О специальном городском пособии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О специальном городском пособии
- Атауы (қаз.)
- Арнайы қалалық жәрдемақы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 11.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2014 35383_183101.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07R000757_
- ЭКБ идентификаторы
- 35383
- Редакция идентификаторы
- 35383_183101
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:00
0 Арнайы қалалық жәрдемақы туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 52 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес, жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттары үшін 1,0 айлық есептік көрсеткіш көлемінде арнайы қалалық жәрдемақы белгіленсін:
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлерге;
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі созылмалы ауруымен ауыратын, бірінші топ мүгедектеріне;
Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар 1941 жыл 22 маусым - 1945 жыл 9 мамыр аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет жасаған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медалдарымен марапатталмаған тұлғаларға.
2
2. Жәрдемақының тағайындалуы үшін алғаш рет өтініш берген азаматтарға жәрдемақы тұрақты тұратын жерінде тіркелуі бойынша Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің аудандық басқармаларына (әрі қарай - аудандық басқарма) мына құжаттарды өткізген күннен бастап тағайындалады:
1 1) Өтініш;
2 2) Жеке куәлігінің көшірмесі;
3 3) Жәрдемақы алу құқығын беретін құжаттардың (зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының куәлігі) көшірмелері;
4 4) Салық төлеушінің тіркелім нөмірі куәлігінің (СТН) көшірмесі;
5 5) Тұрақты тұратын жері бойынша тіркелімін растайтын құжаттың (азаматтарды тіркеу кітабы) көшірмесі;
6 6) Жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті органдардағы шот нөмірі туралы мәлімет.
Жәрдемақының тағайындалуы үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Жәрдемақы алушының жеке ісіндегі құжаттар бойынша бұрын тағайындалған жәрдемақының мөлшерін қайта қарауды аудандық басқарма жүзеге асырады.