Об утверждении Правил временного пребывания оралманов и членов их семей в центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил временного пребывания оралманов и членов их семей в центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг
- Атауы (қаз.)
- Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 225-п
- Қабылданған күні
- 27.09.2007
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2011 AI35290_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004965_
- ЭКБ идентификаторы
- 35290
- Редакция идентификаторы
- AI35290_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:02
0 Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы
2007 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының 34-бабының 8 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасына жүктелсін.
4 4. Бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
0 Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің м.а.
2007 жылғы 27 қыркүйектегі
N 225-ө бұйрығымен
бекітілген
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта уақытша болу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) уәкілетті орган – халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органы;
2 2) орталық – Қазақстан Республикасының аумағында оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
3 3) жолдама – уәкілетті орган беретін және оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Орталыққа орналасу құқығын беретін белгіленген нысандағы құжат;
4 4) өтініш беруші – Орталыққа орналасу мақсатында уәкілетті органға өтініш беретін оралман және оның отбасы мүшелері.
2 2. Өтініш беру тәртібі
3 3. Уәкілетті органның жолдамасы ( 1-қосымша ) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа орналасуы үшін өтініш берушінің өтініші негізінде ( 2 қосымша ) негіз болып табылады.
4 4. Орталыққа орналасу туралы өтініш оралман мәртебесін алғаннан кейін беріледі.
5 5. Өтініш оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі ( 3-қосымша ).
6 6. Ескерту. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
7 7. Уәкілетті орган өтінішті өтініш берілген күні қарайды.
8 8. Орын болмаған жағдайда, өтініш берушінің тіркеу журналындағы кезектілік тәртібі бойынша уәкілетті орган өтініш берушіні резервке алады.
9 9. Орталықта орын босаған кезде уәкілетті орган резервке сәйкес кезектілік тәртібімен келесі өтініш берушіге жолдама береді.
10 10. Жолдама алған кезде өтініш беруші Орталыққа қолына жолдама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасады.
Көрсетілген мерзім сақталмаған жағдайда өтініш беруші орналасу құқығын жоғалтады.
Бұл ретте оның орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру құқығы сақталады.
3 3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болу тәртібі мен уақыты
11 11. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болуы өтемсіз негізде жүзеге асырылады.
12 12. Орталықта Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
1 1) Орталықтың тұрғын үй мен қосалқы үй-жайларын және өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін төсек пен өзге де керек-жарақтарды пайдаланады;
2 2) Орталық басшысына Орталыққа орналасу және болу мәселелері бойынша арыз, қолдаухат және өзге де өтініш береді;
3 3) Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды;
4 4) бейімдеу қызметін алады;
5 5) өз кінәсі бойынша Орталыққа келтірілген материалдық нұқсанға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.
13 13. Орталық:
1 1) тұру үшін берілген үй-жайды санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес ұстайды;
2 2) өтініш берушілерді қажетті төсектік керек-жарақтармен, олардың уақытылы ауысымын қамтамасыз етеді;
3 3) өтініш берушілердің Орталықта болуы тәртібіне қатысты ішкі актілермен таныстырады;
4 4) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
14 14. Орталыққа оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
15 15. Өтініш берушілер Орталықта болу тәртібін бұзған жағдайда, Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың Орталықта болу мерзімін уақытынан бұрын тоқтату туралы ұсыныс береді.
16 16. Шешім оралман отбасына немесе оның жеке отбасы мүшесіне қатысты шығарылады.
Шешім оралман отбасына немесе отбасы мүшесіне шығарылады.
Шешім уәкілетті органның тиісті актімен ресімделеді, оған бірінші басшы немесе оны алмастырушы адам қол қояды.
17 17. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болуы оларға бейімдеу қызметтерін алғанға дейін, бірақ қоныстанған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
4 4. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықтан шығу тәртібі
18 18. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері берілген орынжайды бейімдеу қызметтері аяқталған күннен және орынжайды босату туралы Орталық әкімшілігінен хабарлама алған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей босатады.
1 ЖОЛДАМА
Оралмандар мен олардың отбасы
мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында уақытша
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
көрсету Ережесіне 1-қосымша
ЖОЛДАМА
Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру, әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналасу үшін:
____________________________________________________________________
(Үміткердің аты-жөні, туған күні)
Отбасы мүшелері:
1. _________________________________________________________________
(Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
2. _________________________________________________________________
(Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
3. _________________________________________________________________
(Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
4. _________________________________________________________________
(Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
5. _________________________________________________________________
(Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
6. _________________________________________________________________
(Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
__________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
бойынша Көші-қон комитеті
департаментінің директоры /__________/
2 Өтініш
Оралмандар мен олардың отбасы
мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында уақытша
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
көрсету Ережесіне 2-қосымша
__________облысы (республикалық
маңызы бар қала, астана)
бойынша Көші-қон комитеті
департаментінің директорына
_________________________
(үміткердің аты-жөні)
Өтініш
Сізден мені және менің саны "____" адамнан тұратын отбасы мүшелерімді Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына уақытша орналастыруыңызды сұраймын
_____________ ______________
(Күні) (қолы)
3 Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға орталығындағы тіркеу ЖУРНАЛЫ
Оралмандар мен олардың отбасы
мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында уақытша
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
көрсету Ережесіне 3-қосымша
Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға орталығындағы тіркеу ЖУРНАЛЫ
N р/с
Өтініш берушінің
аты-жөні
Туған жері және күні
Шығу елі
Жолдаманың нөмірі және берілген күні
________басталды
________бітті