О передаче республиканского государственного казенного предприятия "Опытное хозяйство "Бирликский" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в коммунальную собственность Южно-Казахстанской области
Қолданыста
Қаулы
·№ 949
·
16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О передаче республиканского государственного казенного предприятия "Опытное хозяйство "Бирликский" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в коммунальную собственность Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Бірлік" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 949
- Қабылданған күні
- 15.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI35278_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000949_
- ЭКБ идентификаторы
- 35278
- Редакция идентификаторы
- AI35278_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:58
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Бірлік" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Бірлік" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынды қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын;