Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения жеребьевки о включении наименований политических партий в избирательный бюллетень

Қаулы · № 15/214 · қабылданған 12.07.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3541/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения жеребьевки о включении наименований политических партий в избирательный бюллетень Қолданыста Қаулы ·№ 15/214 ·12.07.1999
23.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения жеребьевки о включении наименований политических партий в избирательный бюллетень

Қолданыста Қаулы ·№ 15/214 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения жеребьевки о включении наименований политических партий в избирательный бюллетень
Атауы (қаз.)
Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15/214
Қабылданған күні
12.07.1999
Көрсетілген редакция
23.12.2015 AI3541_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000844_
ЭКБ идентификаторы
3541
Редакция идентификаторы
AI3541_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:02

0 Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
📌 Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1 1. Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің ұсынылған Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

3 Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесі

Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 1999 жылғы
13 шілдедегі N 15/214 қаулысымен
бекітілген
Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесі

1 1. Саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атаулары жеребе арқылы анықталған ретпен енгізіледі.

2 2. Жеребе тарту Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) отырысында өткізіледі.

📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Жеребе өткізілген кезде партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың өкілдері қатысады.

4 4. Жеребе өткізудің төмендегі тәртібі белгіленеді:

1 1) Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (келісім бойынша) мөлшері мен түсі бірдей конверттерге тіркелген партиялардың санымен тең реттік нөмірлер жазылған парақтарды салады. Бір конвертте нөмір жазылған бір ғана парақ болады;

2 2) конверттер мөрленіп, араластырылып барлық қатысушылардың көз алдындағы стол үстіне орналастырылады;

3 3) әр саяси партияның өкілі кезекпен столдағы кез келген конвертті алып оны ашады, парақта жазылған нөмірді көпшілікке жария етеді;

4 4) конверт ішіндегі нөмір - саяси партияның сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі болып табылады.

5 5. Жеребені өткізудің нәтижесі хаттамаға енгізіліп, оған қатысып отырған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қолдарын қояды.

Қолданыстағы