Қолданыстағы ред. 02.09.2007 (Редакция 35051_327809.kaz)

Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруы тіркелуіне байланысты Шілекті жайлауы аумағына шектеу салу туралы от 02.09.2007 г. № 147 (Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруы тіркелуіне байланысты Шілекті жайлауы аумағына шектеу салу туралы)

0

Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруы тіркелуіне байланысты Шілекті жайлауы аумағына шектеу салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық- эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2007 жылғы 18 шілдегі № 37 сараптама актісі қортындысын ескере отырып, Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлауында құтыру ауруы тіркелеуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ірі қара малы арасында құтыру ауруы тіркелуіне байланысты, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлау аумағына ірі қара малы сауықтырылғанша дейін шектеу салынсын.

2

2. 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлау аумағын құтыру ауруынан сауықтыру жөнінде кешенді жоспарлар бекітілсін (№ 1 қосымша).

3

3. Ақбұлақ селолық округінің әкіміне (Уржанов) Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясымен (Досказиев), Шыңғырлау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Забиров), Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігімен (Қалмен) және Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімімен (Османғалиев) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.

4

4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 108 «Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округі бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруы тіркелуіне байланысты Шілекті жайлауы аумағына шектеу салу туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.

6. 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлау аумағын құтыру ауруынан сауықтыру жөнінде кешенді жоспары

Аудан әкімдігінің 2 қыркүйектегі 2007 жылғы №147 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша
2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Шілекті жайлау аумағын құтыру ауруынан сауықтыру жөнінде кешенді жоспары

Шараларыдың атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
НҚА құзырлығының негізі
1. Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
1
Эпизоотикалық жағдайға байланысты селолық округте ірі қара жайылымның аумағын анықтау
Ұдайы
Ақбұлақ селолық округінің әкімі және мемлекеттік ветеринариялық инспектор
ҚР «Ветеринария туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары
2
Ақбұлақ селосы аумағында құтыру ауруынан ірі қара қорасы немесе ауласын санитарлық тазалау жұмысын ұйымдастыру
Ұдайы
Ақбұлақ селолық округінің әкімі, селолық ветеринариялық инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары
3
Санитарлық ағартушылық шараларын жүргізу мақсатында халыққа қажеті мал дәрігерлік, санитарлық гигиеналық білімді жеткізу
Ұдайы
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, аудан МСЭҚБ, ауылдық АДА
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік ветеринариялық инспекторы туралы ережелер
2. Індет ошағындағы жүргізілетін мал дәрігерлік және санитарлық шаралар
4
Халық арасында құтырма ауруынан қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Ұдайы
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, аудан МСЭҚБ
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
5
Оқшауландырылатын және қадағалауда қалдырылатын тістелген адамдар мен жануарлардан басқа, құтырмамен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды кейіннен жаға отырып, өлтіру
Шектеу кезіне
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, полиция учаскелік инспекторы, аудан МСЭҚБ
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
6
Құтырма бойынша қолайсыз ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың, табынның) клиникалық белгі бойынша дені сау малының сүтін, құтырмаға қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 80-85° С-да 30 минуттай пастерлегеннен немесе 5 минут қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың азығына пайдалануға болады
Шектеу кезіне
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
7
Құтырма ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттар ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дезинфекцияланады
Шектеу кезіне
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
3. Арнайы мал дәрігерлік шаралар
8
Құтырманың эпизоотиялық ошақтарында олардың арасынан құтырма ауруы бойынша аурулар немесе күдікті шыққан жануарлар топтарын (ферма, үйір, топ, мал, отар, табын) тұрақты қадағалау белгіленеді. Бұл жануарларды күніне кем дегенде үш рет қарайды және оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен алдын ала егеді. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшаулау керек
Шектеу кезіне
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
9
Шектеуді жергілікті атқарушы органдардың шешімімен (ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен аудандық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бірлескен ұсынымы негізінде) жоспарланған алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен, жануарлар ауруының соңғы жағдайы күннен бастап екі ай өткеннен кейін алынып тасталады
Шектеу кезіне
Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, аудан МСЭҚБ
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
4. Адамдарды аурудың жұғуынан жұғуынан қорғаудың шаралары
10
Халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Ұдайы
Ааудан МСЭҚБ, АДА
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
11
Оқшауландырылатын және қадағалауда қалдырылатын тістелеген адамдарды бақылау
Ұдайы
Ааудан МСЭҚБ, АДА
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық- санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына
Шектеу шаралары қолайсыз пунктер алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін алынып тасталады
ҚР - Қазақстан Республикасы
КР АШМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрінің
МСЭҚБ - Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
АДА - Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы