Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата годности аэродрома

Қаулы · № 973 · қабылданған 20.10.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35366/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата годности аэродрома Күшін жойған Қаулы ·№ 973 ·20.10.2007
02.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата годности аэродрома

Күшін жойған Қаулы ·№ 973 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата годности аэродрома
Атауы (қаз.)
Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
973
Қабылданған күні
20.10.2007
Көрсетілген редакция
02.07.2011 AI35366_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000973_
ЭКБ идентификаторы
35366
Редакция идентификаторы
AI35366_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:57

0 Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесін бекіту туралы

"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 қазандағы
N 973 қаулысымен
бекітілген
Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына , сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация (ИКАО) туралы конвенцияға 14-қосымшаға және Doc 9774 АN/969 "Әуеайлақтарды сертификаттау жөніндегі басшылыққа" сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының жарамдылығын сертификаттау және сертификаттар беру тәртібін айқындайды.

3 3. Азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының сыныпталған әуеайлақтары сертификаттауға жатады.

4 4. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

өтінім - өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімінен өту үшін уәкілетті органға жазбаша өтініші;
өтініш беруші - әуеайлақтың жарамдылық сертификатын (бұдан әрі - сертификат) алу үшін уәкілетті органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
сертификаттық талаптар - әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар;
сертификаттық тексеру - әуеайлақты, оның жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдастырушылық құрылымды, сондай-ақ өтініш беруші мамандарының біліктілігін сертификаттық талаптарға сәйкестігіне уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру;
уәкілетті орган - азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталды авиация және әуе кеңістігін пайдалану қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау, үйлестіру және реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.

5 5. Әуеайлақты сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

6 6. Сертификат иеліктен шығарылмайды және ол басқа адамға берілмейді.

Сертификат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.

7 7. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2 2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

8 8. Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізу тәртібі рәсімдердің мынадай ретін көздейді:

1 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің уәкілетті органға сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге өтінім беруі;

2 2) алдын ала бағалау және уәкілетті органның өтінім бойынша шешім қабылдауы;

3 3) уәкілетті орган комиссиясының тиісті жерге барып сертификаттық тексеруді жүргізуі;

4 4) уәкілетті органның шешім қабылдауы және сертификатты беруі (беруден бас тартуы).

Әрбір кейінгі рәсім алдыңғы рәсімнің оң нәтижелері кезінде орындалады.

9 9. Өтінімге сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс:

1 1) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2 2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) әуеайлақ орналасқан жер учаскесін, құрылысты пайдалану (меншік) құқығына акт;

4 4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың жарамдылық сертификатына өтініш берушінің міндеттемесі;

5 5) тиісті ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты беретін әуеайлақтың сыныбы және жасанды жамылғысымен ұшу-қону жолағы туралы қорытынды;

6 6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы тексеру актілері;

7 7) мынадай деректерді көрсете отырып, әуеайлақтарды пайдалануға "жарамдылық нормаларына сәйкестік кестелері және графикалық материал:

әуеайлақтың физикалық сипаттамалары;
әуеайлақ жамылғылары мен әуеайлақ кедергілерінің күндізгі белгісі;
радиотехникалық жабдықтар және әуе қозғалысын басқару әрі қызмет көрсету жөніндегі диспетчерлік пункттің немесе радиооператордың жабдығы;
әуеайлақтың жарық сигналы жабдықтарының жүйесі;
әуеайлақ пен оның объектілерінің электрмен жабдықталуы және электр жабдықтары;
әуеайлақтың метеорологиялық жабдықтары;
өртке қарсы және авариялық-құтқару құралдары;

8 8) әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты және/немесе ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық, әуеайлақ ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жедел жоспар;

9 9) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары жөніндегі оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілгенін растайтын құжаттар;

10 10) авиациялық персоналдың оқудан өткенін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;

11 11) әуеайлақтың сызбалары мен схемалары;

12 12) әуеайлақтың санитарлық паспорты.

Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылады.
Осы Ереженің 9-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бірінші басшы және өтініш берушінің мөрімен куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылады.

10

10. Растайтын құжаттардың әрбір тізбесі бойынша әуеайлақтар аспаптары мен жабдықтарын пайдаланудың ресурстық мерзімі мен жарамдылығының болуын растайтын тиісті ұшу, техникалық паспорттар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және, егер көрсетілген құжаттаманы және ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге тартылса, тиісті құзыретті органдардың қорытындысы қоса берілуге тиіс.

11 11. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган өтінім мен ұсынылған құжаттарды оны алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды және қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес қабылданған шешім туралы хабарлайды.

12 12. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.

3 3. Өтінімді алдын ала бағалау және ол бойынша шешім қабылдау

13 13. Өтінімді алдын ала бағалау кезінде:

1 1) өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;

2 2) өтініш берушінің осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігі;

3 3) ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау мен өрттен қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың, техниканың, құжаттаманың және білікті қызметкерлердің болуы;

4 4) қарауға ұсынылған сертификаттық талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттаманың толықтығы;

5 5) инженерлік-техникалық және басшы персоналды оқыту және оларды техникалық жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттыру жоспарының, сондай-ақ штатты жасақтау және кадрлар резервін дайындау жоспарларының болуы белгіленеді.

14 14. Өтінімді алдын ала бағалау барысында уәкілетті орган:

1 1) өтініш берушіден өтінімде ұсынылған барлық мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұратуы мүмкін;

2 2) өтініш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсімдері, нормативтік талаптар туралы хабардар етеді;

3 3) өтініш берушінің қызметкерлері штатының жасақталуы мен кадрларды даярлау жүйесі мәселелерін қарайды;

4 4) өтініш берушіге Сертификатты беру кезінде қандай пайдаланымдық және техникалық шектеулердің белгіленуі мүмкін екендігін түсіндіреді;

5 5) өтініш берушіге өтінімді алдын ала бағалау барысында анықталған кемшіліктердің тізбесі мен оларды жою жөніндегі ұсынымдары бар жазбаша хабарламаны жібереді.

15 15. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар осы Ереженің 9-тармағына сәйкес белгіленетін талаптарға сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, өтінім осы Ереженің 11-тармағына сәйкес белгіленетін мерзімде қайтарудың негізделген себебі көрсетіліп қайтарылуға жатады.

16 16. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган сертификаттық тексеруді жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру туралы шешім шығарады.

4 4. Сертификаттық тексеру

17 17. Сертификаттық тексеру кезінде:

1 1) азаматтық авиация ұйымын (өтініш берушіні) басқаруды ұйымдық құрылымы мен негізгі қағидаттары;

2 2) азаматтық авиация ұйымының қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі басшы құрамның тәжірибесі, сондай-ақ басшы құраммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты мамандар жөніндегі деректердің болуы;

3 3) қызметкерлер штатының жасақталуы және оларды даярлау жүйесі;

4 4) өтініш берушінің тиісті арнайы жабдықты пайдалану құқығына, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және бақылауға, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға басқа ұйымдармен жасасқан шарттарының болуы;

5 5) функционалдық міндеттерді қамтамасыз етуге арналған өндірістік алаңдардың жеткілікті санының болуы;

6 6) пайдалану техникалық құжаттамасының болуы;

7 7) әуеайлақ объектілерінің, азаматтық авиация ұйымы жабдығының және өндіріс құралдарының техникалық сипаттамалары (көрсеткіштері), өтініш берушінің әуеайлақтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін өндіріс рәсімдерін тексеру қаралады.

18 18. Сертификаттық тексерудің мерзімі өтінім бойынша шешім қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

19 19. Сертификаттық тексеру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

20

20. Сертификаттық тексерудің нәтижелері бойынша әуеайлақтың іс жүзіндегі жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетіле отырып, екі данада осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - акт) жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және ол танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

5 5. Сертификатты беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу немесе күшін жою

21 21. Сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытынды қамтылған акт сертификат беру үшін негіз болып табылады.

22 22. Сертификатты ресімдеу мен беруді уәкілетті орган сертификаттық тексеру актісі жасалғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

23 23. Сертификатты иесіне беруден бас тарту, қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саладағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

24 24. Сертификатты беруден бас тарту, егер:

1 1) әуеайлақты пайдалану осы санаттағы адамдар үшін заңнамалық актілермен тыйым салынған;

2 2) әуеайлақ сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген;

3 3) өтініш берушіге қатысты оның әуеайлақты пайдалануына тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.

25 25. Сертификатты беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, уәжді жауап беріледі.

26 26. Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданылуын қалпына келтіруді уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді жойғаннан, уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынғаннан және оған қажетті тексеру жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырады.

Егер әуеайлақты пайдаланушы уәкілетті орган белгіленген мерзімде тоқтата тұру себебін жоя алатын болса ғана, сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Олай болмаған жағдайда сертификат қайтарып алынады.

27 27. Сертификат қайтарып алынған жағдайда ол осы Ережеде көзделген тәртіппен қайтадан сертификаттау жүргізілгеннен кейін беріледі.

6 6. Сертификатқа өзгерістер енгізу және телнұсқа беру

28 28. Азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуге әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерістер болған жағдайда сертификатқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

Сертификатқа өзгерістер енгізу кезінде бұрын берілген сертификаттың тіркеу нөмірі сақталады, ал мемлекеттік тізілімнің әуеайлақтардың жарамдылық сертификаттарының тізіліміне бұл туралы тиісті жазба енгізіледі.

29 29. Сертификат бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын береді.

30 30. Сертификатқа өзгерістер енгізу немесе телнұсқа алу үшін азаматтық авиация ұйымы уәкілетті органға негіздемесімен, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге еркін нысандағы өтініш және бұрын берілген сертификатты (жоғалған немесе ұрланған жағдайлардан басқа) береді.

31 31. Уәкілетті орган өтініш берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде сертификаттың телнұсқасын береді.

1 ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ Серия АРД N___

Ережеге
1-қосымша
уәкілетті органның атауы
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ Серия АРД N___
200___ жылғы»"__" ________ берілді.
200___ жылғы»"__" ________ дейін жарамды.

1 1. Әуеайлақ ________________________________________________

2 2. Әуеайлақтың орналасқан жері _____________________________

3 3. Әуеайлақтың иесі ________________________________________

____________________________________________________________

4 4. Әуеайлақтың сыныбы ______________________________________

5 5. Осы арқылы осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып

табылатын шектеулерді ескере отырып, әуеайлақтың:
ИКАО МКпос. I санаты _______________________________________
ИКАО МКпос. II санаты ______________________________________
ИКАО МКпос. III санаты _____________________________________
бойынша азаматтық аэродромдарды пайдалану талаптарына және
жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады.

6 6. Сертификатты беру үшін негіздеме ________________________

____________________________________________________________

7 ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

7. Сертификаттық тексеруді _________________________________
_____________________________________________ жүзеге асырады
Сертификат берген органның басшысы
МО __________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Әуеайлақтың жарамдылық
сертификатына
қосымша
____________________
Серия АРД N ________
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Р/с
N
Ата­уы
Тек­се­ру олар­ға сәй­кес
жүр­гі­зі­л­ген нор­ма­тив­тік
ак­ті­лер­дің ата­уы
Ес­керт­пе
Сертификат берген органның басшысы
МО __________________
(қолы, Т.А.Ә.)

2 Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге ӨТІНІМ

Ережеге
2-қосымша
_________________________
(уәкілетті органның атауы)
Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге ӨТІНІМ

1 1. __________________________________________________________

(ұйымның, өтініш берушінің атауы, оның мекен-жайы)
атынан _____________________________________________________
(басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________ негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________
(әуеайлақтың атауы)
___________________________________ негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________
(нормативтік актілердің атауы және нұсқамасы)
талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады және осы
объектінің сертификаттық талаптарға сәйкестігіне инспекциялық тексеру жүргізуді сұрайды.

2 2. Қосымша ақпарат

әуеайлақ сыныбы ____________________________________________
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының санатынан бір-бірден әуеайлақтың жабдықтары _____________________________________

3 3. Қосымша _________________________________________________

Басшы ____________ __________
(Т.А.Ә.)                    (қолы)
Бас бухгалтер ____________ __________
(Т.А.Ә.)                    (қолы)
М.О.                                   Күні _________

3 Әуеайлақтың жарамдылық сертификатына өтініш берушінің міндеттемесі

Ережеге
3-қосымша
Әуеайлақтың жарамдылық сертификатына өтініш берушінің міндеттемесі
Мен, _________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________ әуеайлақты ____________________________________,
(нормативтік құжаттардың атауы)
сертификаттық талаптарына сәйкес келетінін, ұсынылған
құжаттамадағы ақпарат әуеайлақтың өзіндік жағдайына сәйкес келетінін куәландырамын және:

1 1) әуеайлақты сертификаттық талаптарға және нормативтік құжаттаманың ережелеріне сәйкес пайдалану мен ұстауға;

2 2) аэронавигациялық ақпарат (АТР) басылымдарында қамтылған деректердің әуеайлақтың нақты жағдайына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

3 3) әуеайлақта сертификаттық және нормативтік талаптарға сәйкессіздіктер анықталған кезде дереу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шектеулер қойып, уәкілетті органға бұл туралы хабарлауға;

4 4) Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Әуеайлақ ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жедел жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге уәкілетті органнан келісім алуға;

5 5) АІР енгізуге дайындалған материалдарды бекітуге уәкілетті органға жіберуге міндеттенемін.

Басшы ____________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
МО 200_ жылғы»"__" ________

4 _________________________ әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге өтінім бойынша "__" ________ 200_ жылғы шешім

Ережеге
4-қосымша
_________________________ әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге өтінім бойынша "__" ________ 200_ жылғы шешім
Сіздің әуеайлақты сертификаттауға өтініміңіз бен құжаттамаңызды қарап, мынаны хабарлаймыз:
1. Сертификаттық тексеру __________ кезеңінде жүргізіледі.
2. Тексеру ___________________________________________
(нормативтік актілердің атауы және нұсқамасы)
талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
3. Сертификаттық тексеруді ____________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы)
____________________________________________________________
______________________________ объектілерін тексеру (сынау)
арқылы жүзеге асырады.
4. Жұмыстар __________________________________________
негізінде жүргізіледі.
Басшы ____________ __________
(Т.А.Ә.)                    (қолы)
МО 200_ жылғы»"__" _______

5 __________________ әуеайлақты сертификаттық тексеру актісі

Ережеге
5-қосымша
"БЕКІТЕМІН"
_________________________
(уәкілетті органның басшысы)
_______________________
(қолы)
200_ жылғы»"__" _______
__________________ әуеайлақты сертификаттық тексеру актісі
200_ жылғы»"__" _______ N ______________ бұйрығымен тағайындалған
комиссия құрамында:
Комиссия төрағасы             ______________________
Комиссия мүшелері:            ______________________
______________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_______________________ кезеңде ұсынылған құжаттаманы қарады, әуеайлақтың сертификаттық талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізді және мыналарды анықтады:

1 1. Әуеайлақты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

____________________________________________________________
(N, берілген күні және қолданылу мерзімі)

2 2. Әуеайлақтың пайдалануға жарамдылық сертификаты ____

____________________________________________________________
(N, берілген күні және қолданылу мерзімі)

3 3. Әуеайлақтың физикалық сипаттамалары:

1 1) әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдері;

2 2) кедергілерді шектеу және есепке алу;

3 3) жасанды жамылғылардың беріктігі;

4 4) жасанды жамылғылардың жай-күйі.

4 4. Әуеайлақ жамылғылары мен аэродром кедергілерінің күндізгі таңбалануы белгісі:

1 1) әуеайлақ жамылғыларының күндізгі белгісі;

2 2) кедергілер мен объектілердің күндізгі белгісі.

5 5. Радиотехникалық жабдықтар және ӘҚБ диспетчерлік пунктердің жабдықтары:

1 1) радиотехникалық құралдардың құрамы;

2 2) қону жүйесінің жер үсті жабдықтары;

3 3) ОСП отырғызудың радиотехникалық жүйесі;

4 4) жеке жалғамалы станция;

5 5) әуеайлақтың қосымша маркерлік радиомаягі;

6 6) автоматты радиопеленгатор;

7 7) объективтік бақылау құралы;

8 8) электрбайланыс құралы;

9 9) ұшу алаңын көретін радиолокациялық станция;

10 10) әуе қозғалысын басқарудың диспетчерлік пункттердің жабдықтары.

6 6. Әуеайлақтың жарық сигналы жабдықтарының жүйесі және объектілерді жарықпен қоршау.

7 7. Метеорологиялық жабдықтар.

8 8. Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары:

1 1) әуеайлақты электрмен жабдықтау;

2 2) әуеайлақ объектілерін электрмен қоректендіру;

3 3) автономды электрмен қоректендіру;

4 4) электр желілер.

9 9. Авариялық-құтқару құралдары.

10 10. Жанар-жағармай құралдары.

11 11. Әуеайлаққа қызмет көрсету мен жөндеуге үшін арналған техника

____________________________________________________________
____________________________________________________________
Әуеайлақтың сертификаттық талаптарға сәйкестігі туралы комиссияның қорытындысы
Комиссия төрағасы ______________________
Комиссия мүшелері: ______________________ ______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым:
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ______________
(қолы)            (Т.А.Ә.)

6 Әуеайлақты сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы

Ережеге
6-қосымша
Әуеайлақты сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы
Әуеайлақты пайдаланушының атауы ______________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N ________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы _____________________
Р/с
N
Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар
нө­мір­ле­рі және тек­се­рі­ле­тін
эле­мент­тер
Сәй­кест­ік
ба­ға­сы
(-+)
Сәй­кес­сіз-сіз­дік
по­зи­ция-
сы­ның
нө­мі­рі
1
2
3
4
1. Ұсы­ны­л­ған дәлел­деу құ­жат­та­ма­сы жиын­тығ­ы­ның бо­луы
және сәй­кест­і­гі
1)
Әу­е­ай­лақ­тың жа­рам­ды­лық
сер­ти­фи­ка­тын алу үшін сер­ти­фи­кат-
тық та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін
рас­тай­тын өті­нім және құ­жат­тар
2)
Өті­ніш бе­ру­ші­нің Жар­ғы­сы (құ­ры­л­тай
шар­ты)
3)
Заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік
4)
Ауди­тор­лық анық­та­ма және қар­жы­лық
жай-күйі ту­ра­лы анық­та­ма
5)
Өті­ніш бе­ру­ші­нің (әу­е­ай­лақ­ты 11
пай­да­ла­ну­шы­сы­ның) ұй­ым­да­сты­ру­шы-
лық құ­ры­лы­мы, штат кесте­сі,
жүк­тел­ген функ­ци­я­лар­ды орын­да­у­ға
жет­кі­лік­ті­лі­гі
6)
Бас­шы құ­рам­ның және ма­ман­дар­дың
(қыз­мет­кер­лер­дің) мін­дет­те­рі мен
жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бел­гі­лей­тін
ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар
7)
Ең­бек және өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия
қа­уіп­сіз­ді­гін, өрт қа­уіп­сіз­ді­гін
қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі
нұс­қа­улық­тар
8)
Ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз
ету­мен ті­ке­лей бай­ла­ны­сты бас­шы
құ­ра­мы мен ма­ман­дар жө­нін­де­гі
де­ректер және се­нім­ді­лі­гі, олар­дың
сәй­кест­і­гі
9)
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рам,
ар­найы кө­лік­ті, әу­е­ай­лақ ма­ши­на­ла­ры
мен ме­ха­низмде­рін, ар­найы
жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша
де­ректер және оның дәй­ек­ті­лі­гі
10)
Со­лар­дың негі­зін­де әу­е­ай­лақ­тың
пай­да­ла­нуы жү­зе­ге асы­ры­ла­тын
құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі мен бар бо­луы
11)
Әу­е­ай­лақ­тар аудан­да­рын­да және қо­ну
алаң­да­рын­да ұшу өн­ді­рі­сі жө­нін­де­гі
нұс­қа­улық (әу­е­ай­лақ­тың аэро­на­ви­га-
ци­я­лық пас­пор­ты), анық­та­ла­тын
мә­се­ле­лер­дің то­лық­тығы. Бел­гі­лен-
ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі және ен-
гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер­дің уақ­ты­лы­ғы
12)
Со­лар­дың негі­зін­де әу­е­ай­лақ­тың
ар­найы тех­ни­ка­сы­на және жаб­дық­та-
ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту,
жөн­деу жүр­гі­зі­ле­тін құ­жат­тар­дың,
жос­пар­лар­дың, тіз­бе­сі мен бар
бо­луы, ра­дио­стан­ци­я­лар­ға рұқ­сат-
тар, ли­цен­зия (қол­да­ны­лу мер­зі­мі)
13)
Әу­е­ай­лақ­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет
көр­се­ту, кү­тіп үстау және жөн­деу
жө­нін­де­гі бас­шы­лық, анық­та­ла­тын
мә­се­ле­лер­дің то­лық­тығы. Бел­гі­лен-
ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі және ен-
гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер­дің уақ­ты­лы­ғы
14)
Әу­е­ай­лақ­ты мем­ле­кет­тік тір­кеу
ту­ра­лы ку­ә­лік
15)
Әу­е­ай­лақ­тың сыз­ба­сы, негіз­гі
объ­ек­ті­лер­дің ор­на­ла­суы
16)
Dос 9774 АN\969 ИКАО сәй­кес
дай­ын­дал­ған әу­е­ай­лақ жө­нін­де­гі
бас­шы­лық
17)
Жер­ді пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ак­ті
18)
Пай­да­ла­ну­шы­ның әу­е­ай­лақ­ты қа­был­да­уы
ту­ра­лы ак­ті (егер жал­ға алын­са
неме­се же­ке мен­шік­ке са­тып алын­са)
19)
Ар­найы тех­ни­ка­ны сақ­тан­ды­ру по­лис-
те­рі (қол­да­ны­лу мер­зі­мі және
ау­ма­ғы)
20)
Әу­е­ай­лақ­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет
көр­се­ту, кү­тіп ұстау және жөн­деу
жұ­мыста­рын орын­дай­тын ма­ман­дар­ды
сақ­тан­ды­ру по­ли­сте­рі
21)
Үшін­ші тұ­лға­лар ал­дын­да­ғы аза­мат­тық
жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру
по­ли­сте­рі (қол­да­ны­лу мер­зі­мі мен
ау­ма­ғы)
22)
Әу­е­ай­лақ­тық ар­найы тех­ни­ка­ның тіз-
бе­сі, әу­е­ай­лақ­тың ар­найы тех­ни­ка­сы
мен жаб­дық­та­рын жал­ға алу шар­тта-
ры­ның, егер олар болған жағ­дай­да
(қол­да­ны­лу мер­зі­мі) кө­шір­ме­сі
23)
Ұшу­лар­ды ра­дио­тех­ни­ка­лық және
аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­пен
қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі құ­жат­та­ма
24)
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету
жө­нін­де­гі құ­жат­та­ма
25)
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың бі­лік­ті­лі­гін
жо­ға­ры­ла­ту кур­ста­ры­нан өту­ге
ар­нал­ған шарт
26)
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік­ті және
ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­рын
қам­та­ма­сыз ету. Авиа­ци­я­лық қа­уіп-
сіз­дік­ті, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыс-
та­рын және өрт сөн­ді­ру­ді қам­та­ма-
сыз ету жө­нін­де­гі жұ­мыстар жос­па­ры
27)
Әу­е­ай­лақ­тық ар­найы тех­ни­ка­ға, жаб-
дық­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту
(же­дел, мер­зім­дік, күр­де­лі жөн­деу)
28)
Әу­е­ай­лақ ай­ма­ғын ұстау
29)
Же­ке құ­рам­ға, ар­найы тех­ни­ка­ның,
кө­лік­тер мен ме­ха­низмдер­дің
жүр­гі­зу­ші­ле­ріне ме­ди­ци­на­лық қыз­мет
көр­се­ту (ауы­су ал­дын­да ме­ди­ци­на­лық
тек­се­ру)
30)
Са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және
эко­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау мем­ле­кет­тік
ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тындысы
31)
Әу­е­ай­лақ­тың тех­ни­ка­лық жай-күйі,
ұшып-қо­ну жо­ла­ғы, руль­дік жо­ла­ғы,
әуе ке­ме­ле­рі тұ­ра­ғы­ның орын­да­ры
жө­нін­де­гі ре­сми түр­де ха­бар­лан­ған
аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­қа
өзге­рі­стер­ді жа­ри­я­лау
32)
Пай­да­ла­ну­шы­ның әу­е­ай­лақ­ты
күн­де­лік­ті тек­се­руі
33)
Әу­е­ай­лақ­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет
көр­се­ту, жөн­деу және әу­е­ай­лақ­ты
ұстау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды
жос­пар­лау және орын­дау
34)
Әу­е­ай­лақ, пер­рон бой­ын­ша ар­найы
тех­ни­ка, ар­найы  кө­лік, ма­ши­на­лар  мен ме­ха­низмдер қоз­ға­лы­сын
ұй­ым­да­сты­ру
35)
Әу­е­ай­лақ және оның ма­ңай­ын­да
қоз­ға­ла­тын кө­лік құ­рал­да­рын
бас­қа­ру және олар­мен бай­ла­ныс
36)
Ті­рі та­би­ғат­тан пай­да бо­ла­тын
қа­тер­лер­ге бай­ла­ны­сты өт­кі­зі­ле­тін
ша­ра­лар
37)
Әу­е­ай­лақ­тың тех­ни­ка­лық жа­рам­ды­лы­ғы
ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру үшін
жа­у­ап­кер­ші­лік
38)
Ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз
ете­тін әу­е­жай қыз­мет­те­рі­мен өза­ра
іс-қи­мыл
39)
Тір­кеп сүй­ре­у­ге, қоз­ға­лу қа­бі­ле­ті-
нен ай­ры­л­ған әуе ке­ме­ле­рін ұшу-
қо­ну жо­ла­ғы­нан алып ке­ту­ге
ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­та­ры­ның
тіз­бе­сі мен бар бо­луы
40)
Күз­гі-қы­сқы және көк­тем­гі-жаз­ғы
на­ви­га­ция жағ­дай­ын­да әу­е­ай­лақ­ты
пай­да­ла­ну, ұстау және жөн­деу
жө­нін­де­гі ар­найы тех­ни­ка мен
жаб­дық­тар­ды, же­ке құ­рам­ды
дай­ын­дау жө­нін­де­гі құ­жат­та­ма
41)
Бас­қа­ру және ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық
құ­рам­ның мін­дет­те­ме­ле­рі­нің ба­қы­лау
па­рақ­та­ры
42)
Ұшу ала­ңы­ның жай-күйі жө­нін­де­гі
жур­нал
43)
Әу­е­ай­лақ­та және әу­е­ай­лақ ма­ңай­ын­да
құ­ры­лыс жұ­мыста­рын ке­лі­су­ді есеп­ке
алу жур­на­лы
44)
Або­нент­тер­дің ла­қа­бы мен ра­дио
ар­қы­лы сөй­ле­су фра­зео­ло­ги­я­сы
45)
Әу­е­ай­лақ жа­мы­л­ғы­ла­рын таң­ба­лау
үшін ма­те­ри­ал­дар­ды қол­да­ну
си­патта­ма­ла­ры мен тех­но­ло­ги­я­сы
46)
Әу­е­ай­лақ­та және әу­е­ай­лақ ма­ңай­ын­да
би­ік ке­дер­гі­лер мен объ­ек­ті­лер­ді
жа­рық­пен қор­шау
47)
Әу­е­ай­лақ жа­мы­л­ғы­ла­ры­ның ақа­у­ла­ры
48)
Әу­е­ай­лақ­та нақ­ты әуе ке­ме­сін
пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гін ба­ға­лау және
анық­тау әді­сте­ме­сі
49)
То­пы­рақ­тық ұшу-қо­ну жо­ла­ғы­ның
мүм­кін­ші­лі­гін бе­ре ала­тын то­пы­рақ
тығ­ы­зды­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рін анық­тау
50)
Зәкір бе­кі­ту­дің бе­рік­ті­гін тек­се­ру
ак­ті­ле­рі
51)
Аза­мат­тық авиа­ци­я­ның ма­ман­дан­ды­рыл-
ған ұй­ым­да­ры­ның әу­е­ай­лақ жа­мы­л­ғы-
ла­рын, әу­е­ай­лақ ма­ңай­ын­да­ғы
ке­дер­гі­лер­ді тек­се­ру ак­ті­сі
52)
Әу­е­ай­лақ­та мұз-қар жи­нау
жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­лық
кар­та­сы­ның аль­бо­мы
53)
Әуе ке­ме­ле­рі те­же­уле­рі­нің жай-күй­ін
ба­ға­лау әді­сте­рі мен құ­рал­да­ры
54)
Қар­лы НО­ТАМ бой­ын­ша ақ­па­рат­тар­ды
алу, тол­ты­ру және жі­бе­ру
55)
Әу­е­ай­лақ­тық ар­найы ме­ха­ни­ка­ның
және ме­ха­ни­за­ция құ­рал­да­рын
жұ­мысын есеп­ке алу жур­на­лы
56)
Қар­дың қат­ты­лы­ғы мен тығ­ы­зды­лы­ғын
анық­тау
57)
Уа­қыт­ша әу­е­ай­лақ­тың (ті­кұ­ша­қай­лақ-
тың) ұшу жо­ла­ғы­ның (бар болған
жағ­дай­да) жай-күйі жур­на­лы
58)
Әу­е­ай­ла­қі­ші­лік жол­дар­ды ұстау
59)
Мет­ро­ло­ги­я­лық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу,
мін­дет­ті түр­де тек­се­ру­ге жа­та­тын
өл­шеу құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі, МЕМСТ-
тар мен стан­дарт­тар та­лап­та­рын
сақ­тау
2. Өн­ді­рі­стік ба­за
1)
Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге,
ар­найы тех­ни­ка­ны сақ­тау және
жөн­де­у­ге, ар­найы сұй­ық­тық­тар мен
хи­ми­кат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған
ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың,
ан­гар­лар мен жа­бық құ­ры­лы­стар­дың
бар бо­луы мен олар­ды ұстау
2)
Же­ке құ­рам­ға ар­нал­ған тұр­мыстық
бөл­ме­лер­дің, өн­ді­рі­стік
ғи­ма­рат­тар­дың бар бо­луы және
олар­дың жай-күйі, олар­да
өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия та­лап­та­рын,
өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ере­же­ле­рін сақ­тау
3)
Жал­ға алын­ған ғи­ма­рат­тар мен
құ­ры­лы­стар­ды пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған
ке­лі­сім­дер­дің бар бо­луы
4)
Әу­е­ай­лақ­қа қыз­мет көр­се­ту, ұстау
және жөн­деу ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын
тө­мен түспей­тін шы­ғыс ма­те­ри­ал­да-
ры­ның, хи­ми­кат­тар­дың, ар­найы
сұй­ық­тық­тар­дың бар бо­луы
5)
Әу­е­ай­лақ­қа қыз­мет көр­се­ту, ұстау
және жөн­деу ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын
әу­е­ай­лақ­тық ар­найы тех­ни­ка мен
жаб­дық­та­ры­ның тіз­бе­сі, олар­дың
тех­ни­ка­лық жай-күйі, олар­дың
ра­дио­стан­ци­я­лар­мен, жар­қыл­да­уық
от­тар­мен жаб­дық­та­луы
3. Жұ­мыстар­ды жос­пар­лау
1)
Әу­е­ай­лақ­қа қыз­мет көр­се­ту, ұстау және жөн­деу жұ­мыста­рын жос­пар­лау
бой­ын­ша құ­жат­та­ма­лар жүр­гі­зу
2)
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рам­ның,
жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­кер­лер­дің
дай­ынды­ғы, жат­тығ­уы және бі­лі­мін
тек­се­ру жос­па­ры­ның, кесте­сі­нің бар
бо­луы және оны жүр­гі­зу
3)
Нақ­ты үл­гі­де­гі ар­найы тех­ни­ка­да
дер­бес жұ­мыстар­ға рұқ­сат бе­ру үшін
же­ке құ­рам­ды да­яр­лау және тек­се­ру
4)
Ма­манды­ғы бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гін
рас­тау және жо­ға­ры­ла­ту
5)
Же­ке құ­рам­ның ти­іс­ті ку­ә­лік­те­рі­нің
қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту
6)
Жүр­гі­зу­ші құ­ра­мын да­яр­лау және
олар­дың сы­ны­бын жо­ға­ры­ла­ту
7)
Әу­е­ай­лақ­та дер­бес жұ­мысқа рұқ­сат
бе­ру тәр­ті­бі­нің сақ­та­луы
8)
Кадр­лар­ды да­яр­лау
9)
Нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма­ның ба­қы­лау
да­на­ла­ры­ның бар бо­луы
10)
Жос­пар­лан­ған ке­зең­ге ар­нал­ған
тео­ри­я­лық дай­ын­дық жос­па­ры мен
та­қы­ры­бы
11)
Дер­бес дай­ын­дық (же­ке тап­сыр­ма­лар)
12)
Мұ­ға­лім­дер құ­ра­мы және олар­да
пән­дер бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген
кон­спек­ті­лер­дің бар бо­луы
13)
Оқу са­бақ­та­ры үшін бөл­ме­лер­дің
бар бо­луы және олар­дың жай-күйі,
олар­да өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия
та­лап­та­ры­ның, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі
ере­же­сі­нің сақ­та­луы
14)
Оқу-әді­сте­ме­лік ба­за­ның жабды­ғы:
тех­ни­ка­лық, әді­сте­ме­лік бөл­ме­лер,
тех­ни­ка­лық кі­та­п­ха­на, аза­мат­тық
авиа­ция бой­ын­ша әді­сте­ме­лік
құ­жат­тар, оқу көр­не­кі құ­рал­дар,
оқы­ту­дың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры
мен әді­сте­ме­лік әзір­ле­нім­дер
15)
Са­бақ­тар­да­ғы ба­қы­лау, же­ке
құ­рам­ның са­б­ақ­қа қа­ты­суы
4. Ақ­па­рат­тық қам­та­ма­сыз ету
1)
Ұшу­лар қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі
ақ­па­рат (бұй­рық­тар мен нұс­қа­у­лар)
тү­су­і­нің уақ­ты­лы­ғы
2)
Нор­ма­тив­тік және бас­шы­лық
құ­жат­та­ры­на өзге­рі­стер­дің ке­ліп
тү­суі және олар­ға ен­гі­зу
3)
Пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке құ­рам­ға ұшу
қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша бұй­рық­тар,
нұс­қа­у­лар мен ақ­па­рат­тар­ды
жет­кі­зу және зер­де­ле­удің уақ­ты­лы­ғы
5. Ең­бек­ті қор­ғау, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия
1)
Ең­бек­ті қор­ғауды ұй­ым­да­сты­ру
2)
Ең­бек­ті қор­ғау, қа­уіп­сіз­дік тех­ни-
ка­сы мен өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия
жө­нін­де­гі құ­жат­тар, анық­та­ла­тын
мә­се­ле­лер­дің то­лық­тығы, нор­ма­тив­тік
та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
3)
Же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры,
нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
4)
Пер­со­нал­дың ар­найы ки­ім­де­рі­нің
бо­луы
6. Әу­е­ай­лақ­тың фи­зи­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
1)
Әу­е­ай­лақ эле­мент­те­рі­нің
гео­мет­ри­ка­лық өл­ше­мі
2)
Ұшу және қо­ну ди­стан­ци­я­ла­ры
3)
Ке­дер­гі­лер­ді шек­теу және есеп­ке алу
4)
Жа­сан­ды жа­мы­л­ғы­лар­дың бе­рік­ті­гі
5)
Жа­сан­ды жа­мы­л­ғы­лар­дың жай-күйі
6)
Әу­е­ай­лақ жа­мы­л­ғы­ла­ры­ның күн­діз­гі
таң­ба­ла­уы
7)
Ке­дер­гі­лер мен объ­ек­ті­лер­дің
күн­діз­гі таң­ба­ла­уы
8)
Әу­е­ай­лақ­тың және аэро­на­ви­га­ция
объ­ек­ті­ле­рін, ЖЖМ қор­шау, кү­зе­ту
9)
Әу­е­ай­лақ­тың жа­ри­я­лан­ған са­на­ты­ның
фи­зи­ка­лық және гео­мет­ри­я­лық
си­патта­ма­ла­ры­ның сәй­кест­і­гі
7. Ра­дио­тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар
1)
Ра­дио­тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­ға тіз­бе,
тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма және сер­ти­фи­кат
2)
Ра­дио­ло­ка­ци­я­лық жаб­дық­тар
3)
На­ви­га­ци­я­лық және қо­ну жаб­дық­та­ры
4)
Бай­ла­ныс жаб­дық­та­ры
5)
Әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру ор­та­лы­ғы­ның
жаб­дық­та­ры
6)
Спут­ник­тік жүй­е­нің жер­де­гі
жаб­дық­та­ры
7)
Ұшу­лар­ды ра­дио­тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз
ету және әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру
объ­ек­ті­ле­рін энер­ги­я­мен жаб­дық­тау
8)
Жер­де­гі сы­нақ­тар ак­ті­ле­рі,
хат­та­ма­ла­ры
9)
Ұшу­ды тек­се­ру ак­ті­ле­рі
10)
Ра­дио­тех­ни­ка­лық жаб­дық­та­ры­ның
әу­е­ай­лақ­тың жа­ри­я­лан­ған са­на­ты­на
сәй­кест­і­гі
8. Жа­рық-сиг­нал жаб­дық­та­ры
1)
Жа­рық тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­дың
тіз­бе­сі, тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­сы
және сер­ти­фи­ка­ты
2)
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық от­тар
3)
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық жа­рық ма­як­та­ры
мен ке­дер­гі­лер­ді жа­рық­пен шек­теу
4)
Әу­е­ай­лақ бел­гі­ле­рі
5)
Мар­кер­лер
6)
Жа­рық-сиг­нал жабды­ғы­ның
жа­рам­ды­лық ку­ә­лі­гі
7)
Ұшу­лар­ды жа­рық-тех­ни­ка­лық
қам­та­ма­сыз ету объ­ек­ті­ле­рін
энер­ги­я­мен жаб­дық­тау
8)
Жер­де­гі сы­нақ­тар ак­ті­ле­рі,
хат­та­ма­ла­ры
9)
Ұшу­ды тек­се­ру ак­ті­ле­рі
10)
Жа­рық-сиг­нал жабды­ғы­ның әу­е­ай­лақ­тың
жа­ри­я­лан­ған са­на­ты­на сәй­кест­і­гі
9. Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету
1)
Ме­те­ожаб­дық­тар­ға тех­ни­ка­лық
құ­жат­та­ма, сер­ти­фи­кат­тар
2)
Ме­те­ожаб­дық­тар­дың құ­ра­мы және
оның ор­на­ла­сты­ры­луы
3)
Ме­тео­ақ­па­рат
4)
Ме­те­ожаб­дық­тар­дың әу­е­ай­лақ­тың
жа­ри­я­лан­ған са­на­ты­на сәй­кест­і­гі
10. Әу­е­ай­лақ­ты электр­мен қам­та­ма­сыз ету
1)
Әу­е­ай­лақ­ты, аэро­на­ви­га­ци­я­ны
электр­мен қам­та­ма­сыз ету объ­ек­ті-
ле­рі жаб­дық­та­ры­ның тех­ни­ка­лық
құ­жат­та­ма­сы
2)
Элек­тр­лік жаб­дық­тар, олар­дың
жай-күйі, қыз­мет көр­се­туі
3)
Ав­то­ном­дық (ре­зерв­тік) электр­мен
қо­рек­тен­ді­ру, олар­дың жай-күйі,
қыз­мет көр­се­туі
4)
Электр жүй­е­сі, ка­бель­дер, олар­дың
жай-күйі, қыз­мет көр­се­туі
5)
Қа­шық­тық­тан бас­қа­ру ап­па­ра­ту­ра­сы
6)
Тек­се­ру ак­ті­ле­рі мен сы­нақ
хат­та­ма­ла­ры
7)
Қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі
тех­ни­ка­лық пер­со­нал
11. Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал­да­ры
1)
Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру және өрт сөн­ді­ру
құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі, тех­ни­ка­лық
құ­жат­та­ма
2)
Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру ко­ман­да­ла­ры,
олар­дың жи­нақ­ты­лы­ғы, ор­на­ла­сты­ры-
луы, қам­та­ма­сыз еті­луі, оқы­ты­луы
3)
Әу­е­ай­лақ­та апат­тық-құт­қа­ру және
өрт сөн­ді­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма
4)
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­биль­де­рі­нің,
са­ни­тар­лық ав­то­мо­биль­дер­дің,
ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал­да­ры­ның
са­ны мен жай-күйі
5)
От сөн­дір­гіш құ­ра­мы­ның,
кө­бі­к­жа­са­у­шы­ның, со­ның ішін­де
ре­зерв­тік құ­ра­мы­ның са­ны
6)
Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру ко­ман­да­ла­рын
өрі­сте­ту уа­қы­ты
7)
Өрт сөн­ді­ру гид­рант­та­ры
(ор­на­ла­сты­ры­луы, жай-күйі)
8)
Әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың
дис­пет­чер­лік пунк­ті және өзге
қыз­мет­тер­мен бай­ла­ныс пен өза­ра
іс-қи­мыл
9)
Жаб­дық­тар мен жа­рық­тан­ды­ру­дың
әу­е­ай­лақ­тың өрт сөн­ді­ру­ге қар­сы
қор­ға­ны дең­гей­і­нің жа­ри­я­лан­ған
са­на­ты­на сәй­кест­і­гі
Ескертпе:
(*) осы пайдаланушы үшін міндетті емес;
(-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жойылған жағдайларда немесе шектеулер енгізілгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергі сәйкессіздіктер;
(-3) пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін және өндірісті және сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.
Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі _____ парақ
Тексерушілер: ___________________________ ___________________________ ___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым:
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ______________
(қолы)            (Т.А.Ә.)
Сертификаттық тексерудің жүргізілген күні 200_ ж. "__" ______
Әуеайлақты сертификаттық тексеру бағдарламасын сәйкессіздіктер тізбесі ________________________________________________ (Өтініш берушінің атауы)
Сер­ти­фи­кат­тық тек­се­ру­дің
бағ­дар­ла­ма­сын­да­ғы сәй­кес-
сіз­дік по­зи­ци­я­сы­ның N
Сәй­кес­сіз­дік­тің
си­патта­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
Тексерушілер: ___________________________ ___________________________ ___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым:
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ______________
(қолы)            (Т.А.Ә.)
Сертификаттық
тексерудің жүргізілген күні   200_ ж. "__" ______

Қолданыстағы