О создании Совета национальных инвесторов при Президенте Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Совета национальных инвесторов при Президенте Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 404
- Қабылданған күні
- 10.09.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2010 AI35084_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U070000404_
- ЭКБ идентификаторы
- 35084
- Редакция идентификаторы
- AI35084_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:05
0 Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы
Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияекі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 10 қыркүйектегі
N 404 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық
инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2 2. Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Кеңес қызметінің құқықтық негізін құрайды.
3 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
4 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады. см. P071180
2 2. Кеңестің негізгі міндеттері
5 5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1 1) мыналар:
саланы тиімді дамытуға немесе елеулі мультипликативті әсерді қамтамасыз ететін жаңа салалар мен кіші салаларды қалыптастыруға ықпал ететін, экономиканы жаңғыртуға және құрылымдық қайта құруға байланысты инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2 2) инвестициялық саясат саласындағы маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.
3 3. Кеңестің құрамы
6 6. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
7
7. Лауазымдары бойынша: Премьер-Министр, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президенттің көмекшісі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы, Индустрия және сауда министрі, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
8 8. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды тұлғалары енуі мүмкін.
9
9. Кеңестің іскерлік топтардан құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығыменқұрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымдары негізінде қазақстандық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қаржы ұйымдарының бірінші басшылары қатарынан қалыптасады.
10 10. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4 4. Кеңестің жұмыс тәртібі
11 11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңестің төрағасы айқындайтын мерзімде жылына кемінде бір рет өткізіледі.
12 12. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
Аралық отырыстарда соңғы жалпы отырыстың шешімдерін орындау қорытындылары, келесі жалпы отырысқа дайындық, Кеңеске мүше компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты ағымдағы мәселелер талқыланады.
13 13. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделген шешімдер қабылданады.
14 14. Кеңес жекелеген мәселелерді шешу мақсатында Кеңестің жұмыс топтарын құруы мүмкін.
5 5. Кеңестің жұмыс органы
15 15. Кеңестің жұмыс органы:
1 1) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссияның Кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарын дайындау және енгізу;