Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа

Бұйрық · № 244 · қабылданған 24.08.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35108/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа Қолданыста Бұйрық ·№ 244 ·24.08.2007
30.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа

Қолданыста Бұйрық ·№ 244 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа
Атауы (қаз.)
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
244
Қабылданған күні
24.08.2007
Көрсетілген редакция
30.06.2025 35108_773272.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004939_
ЭКБ идентификаторы
35108
Редакция идентификаторы
35108_773272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:07

0 Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушының 2007 жылғы 24
тамыздағы № 244 бұйрығымен
бекітілген
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою тәртібін, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

2 2) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

3 3) құқық белгілейтін құжаттар - солардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құжаттар;

4

4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) - Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;

5

5) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

6 6) өтініш берушінің уәкілетті өкілі – өтініш берушінің атынан өтініш беретін және сенімхатқа, заңнамаға, соттың шешіміне не құқықтық актіге негізделген өкілеттіктерге орай мемлекеттік тіркеуге байланысты өзге де әрекетті жүзеге асыратын адам;

7 7) тіркеу ісі - құқықтық кадастрдың мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін объектілік принцип бойынша сақтау жүзеге асырылатын бөлігі.

3

3. «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді.

4

4. Негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті берушітіркеу ісінде сақталатын көрсетілген құжаттың көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізеді.

5 5. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын берген кезде тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне және құқықтық кадастрдың тіркеу ісінің тиісті бағандарына құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасының күшін жою туралы тиісті жазба енгізеді.

6 6. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы құқық иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне ғана беріледі (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы);

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

7

7. Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін көрсетілетіне қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес төлем ақысы бойынша (бұдан әрі-өтініш) осы Қағиданың 2-қосымшасын сәйкес «Жылжымайтын мүлік құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе «электрондық үкімет» порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

8

9 9. Өтінішті көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде қызметті беруші құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі басқармаға (бөлімге) жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкеріне құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, олардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

10 10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері құжаттарды қабылдау бөлімінен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, мұрағаттан тіркеу істерін сұратады.

11

11. Содан кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері жылжымайтын мүлікке құқықтардың (ауыртпалықтардың) пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (ауыртпалықтардың) туындауына, тоқтатылуына негіз болып табылатын жасалатын мәміленің және (немесе) өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оның жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жою және құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы немесе Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда бас тарту туралы жазба енгізеді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері ұсынылған құжаттар Тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Телнұсқа» белгісі бар және тіркеуші органның мөртаңбасы қойылып жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын дайындайды.
Телнұсқаны беруден бас тартқан жағдайда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы жазбаша хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) жолдайды.
Телнұсқаны дайындау немесе бас тарту туралы хабарламаны дайындау бойынша рәсімді жүзеге асырғаннан кейін құжаттар басшылыққа қарауға, кейіннен қол қою үшін жіберіледі.
Қол қойылған құжаттар, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы немесе құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беруден бас тарту туралы хабарлама кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін құжаттарды қабылдау және беру бөліміне беріледі.

12 12. Өтінішті портал арқылы берген кезде электрондық сұрау салуды жіберу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге автоматты түрде жіберіледі.

Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын көрсеткен кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

13 13. Портал арқылы өтініш берген кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

13-1

13-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) немесе порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күн.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Телнұсқа» белгісі бар жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы және тіркеуші органның мөртаңбасы болып табылады.

16

16. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;
Әділет министрлігі қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі

17 17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

1.1 Жоғалған немесе бүлінген құқық

белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
1-қосымша
нысан
________________________________________________________________________
("Азаматтарғаарналғанүкімет" мемлекеттіккорпорациясының филиалы)
Құқықбелгілейтінқұжаттыңтелқұжатын беру туралы ӨТІНІШ N__________
Тегі, Аты, Әкесініңаты (олболғанкезде) (бұданәрі – Т.А.Ә.) /
Заңды тұлғаның толық атауы __________
ЖСН/БСН_______________________________________________________________
Тұратынжері/ Заңды мекенжайы ___________________________________________
Жеке бастыкуәландыратынқұжат: түрі____________, №__________
Берілді_______________________________, берілген күні______________________
(егер өтініш беруші біреуден артық болса ақпаратты қайталау)/
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Атынаніс-әрекететеді__________________________________________________
(уәкілетті өкіл толтырады)
негізінде _______________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_______________________________________________________________________
________________________________________мекен-жайы бойынша орналасқан
жылжымайтын мүлік объектісіне
_______________________________________________________________________
(құжаттыңатауы)
Басшысының немесе
Уәкілетті өкілдің Т.Ә.А. ____________________________________________________
_______________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_____________________________________________________ атынан ісәрекет ететін
_______________________________________________________________________
________________________________телқұжатын беруді сұраймын (сұраймыз)
Құқық белгілейтін құжаттың жоғалуына немесе бүлінуіне
(бұзылуына) әкелгенмән-жайлар___________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Төленгені туралы құжат: түрі_______ N______ сомасы_________теңге
2. _____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
3. _____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.Ә.А. мен қолы)
Өтініш берілген күн:_____________20__жыл.
Уақыты_________сағ.__________мин.
Орындаудың жоспарлы уақыты_____________________________________________
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі__________________________________________
_______________________________________________________________________
Тексерілді: күні________ 20__жыл.
_______________________________________________________________________
(орындаушының Т.Ә.А. және қолы)
Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ «___» ________ 20__ ж.
(қолы)

1.2 «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Жоғалған немесе бүлінген құқық
белгілеуші құжаттың телнұсқасын
(куәландырылған көшірмесін)
беру және оның күшін жою
қағидаларына қағидаларына»
2-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Жы­л­жы­май­тын мүлiк­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру»
1
Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның фи­ли­а­лы
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні (құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­руы үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 20 ми­нут;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 20.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған/қа­ғаз тү­рін­де);
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сы не Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны:
элек­трон­дық / қа­ғаз тү­рін­де.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның неме­се оның өкі­лі­нің же­ке ку­ә­лі­гін не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат­ты көр­сет­кен кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
6
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны жи­нау тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша тө­лем Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стрі­нің 2024 жы­л­ғы 9 сәу­ір­де­гі № 212/НҚ бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­тар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік мо­но­по­ли­я­ға жат­қы­зы­л­ған «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет «мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы өн­ді­ре­тін және (неме­се) өт­кі­зе­тін та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ба­ға­ла­ры­на сәй­кес алы­на­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
1) жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­ты мем­ле­кет­тік тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­тын Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның фи­ли­ал­да­рын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да - дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
2) құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бе­ру бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның фи­ли­ал­да­рын­да – дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рі­нен бас­қа;
3) пор­тал­да - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (жұ­мыс уа­қы­ты, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі аяқ­тал­ған­нан кей­ін жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті өкі­лі) мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­нуы ти­іс:
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) же­ке ку­ә­лік неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
2) өті­ніш;
3) құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат;
«Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­на www.​egov.​kz (бұ­дан әрі-пор­тал):
1) элек­трон­дық – цифр­лық қол­таң­ба­мен неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
же­ке тұл­ға же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді тол­ты­ра­ды;
заң­ды тұл­ға мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді тол­ты­ра­ды.
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­ді қо­с­па­ған­да, құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
ЭҮТШ ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген тө­лем ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­тар­ды тір­кеу бас­қар­ма­сы (бө­лі­мі) «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар са­уда ті­зі­лі­мі­нен заң­да­сты­ры­л­ған үзін­ді кө­шір­ме­ні неме­се ше­тел­дік заң­ды тұл­ға шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын ку­әлан­ды­ра­тын бас­қа да заң­да­сты­ры­л­ған құ­жат­ты мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­ріне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы­мен бір­ге ұсы­на­ды;
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды:
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Заң­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ді жү­зе­ге асы­ру, өз бе­тін­ше жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­ла­ну мүм­кін­ді­гі неме­се қа­бі­ле­ті­нен то­лық неме­се іші­на­ра ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды 1414, 88000807777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің-www ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған www. gov.​kz.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рін тір­ке­ген және пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на қо­с­қан жағ­дай­да ЭЦҚ болған неме­се бір рет­тік па­роль пай­да­ла­ны­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де ала­ды.
Сан­дық құ­жат­тар қыз­ме­ті мо­биль­ді қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де рұқ­сат еті­л­ген пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін пай­да­ла­ну­шы­лар­дың мо­биль­ді қо­сым­ша­сын­да және ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған өту, бұ­дан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рау қа­жет

1.3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Жоғалған немесе бүлінген құқық
белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
3-қосымша
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (филиалын көрсету) Сіздің осы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға сондай-ақ қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________;
2) ___________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін бір-бірден жасалды.
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы) (жылжымайтын мүлікке құқық бойынша басқарма бөлім)
Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) _________________
Телефон ______________________________
Алдым: _____________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының /Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы
20___ жылғы «___» ____________

1.4 Жоғалған немесе бүлінген құқық

белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегі, Аты, Әкесініңаты (олболғанкезде) (бұданәрі – Т.А.Ә.) немесекөрсетілетінқызметтіалушыұйымыныңатауы) _____________________ (көрсетілетінқызметтіалушыныңмекенжайы)
Құжаттардықабылдаудан бас тартутуралықолхат
"Мемлекеттіккөрсетілетінқызметтертуралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегіҚазақстанРеспубликасыныңЗаңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарғаарналғанүкімет" Мемлекеттіккорпорациясы (филиалынкөрсету) Сіздің осы Қағидалардың 6-тармағында көзделгентізбегесәйкес, құжаттартоптамасынтолықұсынбауыңызғабайланыстымемлекеттікқызметкөрсетуге (мемлекеттiккөрсетілетінқызметстандартынасәйкесмемлекеттіккөрсетілетінқызметатауынкөрсету) құжаттардықабылдаудан бас тартады, атапайтқанда:
Жоққұжаттардыңатаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбіртарапүшінбір-бірденжасалды.
Т.А.Ә. (тіркеуші орган қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон ______________________
Алдым: ____________________________________________________
көрсетілетінқызметтіалушыныңқолы/Т.А.Ә. қолы
20___ жылғы«___» ____________

Қолданыстағы