О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 944
- Қабылданған күні
- 12.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI35263_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000944_
- ЭКБ идентификаторы
- 35263
- Редакция идентификаторы
- AI35263_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:59
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті болып қайта аталсын.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. Осы қаулы:
1 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 4-тармақты;
2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 23-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
N 944 Қаулысына
1-қосымша
2 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
N 944 қаулысына
2-қосымша
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
N 944 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
1
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 533-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мен 2-тармағы алынып тасталсын.
2
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 534-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мен 2-тармағы алынып тасталсын.
3
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 628-құжат) 2 және 3-тармақтары алынып тасталсын.
4
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдарды қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 760 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 403-құжат) 3-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 13-тармағы алынып тасталсын;