Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 829 · қабылданған 24.09.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35091/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 829 ·24.09.2007
18.04.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 829 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
829
Қабылданған күні
24.09.2007
Көрсетілген редакция
18.04.2014 AI35091_6.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000829_
ЭКБ идентификаторы
35091
Редакция идентификаторы
AI35091_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:03

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 қыркүйектегі
N 829 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самұрық" холдингі" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 4-бөлімде:
үшінші абзацта:
"басшыларының орынбасарлары", "атқарушы директоры" деген сөздер "бірінші басшылары", "басқарма төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржы" деген сөзден кейін ", Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздермен толықтырылсын.

2

3 3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазына" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацта:
"басшыларының орынбасарлары" деген сөздер "бірінші басшылары", деген сөздермен ауыстырылсын;
"Индустрия және сауда" деген сөздерден кейін ", Қаржы" деген сөзбен толықтырылсын.

4

5 5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацтағы "(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.

6

7 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:

"Кеңестердің қызметін ұйымдастыру" деген 4-бөлімде:
7-тармақта "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "немесе оның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі
Бозымбаев              - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы      жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)"
мына:
"Мыңбаев               - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы      жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев               - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы      минералдық ресурстар министрі";
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын;

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі
енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын;

4 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         орынбасары, төраға
Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі
мына:
"Оспанов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы           министрлігі Аграрлық саясат және
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы
департаментінің директоры, хатшы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оспанов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы           министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
стратегиясы және аграрлық ғылым
департаментінің директоры, хатшы";
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын;

5 5) 5) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080Қаулысымен ;

6 6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         орынбасары, төраға
Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі
Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы      минералдық ресурстар министрі
Сапарбаев              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы       халықты әлеуметтік қорғау министрі;
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.

8 8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самғау" холдингі" АҚ-ның басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
төртінші абзацтағы "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.

9

Қолданыстағы