Құжат мәтініне өту

О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Аккольскому, Ерейментаускому, Аршалынскому, Целиноградскому районам и району Биржан сал

Қаулы · № 4С-2-9 · қабылданған 03.10.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35387/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Аккольскому, Ерейментаускому, Аршалынскому, Целиноградскому районам и району Биржан сал Қолданыста Қаулы ·№ 4С-2-9 ·03.10.2007
16.03.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Аккольскому, Ерейментаускому, Аршалынскому, Целиноградскому районам и району Биржан сал

Қолданыста Қаулы ·№ 4С-2-9 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Аккольскому, Ерейментаускому, Аршалынскому, Целиноградскому районам и району Биржан сал
Атауы (қаз.)
Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4С-2-9
Қабылданған күні
03.10.2007
Көрсетілген редакция
16.03.2018 35387_306582.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07B0003236
ЭКБ идентификаторы
35387
Редакция идентификаторы
35387_306582
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:01

0 Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Целиноград аудандары және Біржан сал ауданы бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 наурыздағы № А-3/96 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 наурыздағы № С-40-3 шешімі, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № а-5/159, 2007 жылғы 28 мамырдағы № а-5/160, 2007 жылғы 28 мамырдағы № а-5/161, 2007 жылғы 28 мамырдағы № а-5/162, 2007 жылғы 28 мамырдағы № а-5/163 қаулылары мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/5, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/6, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/7, 2007 жылғы 28 мамырдағы №С-41/8, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/9 шешімдері, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № А-201 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 42/1 шешімі, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № а-3/8 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы № С-42/8 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 58 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы № 235/36-3 шешімі негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 25 маусымдағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ақкөл ауданы бойынша:

1 1) Приозерный ауылдық округі мен Приозерное ауылы Жалғызқарағай ауылдық округі мен Жалғызқарағай ауылына;

2 2) Приозерный ауылдық округінің Лидиевка ауылы Тастыадыр ауылына;

3 3) Приозерный ауылдық округінің Қызылту ауылы Қайнар ауылына;

3 4) Ивановское ауылы Азат ауылына өзгертілсін.

2 2. Ерейментау ауданы бойынша:

1 1) Ақмырза ауылдық округінің Тимофеевка ауылы Ақмырза ауылына;

2 2) Бестоғай ауылдық округінің Ильинка ауылы Бестоғай ауылына;

3 3) Звенигородка ауылдық округі мен Звенигородка ауылына сәйкес Тайбай ауылдық округі мен Тайбай ауылына;

4 4) Күншалған ауылдық округінің Ленинское ауылы Күншалған ауылына;

5 5) Торғай ауылдық округінің Стаханово ауылы Қарағайлы ауылына өзгертілсін.

3 3. Аршалы ауданы бойынша:

Александров ауылдық округі мен Александровка ауылына сәйкес Жібек жолы ауылдық округі мен Жібек жолы ауылына өзгертілсін.

4 4. Біржан сал ауданы бойынша:

Үлгі ауылдық округінің Казгородок ауылы Үлгі ауылына өзгертілсін.

5 5. Целиноград ауданы бойынша:

Воздвиженка ауылдық округінің Новостройка ауылы Жаңа Жайнақ ауылына өзгертілсін.

6 6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы