Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан

Қаулы · № 90 · қабылданған 27.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35087/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 90 ·27.08.2007
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 90 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90
Қабылданған күні
27.08.2007
Көрсетілген редакция
01.01.2020 35087_439304.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004936_
ЭКБ идентификаторы
35087
Редакция идентификаторы
35087_439304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:07

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 22 сәуір - 6 мамырда N 9 (206) жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4048 тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 17 ақпандағы N 28-29 (835) жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесінде:
74-тармақта "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1 және 1-2 қосымшаларда "СТН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
2-1 қосымшада "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 3. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

5

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Қолданыстағы