную микросхему Күшін жойған Қаулы ·№ 817 ·18.09.2007
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил занесения идентификационного номера в интегральную микросхему

Күшін жойған Қаулы ·№ 817 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил занесения идентификационного номера в интегральную микросхему
Атауы (қаз.)
Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
817
Қабылданған күні
18.09.2007
Көрсетілген редакция
01.09.2023 35037_653384.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000817_
ЭКБ идентификаторы
35037
Редакция идентификаторы
35037_653384
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:03

0 Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесін бекіту туралы

"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қыркүйектегі
N 817 қаулысымен
бекітілген
Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі

1. Осы сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылған интегралдық микросхемаға сәйкестендіру нөмірін енгізудің тәртібін белгілейді.

2. Жеке сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға мамандандырылған жабдықта дербестендіру барысында жүргізіледі.

3. Дербестендіру дегеніміз персонал тарапынан араласуды талап етпейтін толық автоматтандырылған үдеріс дегенді білдіреді.

4. Дербестендіру екі үдерістен тұрады: деректерді дербестендіру үдерісі және интегралдық микросхеманы дербестендіру үдерісі.

5. Деректерді дербестендіру үдерісі - бұл дербес деректерді, оның ішінде фотобейнесі мен жеке қолын тиісті құжаттарға енгізу.

6. Интегралдық микросхеманы дербестендіру үдерісі - бұл оларды әрі қарай сақтау және оқу үшін дербес деректерді, оның ішінде сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ биометриялық элементтер мен электрондық цифрлық қолтаңбаны электрондық құжаттың интегралдық микросхемасына жазу.

7. Электрондық құжаттарды дербестендіру жабық жұмыс циклімен, персоналдың және аппаратураның қол жеткізуін бақылау ерекшеліктерімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен жабдықталады.

8. Дербестендірудің тиімділігі мамандандырылған жабдыққа орнатылған басқару және сапаны қамтамасыз ету модульдерінің көмегімен қолдау табады.

9. Деректерді дербестендіру және интегралдық микросхеманы дербестендіру үдерісі дербестендірілетін құжаттардың түріне қарай қатар немесе кезектілікке қарамастан, дәйекті жүргізілуі мүмкін.

10. Дербестендіру үдерісі аяқталысымен, құжаттың интегралдық микросхемасына енгізілген ақпарат мамандандырылған жабдықтың бақылап оқитын модулімен салыстырылады.

11. Электрондық құжаттағы интегралдық микросхемада қамтылған ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғау интегралдық микросхемаға электрондық цифрлы қолтаңбаны және халықаралық стандарттарға сай келетін "Basic Access Control" ақпаратын қорғау бағдарламасын енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Қолданыстағы