Кіру
Құжат мәтініне өту

О создании государственных учреждений-центров адаптации и интеграции оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қаулы · № 859 · қабылданған 29.09.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35147/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О создании государственных учреждений-центров адаптации и интеграции оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 859 ·29.09.2007
23.09.2014 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственных учреждений-центров адаптации и интеграции оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 859 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственных учреждений-центров адаптации и интеграции оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
859
Қабылданған күні
29.09.2007
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI35147_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000859_
ЭКБ идентификаторы
35147
Редакция идентификаторы
AI35147_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:02

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Мемлекет басшысының "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;

2) (Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен).

6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қыркүйектегі
N 859 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1. "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" Қарағанды қаласы.

2. "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" Шымкент қаласы.

3. "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2007 жылғы 29 қыркүйектегі
N 859 қаулысына
2-қосымша

Қолданыстағы