О проведении приписки граждан к призывным участкам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан к призывным участкам
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды тiркеуге алуды өткiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 17.10.1995
- Көрсетілген редакция
- 17.10.1995 352_265632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.1995
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V95U0000002
- ЭКБ идентификаторы
- 352
- Редакция идентификаторы
- 352_265632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:30
0 Азаматтарды тiркеуге алуды өткiзу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
1 1. 1977 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеуге алу 1996 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткiзiлсiн.
2 2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, тұрғын үйдi пайдалануға беру ұйымдары, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, үй иелерi 1995 жылғы 1 желтоқсанға дейiн шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiстi жасөспiрiмдердiң тiзiмiн қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға берсiн.
3 3. Меншiк нысанына қарамай кәсiпорын, ұйым және мекеме басшылары шақырылуға дейiнгiлердi әскери есепке алуға байланысты қажеттi мiндеттерiн өтеу үшiн еңбекақысын /стипендиясын/ сақтап, оларды жергiлiктi жерлердегi тұрақты жұмысынан /оқуынан/ босатсын.
4
4. Облыстық әкiмшiлiктiң денсаулық сақтау департаментi /Момынов/ қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң өтiнiштерi бойынша аудандардың медициналық комиссияларын дәрi-дәрмекпен,құрал-жабдықтармен жабдықтасын, дәрiгер-мамандар жетiспейтiн жерге дәрiгерлер жiберсiн. Жасөспiрiмдердi тiркеу кезiнде медициналық куәландырудан сапалы өтуiне бақылау жасауды ұйымдастырсын және анықталған науқастардың емделуiн қамтамасыз етсiн.
5 5. Облыс әкiмшiлiгiнiң бiлiм департаментi /Байғұтов/ облыс оқу орындарында оқитын жасөспiрiмдердi тiркеудi өткiзудi ұйымдастыру бойынша әскери комиссариаттарға ықпалды көмек көрсетсiн.
6 6. Облыс әкiмшiлiгiнiң саяхат, дене тәрбиесi және спорт басқармасы /Бектаев/ тiркеуге алу барысында ГТО нормативтерiне сәйкес жастардың физикалық жағынан даярлық деңгейiн тексерудi ұйымдастырсын, оқу орындары мен аудандардағы бұқаралық-спорт жұмыстарының жағдайына талдау жасасын.
7 7. Облыстық ДОСААФ комитетi /Шаңбаев/ әскери комиссариаттармен бiрлесiп әскери мамандықтар бойынша ДОСААФ ұйымдарында оқу үшiн үмiткерлердi анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзсiн.
8
8. Облыс әкiмшiлiгiнiң iшкi iстер басқармасы /Сұлтанов/ әскери комиссариаттарды қылмысты жауапкершiлiкке тартылған, құқық бұзушылыққа бейiм 1979 жылы туылған жасөспiрiмдер жайында жеткiлiктi хабарлармен қамтамасыз етсiн және iшкi iстер әскерлерiнде қызмет көрсету үшiн шақырушыларды iрiктеуге ат салыссын.