Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов

Қаулы · № 18/02 · қабылданған 12.09.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35393/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов Күшін жойған Қаулы ·№ 18/02 ·12.09.2007
05.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов

Күшін жойған Қаулы ·№ 18/02 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов
Атауы (қаз.)
Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/02
Қабылданған күні
12.09.2007
Көрсетілген редакция
05.03.2013 35393_196448.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07K0001834
ЭКБ идентификаторы
35393
Редакция идентификаторы
35393_196448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:04

0 Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 21 бабы 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 1 тармағы  22-2) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелері бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің Төрағасы
____________ Н.К. Рахметов
01 тамыз 2007 ж.

4 Қарағанды облысы әкімдігінің

2007 жылғы 12 қыркүйектегі
N 18/02 қаулысымен бекітілді
Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
ережелер

1

1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 21 бабы 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 1 тармағы 22-2) тармақшасына сәйкес әзiрленді, Қарағанды облысының аумағында бiр жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомаларды толық жинауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2

2. Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомаларды толық жинауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты "Қарағанды облысының бір жолғы талондарды беру жөніндегі басқармасы" ММ, оның Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларындағы филиалдары және жоғары аталған мекеменің қызметкерлері (бұдан әрі - уәкілетті тұлғалар) ұйымдастырады.

3

3. Бір жолғы талондарды беру "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 30 қарашада 1685 нөмірмен тіркелген).

4 4. Уәкілетті тұлғалар:

1 1) бiр жолғы талондардың түбiршектерiн толтырудың толықтығын, дұрыс толтыруын және сақталуын;

2 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте берiлген бiр жолғы талондардың сомасын бюджетке уақытында және толық аударуды;

3 3) Бiр жолғы талондарды берудi (алуды) тiркеу журналында бiр жолғы талондарды берудің есебiн жүргiзудi;

4 4) бір жолғы талондарды беру бланкілерінің және қолма-қол ақшаның сақталуын;

5 5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша есептiден кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей ай сайын салық органына мынадай мәлiметтердi берудi:

кәсіпкерлік қызметі бір жылда 90 күннен асатын жеке тұлғалар бойынша;
бiр жолғы талондардың пайдаланылған және бүлiнген бланкілері туралы;
бір жолғы талондардың қалдығы туралы;
бір жолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
жеке тұлғалар бір жолғы талондарды сатып алған 30 күннің аяқталатын күні туралы.

6 6) есептіден кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей ай сайын салық органына бір жолғы талондардың түбіршектерін, бүлінген және пайдаланылмаған бір жолғы талондардың бланкілерін тапсыруды.

7 7) жыл сайын бір жолғы талондар бланкілерінің қажеттілігі туралы салық органдарына өтініш ұсынуды қамтамасыз етеді.

5 5. Бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылған талаптарды бұзғандары, бір жолғы талондарды белгіленген соманың мөлшерінен төмен беру немесе бермегендері үшін уәкілетті тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік артады.

Қолданыстағы