Қолданыстағы ред. 16.08.2007 (Редакция 35121_300467.kaz)

Темір ауыл әкімшілігі аумағында ауыл шаруашылығы малдар арасында бруцеллез індетін жою мақсатында шектеу белгілеу туралы от 16.08.2007 г. № 256 (Темір ауыл әкімшілігі аумағында ауыл шаруашылығы малдар арасында бруцеллез індетін жою мақсатында шектеу белгілеу туралы)

0

Темір ауыл әкімшілігі аумағында ауыл шаруашылығы малдар арасында бруцеллез індетін жою мақсатында шектеу белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына және Отырар ауданы бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2007 жылғы 10 тамыздағы № 2-1/161 ұсыныс хатына сәйкес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Темір ауыл әкімшілігі аумағына ауыл шаруашылығы малдар арасында бруцеллез ауруына қауіпті аумақ деп шектеу белгіленсін.

2

2. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (С.Тастанов) шектеу қойылған аумақта мал қозғалысын қатаң бақылауға алсын, індеттің байланыс тобына әсер ететін мал дәрігерлік жұмыстарды атқару тапсырылсын.

3

3. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастыгы (Е.Рысқұлов, келісімі бойынша) бруцеллез ауруының алдын алу бағытында шаралар жүргізу ұсынылсын.

4

4. Темір ауыл әкіміне шектеу белгіленгені жөнінде ауыл тұргындарына хабарлау тапсырылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Есенбаевқа жүктелсін.

6

6. Осы қаулы ресми жарияланган күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.